№7 Шілде, 2023
Әлем әдебиетінің көкжиегіне көз салсақ, культке айналған алыптар легі қарауытады. Әрбірінің өз есімін даңқ аспанына көтерген шығармасы бар. Мәселен «Иллиада» мен «Одиссей» дегенде Гомер, «Гамлет» дегенде Шекспир, «Дон Кихот» дегенде Сервантес, «Фауст» дегенде Гете, «Лаура» дегенде Петрарка ойға оралады. Ал, қазақ ақындарына ойыссақ, әрбіріне тән ерекшелік, тақырыптық алуандық көреміз. Соның іінқырар, поэзиямызға «Ләйлә» есімін әккелген ақын бар. Ол – Жұматай Жақыпбаев.
Ләйлә тақырыбының түп-тамырын ежелгі Шығыстан көреміз. «Ләйлі мен Мәжнүн» дастаны арқылы мәшһүр болған бұл есім Әлішер Науаи, Физули сынды Шығыс ақындарының қаламымен әлемге жайылды, оқырманға етене таныс болды. Алайда Жұматай ақынның Ләйләсы Шығысқа да, Батысқа да ұқсамайды. Өйткені ақын өлеңі бірыңғай ұлттық рухпен өрнектелген. Ұлттық поэзияның ерекшелігі, ұлттық ойлау жүйе мен рух, бай тіл мен кенен сезім, ұлпа жан күйдің сақталуында. Жұматай Жақыпбаев – ұлттық ақын. Қадыр Мырза Әлі айтқандай, «ұлы ақындар көп болғанымен, ұлттық ақындар ысың негізгі міндеті де ұлттың қуанышы мен мұңын тереңнен сезініп, сол ұлттың өзіне айналудай көрінеді.
Жұматай ақын жырларында ұлттың рухы самсап тұр. Оқығанда бірден елітіп, кейде иіріміне р.зақ поэзиясында культке айналған аз тақырыптың бірі.
«Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ,
Мойнына жұқа алқызыл шарф байлап ап.
Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен,
Алыстан тұрдың көзқарасыңмен аймалап.
Қарадың солай, қарадың солай, обал не,
Қарамадың ба, жоқ әлде?»
Әр ұлттың махаббат өрнегі, махаббатын жеткізу жолы әртүрлі. Мәселен, Аполлинердің ғашықтық жырлары мен Пушкиннің сезім әуездері екі басқа. Екеуінен екі ұлттың иісі, танымы білінеді.
«Кермиығым, мен сені кеш аңсадым,
Қаншама рет тоқтады десеңші әнім.
Ен дәулеттен айрылған сияқтанам,
Еске түссе ессіз күн, есер шағым.
Жұтқызбаған жұпарын жалбыз едің,
Жалбыз едің, жанымның жалғызы едің.
Кербез күшпен келдің де билеп алдың,
Келбетіңмен кеудемнің жанды жерін».
Міне, қазақ өлеңі, қазақ жыры! Өлеңдегі «кермиығым» сөзі тек қазаққа тән, қазақ қызына ғана жарасар ұғымдай көрінеді. Өйткені қазақ қызының иба-әдебі, қылығы, тәрбие-тәлімі, ерке-естілігі басқа халыққа ұқсамайды. Жан дүниесі жанашырлық пен мейірімділік құтысындай ырғала басқан ұлттың ақкербез сұлуы табиғат ананың тамашасындай, Тәңірдің құйылып түскен жырындай. Жұматай Жақыпбаев әзиз сұлулықты өз дәрежесінен төмен жырлаған емес. Шебер, әуенді, кілең сақа сөздер жұптасқан зәулім жырлар әп дегенде ішке еніп, баурай береді.
«Әлемнің ажары едің,
Кідірсең аздаған жыл.
Мен саған жазар едім,
Адамзат жазбаған жыр».
Осы бір шумақтағы ой қуаты, жан тілі еріксіз көңіл идіреді, махаббатына сендіреді. Ләйләні «әлемнің ажарына» теңеген ақынның жүрек бұлқынысы терең, ғашықтығы кәміл. Кіршіксіз, пенделіктен ада, тұмса, тұма алғашқы махаббатты еске салады. Сірә, адам ғашық болғанда немесе шынайы қайғырғанда ғана өзінің бастапқы алғаусыз болмысын тапса керек. Катарсис арқылы жүрегіне жақындай түссе керек.
«Өзіме кездескенге,
Мен сені жыр қыламын.
Басыма енді еш кезде,
Қонбайтын нұрлы бағым!»
Жұматайдың «Ләйләсі» – алдағы туар сан ұрпақ көзімен жаңаша көрініс таппақ, жаңаша сезілмек. Әр буын өз махаббатын Ләйләдан таппақ. Тұтас әлем сұлулығын Ләйлә арқылы бедерлеген ақын жаны ғасырдан-ғасырға көшер, қаңсыған жерге гүл егер, өшкенді жандырар…
Тортай Үсен