№7 Шілде, 2023
Осы бір еңселі зәулім ғимаратқа кіріп шыққасын еңсені езген ауыр ойдан едәуір уақыт өткенше арыла алмай дел-сал күйге түсесің. Кімді кінәларыңды білмей екілыНеге олай екеніне сәл кейінірек…
Алматы облысы Талғар ауданының Жаңалық ауылындағы өткен ғасырдың 3Реа-қайта қолдан жасаған ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш осыдан 26 жыл бұрын ашылған болатын. Одан кейін сол саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай ашылғалыжы20 жылы басталған сұрапыл індет кезінде бұл мұражай жұмысы едәуір саябырлап қалды, сонда да болса қазаққа қарсы қолдан жасалған қуғын-сүргіннің құрбаны болғандарды, беймағлұм боп із-түзсіз кеткендерді іздестіру ол шақта да толассыз жүргізіліп жатты. Осы мұражайдың жанында сәулеткерліктің ерекше бір нышанындай әсем де биік мешіт ғимараты тұр. Ал енді осы мешітті салуды Өзбекстаннан келген Абай Әсетұлы Жұмахан деген азамат өзі бастап қыруар қаржы жұмсап көп ұзамай мұсылман қауымға табыс етті. Көп аса сөйлей қоймайтын сабырлы жігіт бұл істе Қанат деген өзі сияқты ата-бабамның туған жеріне жетсем деп өзі дүниеге келген Түркіменстаннан көшіп келген Қанат деген жігіттің қаржылай көрсеткен көмегін айтып отырады.
Мұражай жанындағы мешіт туралы бір сөзінде көп жылдан бері қазақ халқының басына түскен алапат ашаршылық, ату-асу, қуғын-сүргіннің түр-түрін зерттеп, жамағатқа жариялап үлкен-үлкен мақалалар жариялап, сол зұлматтар мен зобалаңдар туралы өзі басқаратын «Арыс» баспасынан толып жатқан кітаптар шығарып тынымсыз мехнат шегіп жүрген профессор Ғарифулла Әнес былай дейді.
–Осы мешітке ұлт көсемі, ұлт ұстазы, ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың есімін беруге қалай қарайсыз деген сауал қойғандар да болды. Мен оларға бұл жерде жазықсыздан-жазықсыз айыпталып атылып кеткен 4100 адамның сүйегі жатқанын, олардың бәрі Кеңес Одағы деп аталған қандықол мемлекеттің құрбандары екенін, олар күні бүгінге шейін іздеушісіз, жоқтаушысыз ел есінен шығып келгенін сондықтанда бұл мешіттің атын «Алаш арыстары мешіті» деп атау ләзім болады дедім. Бұл ұсынысымды жамағат түгел құптады. Қазір ішіне бір мезгілде 300-ден астам адам сиятын бұл Аллаһ үйінде әр жұма сайын Алаштың бейкүнә опат болған әрбір азаматына арнап Құран бағышталады. Өйткені, сол 30-шы жылдары мәскеуден басталған қанды қуғын-сүргін құрбандарының А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтардан бастап һәмбесі бір Аллаға сиынып мұсылман болып өткендер екені мағлұм.
Өз тілшіміз