№7 Шілде, 2023
Қазақ жері ежелден шұрайлы, көз тартарлық табиғатымен көзді баураған ұлан-ғайыр мекен. Ата-бабамыздан қалған жазира даламыз бен көне ескерткіштеріміз шетелдіктердің қызығушылығын тудырумен келеді. Туризм саласының дртлсақ, елімізге үлкен олжа келері сөзсіз.
Бүгінде қазақстандық азаматтардың шетелде көбірек демалып, жаз айларында шекара асатыны жасырын емес. Журналист Дана Нұрмағанбетқызы туризм хақындағы мақаласында: «Жыл сайын демалыс кезінде шетел асып, демалуды ұнататындар көп. Әрине, бұл әлемдік үрдіс. Өзге елді, бөтен аймақты, заманауи қалалары мен тарихи мекендерін көргісі келетіндер, әрине, баршылық. Бір елден екінші елге саяхаттау кінә емес. Десек те, мұның арғы жағында экономикалық пайда мен зиянның қатар тұрғанз тистикаға жүгінсек, 2018 жылы шетелге саяхаттаған қазақстандықтар 2,6 млрд долларды өзге елге «жем қылған». Бұл аз қаржы ма? Қалталылар шетелге не үшін барады? Мұның түрлі себептерінің бірі – ішкі туризмнің дамымауы» деп пікір түйеді.
Шынында, әсем табиғатымен, дархан даласымен ерекшеленетін аймақтарымызда туристергі жайлы орындар салу, оларды насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілуі тиіс. Бұл кезек күттірмейтін мәселе.
Спортшы Нұрбақыт Теңізбаев бір пікірінде: «Спортшы болған кезімізде әлемнің түкпір-түкпіріне бардық. Қаншама жер көрдік. Теңіз көрдік, тау көрдік дегендей. Бірақ, өзімізде де сондай жерлер бар. Елімізде демалатын, сауықтыру жұмыстарын жүргізетін тамаша өңірлер, санаториялар бар. Қит етсе басқа елде демалып, жиындарды да өзге елдерде өткізіп, спортшыларымызды басқа жаққа сауықтыруға жіберіп жатамыз. Өз мүмкіндіктерімізді пайдаланғымыз келмейді. Мынау Жетісуда табиғаты тамсануға тұрарлық, салқын самалы мен қара суының өзі шипа болатындай өңірлер көп» деген сөзі көп жайттан хабар берері анық.
Алматының ауа-райы, тұмса табиғаты осы күнге дейін шетелдік туристердің қызығушылығын тудырып келеді. Мәселен «Үлкен Алматы көлінің» өзі неге тұрады? Неге бұл мекенге биік ғимараттар орнатып, туристердің емін-еркін демалуына жол ашпасқа? 2014 жылғы мәлімет бойынша жаһан қалаларының ішінде тамашалауға тұрарлық қалалар ішінде Алматы қаласы жетінші орынға кірген. ТМД елдері бойынша 2015 жылы Алматы қаласы демалушылар үшін ең көрікті қалалардың бестігіне кіретіні жарияланды. Халықаралық ірі басқосулар мен спорттық шараларға келген қонақтар Алматының ерекше табиғатына, халқының қонақжай һәм мейірбандығына бас иетіні жасырын емес. Мәселен, «Жаркент-Арасан» сауықтыру кешенінде радон суы мен балшықпен емделуге болатынын білеміз. Жылдың қай мезгілінде болсын, шипажай суы 36-37 градуста, жылы күйінде шығады. Ішінде өте пайдалы минералдар бар. Жүрек қан-тамырлары мен асқазан, бүйрек, ішкі ағзалардың барлығына дерлік тазартады. Сонымен қатар тері ауруларына да пайдасын тигізеді. Осы шипалы сауықтыру орынын жеткілікті деңгейде насихаттап, сырттан туристер тарту ісі жоғарғы деңгейде қолға алынса нұр үстіне нұр. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын киелі Түркістан қаласына 800 мыңға жуық турист барады. Оңтүстік Қазақстан ежелден тарихи-мәдени орындарға бай, көне қорымдар мен әулиелер шоғырланған мекен. Түркістан қаласында бағзы заман мәдениетінің көріністері ретінде танылған әлемге әйгілі тас ескерткіштерді, көне Сайрамның ескерткіштерін, Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттық пен қолөнершілердің ордасы Отырар қаласын, Қожа Ахмет Яссауи кесені мен Арыстанбаб кесенесін тамашалауға болады. Бірнеше жыл бұрын Түркістан қаласының үлкен орталыққа айналып, мемлекет тарапынан көңіл бөлінуі – туристердің молаюына септігін тигізгені талассыз ақиқат. «Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов журналистерге берген сұхбатында: «Біздің азаматтарымыз барынша көбірек Қазақстандағы демалыс орындарын таңдауда. Өзінің бір демалысын Қазақстанда өткізуге ниетті адамадар саны көп. Шетелге жылына үш рет шыға алатын адамдар бар, бірақ олар кемінде бір демалысын Қазақстанда өткізеді. Туризм түрлері бойынша беталыстар туралы айтатын болсақ, әлемде этнографиялық және саяхатшылық туризм кеңінен танымал болып келеді. Егер эко және этнотуризм әрқашан қызықты болса, аdventure-туризмге сұраныс жыл сайын 46%-ға дейін артуда» деген сүйінші хабарын жеткізеді. Шынында, еліміздегі Алакөл, Бурабай сынды орындарда жыл сайын туристер артып отыратынына сеніміміз кәміл. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетеріміз сөзсіз. Орайы келсе, шипалы сауықтыру орталықтары мен тарихи орындарға көбірек тас жол (асфальт) төселіп, электр желілері тартылып, гүлзарлар егілсе, қонақүйлер салынып, су құбырлары жүргізілсе туристер келуіне ыңғайлы болары белгілі. Бір ғана әулиелер елі атанған Маңғыстау жеріне табан тіреушілер саны жоғарыдағы жағдайлар жасалар болса, күрт өсер еді.
Қорыта айтқанда, елімізде шетелдіктердің көңілінен шығатын жайқалған мекендер, көне есткерткіштердің саны мол. Егер осы орындар күрделі жөндеулерден өтіп, тиісті деңгейде насихатталар болса жоғарғы нәтижеге қол жеткізеріміз айқын.
ТОРТАЙ БЕКЕТ