№7 Шілде, 2023
Керамика тарихы он мыңдаған жылдарды қамтиды, ол адам қолданған алғашқы материал болып саналады. Керамикалық ыдыстардың пайда болуы мен таралуы адамдардың отырықшы өмір салтына көшуімен тікелей байланысты. Зерттеушілер алғашқы ыдыстарды тұрмыстық мақсатта, сақтау және тамақ дайындау үшін пайдаланған деп болжайды. Кейіннен қыш ыдыстар салтанатты және діни рәсімдерде қолданыла бастады.Жаңа материалды меңгеру процесі бір мыңжылдықтан астам уақыт бойы жетілдіріліп, біртіндеп дами түсті. Керамиканың артықшылығы – төзімділігінде болды. Тарихымызда археологиялық ескерткіштер ішінде ежелгі дәуірлердің негізгі айғағы болып табылатыны керамикалық ыдыстар саналады. Ыдыстың жасалу технологиясына, оның пішініне, ою-өрнектеріне және оны қолдану әдістеріне сүйене отырып, зерттеушілер белгілі бір археологиялық мәдениетке тән керамикалық бұйымдардың түрін анықтайды.Елді мекендер мен қорымдарды қазу кезінде қыш құмыралардың, тостағандардың сынықтары басқа заттарға қарағанда жиі кездеседі, сондықтан керамика кез келген дерлік музейдің археологиялық коллекциясының негізгі үлесін құрайды. Дегенмыдойламау керек. Керамикалық бұйымдардың ассортименті айтарлықтай кең болды.Мысалы, керамикалық олжалардың негізгі санаты қол жууға және салт – дәстүрлік ғұрыптық ыдыстар.
Керамика ыдыстарының прототиптері батыс еуропалық акваманилдер (латынның «aqua» – су және «манус» – қол сөздерінен шыққан) болды, өз кезегінде, еуропалықтар исламдық мәдениет дамытқан шығыс шеберлерінің құнды қола ыдыстарына еліктей отыра XI ғасырдан бастап ортағасырлық крест жорықтары дәуірінде кең танымал бола бастады. Крест жорықтары дәуірі басталып, рыцарьлар әр түрлі пішінді ыдыстар дәстүрін Шығыстан Еуропаға әкелді. Еуропа мәдениетінде мұндай ыдыстар, соның ішінде үйрек тәрізді пішінді ыдыстар акваманилдер деп атала бастады.Қол жууға арналған еуропалық ыдыстар әртүрлі дизайнмен таң қалдырады.
Акваманилдер зооморфтық немесе антропоморфтық бейнеде кездеседі, қарапайым керамикалық ыдыстың су ағар бөлігі ғана безендірілген – олар алуан түрлі жануарлардың стильдендірілген бейнелері пішінде жасалған. Әсіресе осы бейнелер ішінде үйрек танымал болды. Ұшатын, жүзе алатын, тіпті жерде жүре алатын бұл құс үш әлемнің – жердің, судың және аспанның біртұтастығын бейнелейтін, ғаламның толық үлгісіне айналды. үйректің ұшу қабілеті – Жан идеясының онымен байланысты болуына себеп болды. Оның су элементіне қатысуы үйректі құнарлылықтың символына айналдырды. Сонымен қатар, үйрек жұмыртқа мен көбейетін, өмір беретін, кейбір халықтардың мифологиясында әлем құстың жұмыртқасынан басталғаны да кездейсоқ емес. Осылайша, тіпті жаңа жыл, қайта туылу идеясы онымен байланысты болды. Үйрек түріндегі ыдыстардың, әрине, ғұрыптық маңызы ерекше болды. Ең көнелері Таяу Шығыста, қола дәуірінде кездеседі.Этрусктар мен ежелгі гректер де үйрек пішінді ыдыстарды көп кездестіруге болады. Славяндық қол жууға арналған ыдыстар монотонды болды. Суқұйғыш пішіні мүйізі бұралған қошқардың басы түрінде жасалған, оны біз XVI-XVII ғасырларға жатакөк пішінді ыдыс жасау дәстүрін сәтті сақтап келеді. Орталық Азияда үйрек тәрізді ыдыстар – үйрек (қазақ), урдақ (өзбек ), мургоби (тәжік ) деп аталады. Үйрек пғак бейнесін сақтай, танымалдылығын жоғалтпады және де кәдесыйлардың негізі бір түріне айналды.
«Ұлы Дала Елі» орталығы
Д.Тауасарова