№7 Шілде, 2023
Аннотация
Халық жағдайының өте қиындаған кезіндегіАлаш азаматының біреуі бірнеше кісіге жүк боларлық үлкен істерді тындырғаны жайлы, халықтың мұң-зарын көрген сол заманның ірі реформаторы, лингвистика саласындағы ісдегі ерлік, көрегендік еңбегі айырықша зор екені ту- — wp:paragraph —>
Түйін сөздер: мемлекеттік баспахана, баспагер, полиграфиялық база, редакциялық алқа.
Халқы аялап, ардақтап, туғанына 150 жыл толуын биыл ЮНЕСКО көлемінде атап отырған Ахмет Байтұрсынұлы ғұлама ғалым, лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, ақын, аудармашы, қазақ баспасөзінің іргесін қалаған журналист, композитор, қоғам және мемлекет қайраткері болумен қатар ол ұлтымыздың Бас баспагері болған.
& осіз батыл ашық түрде әшкерелегені үшін қуғын-сүргінге ұшырап, жер аударылған Ахаң 1910 жылдың басынан 1917 жылдың аяғына дейін Орынбор қаласында тұрады. Міне, осы бір шақта ілгеріде «Мңін, оның аз-ақ алдында Санк-Петербургте 1909 жылы «Қырық мысал» атты классикалық жинағын шығарып та үлгерген-ді, ал 1913 жылдың науырызынан бастап дана Мұхаң Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтсақ, ұлтымызды ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газетін шығарып, содан 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның редакторы болады.
Газет шығаруда бірегей бай тәжірибе жинақтаған Ахаң қазақ кітабының тұңғыш Мемлекеттік баспасының шаңырағын өз қолымен көтеріп, тағы да бір игі істің бастаушысы болды. Осы арада ұзақ жылдар бойы жұрт назарынан тасада қалып келген ардақты Ахаңның кітап баспасы ісінің қайраткері ретіндегі ерлік, көрегендік еңбегі айырықша зор екені туралы шындықтың шет-жағасын болса да сөз етудің орайы келіп тұр.
Қазақ Автономиялы Республикасы Оқу-ағарту комиссары, осы комиссариаттың жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, әрі Қазақ өлкесі Төңкеріс комитетінің мүшесі, Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің мүшесі ретінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мемлекеттік кітап баспасының алтын діңгегін көтерумқал тақырыптың әр қырын таратыңқырай айта түсейік.
егҚазақ бөлімінің Бөкей бөлімшесі 1919 жылдың жазында баспаханасымен Ордадан Қазақ Автономиялы Республикасының болашақ астанасы Орынборға көшірілді. Сөйтіп күн тәртібінде Орынборда кітап баспасын ашу мәселесі тұрды. Алғашқы қадам ретінде өлкенің мәдени қызметкерлерінің біріккен мәжілісі шақырылып, бұл мәжіліске Төңкеріс комитетінің мүшелері — Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхамедьяр Тұңғашин, Әлихан Бөкейханов сынды белгілі қазақ қайраткерлері қатысты.
Төңкеріс комитетінің қаулысын толық көлемінде қалтқысыз жүзеге асыру ниетімен Орынборда газетпен қоса, қазақ тілінде кітаптар басып шығару ісін қызу қолға алған А.Байтұрсынұлына жұмыс барысында түйіні қиын көп мәселелерді тікелей өзінің шешуіне тура келді. Жаңа брыптық жоспар жасаудың шығы Ахаңның мойнына түсті. Бір кезде өзі алты жыл бойы шығарған «Қазақ» газеті басылып келген баспахананың құрал-жабдықтарын I армияның штабы иемденіп кеткенін білді. А.Байтұрсынұлының табандылық көрсетіп, талап етуімен бұл құрал-жабдықтар Төңкеріс комитетінің қарауына қайтарылып берілді.
1920 жылы тамыз айында Қазақ Автономиялы Республикасы құрылуына байланысты мемлекеттік баспаны ашу ісі жеделдетіле түсті. Бүкілресейлік мемлекеттік баспа мандатымен Мәскеуден орынборға баспа ұйымдастыруға көмектесу үшін Валид-хан Таначев деген өкіл де келді. Тұңғыш баспаны баспаханамен және қарып құю машиналарымен, қағазбен, т.б. қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар толассыз жүзеге асырылуымен болды, осының бәрі Ахмет Байтұрсынұлының іскерлік басшылығымен жүргізілді.
< <азақ Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы (төрағасы Сейтқали Мендешов) Қазақ Автономиялы Республикасының мемлекеттік баспасы туралы Ережені дебаміндеттері айқындалды. Қазақ Автономиялы Республикасының Орынбордағы тұңғыш мемлекеттік баспасы, қазіргі «Қазақстан баспасы дүниеге осылай келген еді. Жаңа баспаның қаз тұрып, тез қалыптасып кетуі де Ахмет Байтұрсынұлының есімімен нық байланысты. Баспа қызметін тез арада жолға қою міндетін, соның ішінде бірінші кезекте мектептерді қазақ тіліндегі оқулықтармен қамтамасыз ету жөніндегі міндетті Қазақ Республикасының үкіметі баспа жанындағы редакциялық алқаға жүктеді. 1920 жылғы желтоқсаннан бастап оның құрамына А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханұлы, С.Садуақасов, Ж.Аймауытұлы кірді. Редакция алқасы Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен Ахмет Байтұрсынұлының мысалдар жинақтарын жедел түрде бастырып шығаруды ұсынды.Архивте Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінде оқулықтар жазу және аудару мәселесі жөнінде 1921 жылғы 31 қаңтарда өткізген Біріккен кеңестің мәжілісі № сі Ілдес Омаров, Биахмет Сәрсенов, Жүсіпбек Аймауытұлы, Сәкен Сейфуллин, Әлихан Бөкейханұлы, Сабыр Айтхожин және басқалары қатысқаны осы хаттамада атап айтылған. Біріккен кеңестің төрағасы Ахмет Байтұрсынұлы және хатшысы Б.Сәрсенов болған. Кеңес он екі тармақтан тұратын өте маңызды шешім қабылдаған. Онда қазақ тілінде оқулықтар дайындау және шығару жөнінде шұғыл шаралар белгіленген.
Қазақ мемлекеттік баспасында Сәкен Сейфулиннің «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолында» пьесалары, оның «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы және «Қорғансыздың күні» әңгімесі алғашқылардың бірі болып жарық көрді.
Іле-шала ұлтымыздың мақтанышы академик Қаныш Сәтбаев ел аузынан жазып алған «Ер Едіге» қаһармандық эпосы, Ахмет Байтұрсынұлының «Баяншы» (Оқу құралы) оқулығы, сондай-ақ Міржақып Дулатұлының «Есеп құралы» (Арифметика) қазақ оқырмандарының қолына тиді. 1922 жылы Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құрал» , Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты оқу-методикалық құралы жарық көрді. «Тіл құрал» сәті түсіп, осыдан кейінгі жылдары Орынбкелды. Ал Мағжанның «Педагогикасы» 1923 жылы Ташкентте екінші мәрте шықты.
Тек 1992 жылы ғана «Ана тілі» баспасынан профессор Ш.Р.Елеукеновтың алғы сөзімен осы оқулықты үшінші мәрте басып шығарды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Шериаздан Елеукеновтің деректеріне сүйенсек, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтардың қалдырған бір тамаша дәстүрі бар. Олар жасөспірім ұрпақ үшін оқулық, оқу құралдарын жазуды өздерінің азаматтық борышы санаған. Міржақып өзі ақын бола тұра, арифметикадан қазақ тілінде тұңғыш “Есеп құралын” жазды. (Орынбор, 1914, 80 бет. 3000 дана). Оқулық 1915 жылы қайта басылды. Жоғарыда аталған бүгінде қапастан шыққан кітаптардың біразы кітап музейіміздің сөрелеріне қойылған еді.
Орынбордың өзінде тақырыбы мен жанры жағынан бай қазақ кітаптарын, соның ішінде оқу құралдарын бастырып шығару ауқымы келе -келе ұлғайтылуымен қатар, Мәскеуде де ондай кітаптар шығарылып, тұрды. Бұл арада да Ахмет Байтұрсынұлының қазақтың «23 жоқтау» жинағын құрастырып, «Ер Сайын» жырын бір ізге салып Мәскеуде шығарғанын айта кету керек. Мәскеуде 1922/23 оқу жылының өзінде ғана қазақ тілінде 14 оқулық шықты, олардың ішінде Грамматика, Физика, Алгебра, Педагогика бар.
Қазақ топырағында алғаш шаңырақ көтерген мемлекеттік баспаның іргесін қалап, оның қанат қағып дамуын өз қолымен атқарған Ахаң – қазақтың ұлттық журналистикасының пайғамбары ғана емес, сонымен бірге ұлтымыздың көш бастаған тұңғыш Бас баспагері!
Оның қоғамдық-саяси қызметі, шығармашылық қам-қарекеті немесе ғылыми-зерттеу ізденістері — бәрі ұлт тұтастығы мен халық бірлігін нығайтуға, оның мәдениеті мен ғылым-білімін жетілдіру арқылы туған елін өркениетті мемлекеттер қатарына қосуға арналд ұды.
Өмірәлиева Сәуле Керімбайқызы, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының аға ғылыми қызметкері, ҚР Мәдениет қайраткері