№7 Шілде, 2023
Дана халқымыз «су ағады, тас қалады» дейді. Шынында, зырғып аққан уақыттан қалатын жоғарғы құндылық – өлмес өнер. Моцарт, Бетховен, Ақан сері, Нұрғиса әуендері өміршеңдбан» қазақ вальсі корольінің орны ерекше.
Енді саған өшпес, өлмес атақ, данқтың кезегі
Келгендігін досың, түгіл қастарың да сезедіыр, Шәмші Қалдаяқов мұрасы, ақжайнақ әндері жұрт жадында. Ол әндерде ақ маңдайлы арудың күлкісі, адамдардың игі жаны, ынтызар жүрегі, қимастықтан көз тостағанына жас толған ғашық тұрпаты бардай. -бн, көрсе құшақтаса кететін мейірбан адамдардың көңілінен құралғандай. Гуманизм маршы, жан ерлігі, тазалық сазы менмұндалайды.
Әлқисса, «Ақ бантик» әнінің тарихына тоқталмақпыз. Осынау адамның мөлдір шағының ескерткішіндей тұмса ән санадағы естеліктер зиратын оятады. Есті тыңдарманның ар-ожданын тірілтіп, тау бұлағындай таза шағына сапар шектіреді.
Балауса қыз едің бір кезде,
Шашыңа ақ бантик байлаған.
Өзгеріп кетіпсің бұл күнде
Көркіңе көз тастап ойланам.
Бала болып көрмеген адам болмайтыны секілді, балалық әуеніне елтімейтін адам жоқ. Ендеше ән өміршеңдігі де мәңгілік тақырыпты өзек ете білуінде. Хош, сол кездегі жігіт ағасы Шәмші Қалдаяқов пен бозбала Мұхтар Шахановтың досы Қаражан Әбләзімов көптен аңсаған ғашығы Патима Төрехановамен шаңырақ құрады. Патима – 11 сыныпты енді ғана бітірген ерке, мөлдір, ашаң жүзді ару екен. Мектеп бітіргеніне 12 күн ғана болған балауса қыз ақ бантигін ақ орамалға айырбастап, үлкен өмірге қадам басады. Киелі Түркістан қаласындағы қарашаңырақта өткен думанды тойға Шәмші мен Мұхтар құтты қонақ болады. Қос дарын бір апта бұрын тойға арнап ән жазуға кіріседі. Достары Қаражанның жұбайы жаңадан мектеп бітірген балаң ару екенін естіп, ақын мен сазгер «Ақ бантик» әнін дүниеге әкеледі. Ақыры ән жолдастарының үйлену тойына тарту етіліп, тұңғыш рет қалың көпшілік алдында орындалады. Патима апаның айтуынша, әу баста, әннің сөзі өзгеше болып, кейін өзгертілген екен.
–Шәкең де, Мұхаң да Қарекеңнің жас күніндегі жолдасы болды. Біз үйленбей тұрып та Мұхаң екеуі бір қолдың сағасындай ауызбірлікте комсомол комитетінде қатар еңбек еткен. Мені ол кісілер тойда бір-ақ рет көрді. Ал әнді суретіме қарап отырып жазыпты. Тойдың алдында Қарекеңнің бір топ жора-жолдастары сол «ПАЗ-икке» мініп, улап-шулап осы әнді шырқап келгені күні кешегідей есімде. Ал тойда барлығы қосылып шырқады. Балтагүл деген қайынсіңлім «баянның сүйемелдеуінде алғаш рет мен шырқағанмын» деп айтады. Ол кезде тым жаспын, әнге аса мән бермеппін. Бұл ән солайша ел арасына тарап кетті. Өзім мақтангершілікті жаным сүймейді. Бір мен емес, барлық ақ бантикті қыздарға арналған ғой. Ел іші болған соң түрлі әңгімелерді естиміз. Ән жарыққа шыққан бойда өзін кейіпкер етіп, әннің дүниеге келуіне себепкер ретінде көрсеткен базбіреулер оның шығу тарихын бұрмалаған да кездер болды. «Шәмші біздің үйге жиі келетін. Мен ол кезде ақ бантик киген кішкентай қыз едім», «Ақ бантик тағып жүрген мына маған Шәмші ән жолдаған», т.с.с. жалған сөздер желмен бірге елге кеңінен таралып, ән тарихы ескерусіз қалды. Арналмаған нәрсені қалай арналды деп айтатынын түсінбедім. Өзім ешкімге мақтанып айтқан емеспін,–дейді Патима Төреханова.
Иә, бүгінде үш ұл мен екі қыздан он екі немере сүйіп отырған өнегелі әженің ішке бүккен сыры мол. Сол тұста небәрі жиырманың бесеуіне жаңа іліккен Мұхтар Шахановтың сезім пернесін қозғаған тұмса сурет бүгінге жетті. Талай жүрекке гүл еккен абзал шығарманың тууына себепкер болған сурет еді ол.
Жылдардың еркіне бағындың,
Жылдарға қол создың, жан құрбым.
Белгісін балалық шағыңның,
Айтшы, сен қай жерде қалдырдың?
Әркім балалық өмірдің асқақ жалауын әр тұсқа қалдырар, ойлы адам өмір бойы сол жалауға қарап бой түзеп өтер. «Алғаш рет жүрегіңде бүршік атып, тамыр жайған қасиетті де, парасатты ізгілікке сен» деген даналық сөз тегін айтылмаса керек. «Ақ бантик» әні – адамды пәк шағының өзеніне шомылдырар қайталанбас туынды екені талассыз ақиқат.
Тортай Үсен