№7 Шілде, 2023
Тәуелсіз елдің әр азаматы мына мәселені жақсы білгені ләзім. Мемлекеттік тіл дегеніміз мемлекетіміздің бүкіл аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық салаларында пайдаласқ іскерлік әкімшіліктер тілі.
Бүгінде елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту, сонымен қатар Президент Жолдауындағы көрсетілген нұсқауларды жүзеге асыру мақсатында өткен айда Ақтөбе облыстық сотының коллегия төрағасы Әлібек Ахметов облыстық прокуратура өкілдерімен, хұқық қорғау орындарының бірінші басшыларымен, адвокаттармен Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшыі өңгелек үстел кездесуін өткізді.
Коллегия төрағасы өз сөзінде сот өндірісінде мемлекеттік тілді қолдану сот үдерісіне қатысушылардың хұқы мен еркін қамтамасыз етудің заңдық кепілдігі екенін атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы « Байсалды қоғамдық диалог Қазақстанның бірқалыптылығы мен гүлденуі» мәселесінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналып келе жатқанының негізі екеніне ерекше тоқталып өтті.
Бұл кездесуде сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мемлекеттік тілді дамыту жөнінде өткізген конференцияда талқыланған ұсыныстар мен жобаларды жүзеге асыру жолдары ортаға салынды.
Дөңгелек үстел кездесуінің соңында коллегия төрағасы Әлібек Ахметов мемлекеттік тілдің мерейін арттыруға үлес қосу әр азаматтың ортақ парызы екенін айта келе жиынға қатысушыларды қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту ісіне бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Айнижамал Сүндет,
Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің бастығы