Өлең – рух. Рухтың қағазға түскен пішімі іспетті. Сөз қуатының жанға егер әсері орасан. Қайбір жырларды оқығанда көпке дейін иірімі ойда сақталып, іштей күбірлеп жүретініміз бар. Сол оралымды шығармалардың бірі Балуан Шолақ өлеңдері.
Өлең – рух. Рухтың қағазға түскен пішімі іспетті. Сөз қуатының жанға егер әсері орасан. Қайбір жырларды оқығанда көпке дейін иірімі ойда сақталып, імшығармалардың бірі Балуан Шолақ өлеңдері.
«Бес ғасыр жырлайды» атты жинаққа топтасқан атақты балуан ареді. Әсіресе Ғалиға арналған шумақтардың сарыны бөлек.
Айым да сен, Ғалия-ау, күнім де сен,
Оң қабағым тартады күлімдесең.
Менің көңілім, Ғалия, дауалансын,
Ауған түйе секілдАйыт алсын,
Бүйте берсең, жүйкемді құрытарсың.
Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан,
Қай қылығын қалқаның ұмытарсың?
Балуан Шолақ есімі аталғанда Ғалия аты қосарлана жүреді. Ғалия ару кім десеңіз, ат жақты, ұзын бойлы бетінде аздаған шешек дағы бар, өткір сөзге шешен, оң қолынан өнері төгілген шебер болған деседі. Қазақ әдеті бойынша Ғалияны жастай Біржан дегенге атастырып, бойжеткен соң ұзатылып кете барады. Бірақ көңілі сүймегеннің көзі қайдан жайнап тұрсын? Біржанмен ұзақ тұрмай, бір-екі жылдан соң Ғалия Қараөткелге қайта келеді. Сағы сынбаған салтанатты сылқым кербез, шортан денесі талшыбықтай бұралып көрген жанның есімін ұмыттырады. Ақыры Балуан Шолақтың назарына ілігіп, қос ғашық айрылмасқа серт етеді. Алайда, суық жүрек, шәлкес ақыл Біржан қалың малын бұлдап, орталарына түседі. Билер сотына салған талқыда Ғалия сұлу азат басын арашалап, жеңіске жетеді. Бірақ екі сүйіскен жұпты Көкшетау елі жанжалмен қарсы алады. Балуанға жоғалған сексен өгіздің жаласы жабылып, үстіне Семейде ұрланған бір топ жылқыны да тіркеп қояды. Сонымен Балуан түрмеге тоғытылып кете барады. Абақтыда айдан-күннен жаңылған сара талант Ғалиясын сағынғанда құлын даусы көкке жетіп шығарған аңсарлы әнін орындайды. Міне, ақкербез қалқаға арналған жырлар осылайша кең даланың желі мен желегіне ілесіп, жазиралы беткейді жұпарға бөлейді.
Шынайы шығарманың түп негізінде – таласқа толы тағдыр, мехнат пен тер жатады. «Өлең деген тулайды қайшылықта» дегеніміз ақиқат. Мәселен, бірінші дүниежүзілік соғыс пен екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан туған ұлы шығармалар көптеп танылады. Сірә, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарындағы әдеби процестің жүйелі дамуына қан-қасап майдан әсері мол. Ал, Балуан Шолақ өміріне тікелей қозғау салған – бодандықта бұлқынған халқының жан күйзелісі, талауға түскен иба-әдебі еді. Өкшесін батыра бастаған темір табан билік бедерін ақын терең сезінді, сезінген сайын асаулана, өршелене түсті.
Атадан ұл тумайды мендей сабаз,
Түрмеде қалды шіркін талай маңғаз.
Мировой қорлығына шыдай алмай,
Түбіне панарының жаздым қағаз.
Түрмеде алты күндей болдым қонақ,
Сөйлеуге мизамыңды тілім олақ.
Жорға, рысак, Ақбозды алып кеткен,
Сұрасаң, менің атым – Балуан Шолақ!
Бақсақ, тарихта бетіндегі бір тұлға өз еркіндігі арқылы бүтін жұртқа, ұрпаққа еркіндік атын жеткізген. Көп ішінен суырылып шыққан сол дара мінезімен-ақ жауды айбындырып, рухқа рух қосқан. Ұлтын ойлай-ойлай, сол ұлттың өзіне айналған бұла перзент тұтас қазақ атын жамылып, даңқын жалаулатып өмір сүріпті. Ол – апайтөс балуан, құшақ жетпейтін кір тасын көтерген алып күштің қайнары, зәулім сөз иесі, бәрі үшін бір өзі қараулыққа қарсы біткен қарағай!
Міне, сын сағатта ел беделін ту еткен кескекті ердің сойы. Жеке бас мұратын тәрк еткен тарлан ғұмыры.
Таулар көшіп жүреді деседі. Сырт тұрпаты тапжылмай тұрғандай көрінер табиғат тартуы әркез қозғалыста екен. Тау тұлғалар да сондай, олар уақыт көлігімен киелі болашаққа қарай ақырын адымдап бара жатады.
Тортай Үсен