№6 Маусым, 2023

Халық шығармашылығы – құндылықтар қайнары, ал оны сақтау, байыту, насихаттау, ұрпақтан ұрпақтан жеткізу – баршаның ісі. Әрине, бұл баршаның ішінде – ақын, жырау, күйші сынды өнер адамдарының орны ерекше, сонымен бірге тарихын тереңнен т- тық халық шығармашылығы орталығының да үлесі мол.

Иә, Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының бастауында «Халық шығармашылық үйі» тарихы тұр. 1944 жылдың аяғы — барша адам «Бәрі да майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен жан алысып, жан берісіп жатқан сниісі деп ойлаймыз. Батырлық жыр-эпостардың тап осы соғыс жылдары қайта жанданып, сахналанып, насихаттала бастағанының себебі де халық шығармашылығы рух-намысты қайрайтын құрал бола алғандығында. малған халық шығармашылық үйі, қазіргі таңдағы Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығы да халық шығармашылығы жанрларын насихаттауды негізгі міндеттерінің біріне айналдырды. Соның ішінде облыс бойынша дәстүрлі ән, күй, терме, жыр өнерін әр ұрпақ жадында сақтап, көздің қарашығындай қорғап, ілгерілету бағытында облыстық, республикалық байқаулар жыл сайын оздырылады. Ал наурыз айында облыстық халық шығармашылығы орталығында «AQJAIYQ» телеарнасының қолдауымен, «Фолк – арт» атауымен БҚО бойынша дәстүрлі әншілер, термешілер және күйшілер арасындағы облыстық тележобасы бастау алды. Ең бастысы бұл жоба арқылы атадан балаға мұра: дәстүрлі ән-күй, термелерді одан әрі дамытып, түсірілім арқылы ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, руханиятымызды жаңғыртып, болашақ ұрпақ үшін мол мұраны жинақтап, ұлттық өнер төріне жаңа есімдерді шығарып алтын қорға сақтау. Сол жылы қазан айынан бастап «Фолк-арт» аталымы «Інжу-маржан» тележобасы болып өзгертілді.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын «Інжу-маржан» телетүсіріліміне облыс бойынша 12 аудан және қала орталығынан барлығы 100 өнерпазды қатыстыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде тұрақты жүргізушісі орталық директоры Мәулет Өтемісұлы Жұбатов болып табылатын бұл тележобаның отызға тарта шарасы жүзеге асты. Ал ол түсірілімдердің салмағын алғашқы он өнерпаздың өздері білдіргендей. Олар: ҚР еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Күйшілер Одағының мүшесі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші-домбырашы, ұстаз, фольклортанушы Айжан Тоқтаған, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, дәстүрлі әнші Қатимолла Бердіғалиев, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Махамбет» атындағы сыйлықтың иегері, «Үкілі домбыра» республикалық байқауларының жеңімпазы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық концерваториясының «Құрметті профессоры», ҚР Күйшілер Одағының мүшесі, күйші Едіге Набиев, ҚР Мәдениет саласының үздігі, зейнеткер, дәстүрлі әнші-термеші Зияш Аманғалиева, 1993 жылы Ақтау, 1995 жылы Шымкент қалаларында өткізілген Ғ.Құрманғалиев, Ә.Қашаубаев атындағы республикалық әншілер байқауларының лауреаты, Құрманғазы атындағы саз колледжінің «дәстүрлі ән» бөлімінің оқытушысы Серік Әбдрахманов, Өнертану магистрі, республикалық домбырашылар байқауларының жүлдегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің домбырашысы Жеңіс Өтеуов, М.Өтемісұлы атындағы БҚУ «дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы, «халық әні» мамандығының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, республикалық әншілер байқауларының лауреаты, дәстүрлі әнші Айжан Мұхамбетжанова, ҚР Халық күйшісі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Күйшілер Одағының мүшесі, күйші Ермек Қазиев, «Қазақ мәдениетінің қайраткері» төсбелгісінің иегері, Бөрлі ауданының құрметті азаматы, республикалық әншілер байқауларының лауреаты, дәстүрлі әнші Мұхит Бірәнов, ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәуле Таудаева.
Тележоба барысында орындалған халық әндері, термелер, күйлер көрермендерін тебірентіп, халық шығармашылығы — ғұмыры қысқа эстрада, поп туындылар емес, мәңгілік құндылықтар екенін кезекті рет дәлелдеуде. Сондай-ақ әсем ән, тәтті күй, терең термелер тек тыңдармандарының құлағында қалуымен шектелмей, арнайы кәсіби аппаратура арқылы алтын қор болып жазылып жатқаны да қуантады. Бұл орайда осындай мүмкіндікпен халық шығармашылығын насихаттау бойынша қолдауын көрсетіп жатқан БҚО «AQJAIYQ» телеарнасына ризашылығымызды білдіреміз.
Иә, біздің өңірде дәстүрлі өнердің дамуына көңіл бөлініп жатқанына — ашылған мына өнер ордалары дәлел бола алады:

  1. Казталов ауданының Жалпақтал елді мекеніндегі дәстүрлі өнер орталығы (жетекшісі ҚР Халық ағарту ісінің, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі» медалінің иегері Қабиева Баян Құбайқызы);
  2. Бөрлі ауданының мәдениет үйіндегі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, дәстүрлі әнші Қатимолла Жәңгірұлы Бердіғалиев атындағы дәстүрлі өнер бөлмесі. Қазір 15 жас жеткіншек өнер үйреніп жатыр.

Бұрынырақта үлкен сахнада, негізінен, ересек әнші-термеші, күйшілер өнер көрсетіп келген болса, қазіргі шақта дәстүрлі өнер шеберлерінің қатарынан жас жеткішектерді жиі байқауға болады. Бұл сөзімізге мысал ретінде Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық үлгілі «Қыз Жібек» дәстүрлі әншілер ансамблі еліміз және әлем сахналарында көрермендерін таңғалдырып, табысты өнер көрсетіп жатқанын алға тартып, жоғарыда аталған тенденция дәстүрлі өнеріміздің болашағына үмітпен қарауға негіз болады деп айта аламыз.
Қорыта айтқанда,топырағынан талай мықты күйші, термеші, жыраулар шыққан Ақжайық топырағында дәстүрлі өнердің қолдау тауып, дамып, насихатталуына Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығы айшықты үлес қосып келеді. Ылайым, төл өнеріміз төрден орын алып, құндылықтарынан мәңгілік сусындай берейік.

Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы
орталығының ақпарат, басылым
және жарнама бөлімінің редакторы
Нұрлан Қуанышұлы Сәдір