№6 Маусым, 2023

Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және -Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Binom scһool мектеп-лицейі дала данышпаны, кемеңгер ойшыл, аудармашы, тарихшы, ақын, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл» атты әдеби-танымдық кешін жәкіәкәрімнің асыл мұрасы» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Әдеби-танымдық кеште «Руханият» КММ басшысы Әділ Орынбасарұлы ақынның шығармашылығы туралы ой-толғамдарын айтып, жастарға ізгі тілегін білдірді. Кеш шымылдығы әнші Абылай Низанның орындауындағы Шәкәрім бабамыздың «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты әнімен ашылды. «Руханият» мекемесінің қызметкері ақын Серік Рысбекұлы ақын рухына арналған жырын оқыды. Талапты өрендер Ш.Құдайбердіұлы өлеңдерінің маңызын түсініп, мәнерлеп жатқа оқумен ерекшелен «, «Шыңнан өзге құдай жоқ», «Талап пен ақыл» өлеңдері көрермендер жүрегін тебірентіп, санасына сәулелі ой салғаны анық. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларынан үыңтті. Ақынның «Қалқаман-Мамыр» поэмасынан тарихи көріністер көрсетіліп, талантты оқушылар бойындағы өнерімен дараланды. Көрермендер ақынның сөздерінен, ойларынан ғибрат алды.
Болашағынан үміт күтетін жас ақындар «Ақындар шеруі» атауымен Шәкәрім бабамызға арнаған жырларымен ел көңілінен шықты. Кеш барысында Шәкәрімнің, хакім Абайдың әндері орындалды. Соңында «Руханият» КММ басшысы Әділ Орынбасарұлы қатысушыларға мекеме атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.