№6 Маусым, 2023
Биыл Астананың Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында наурыз бойы, тіпті, сәуірдің ортасына дейін түрлі концерттік бағдарламалар өтті. Соның бірі – Д.Қонаев атындағы №66 мектептің бастауыш сынып оқушыларынан құрылған домбыра оркестрінің концерті. Бұл күн оқушылардың да, орталықта демалушылардың да есінде ұзақ сақталатыны сөзсіз. Ардагер ата-әжелер наурыз көже мен бауырсақтарын ұсынып, балаларға баталарын беріп жатты. Ал концерттің соңында әнші (Дінмұхаммед) Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева лектің сұрауымен өзі де ән орындап берді. Бұл кездесуді нағыз ұрпақтар сабақтастығы дер едім.
«Қазақтың салт-дәстүрі» атты наурыз мерекесіне орай өткізілген концерт үлкендердің көңілінен шықты. Концертті мүмкіндігі шектеулі зағип жандардың өткізуінің өзі жиналғандарды тәнті етті. «Шұғыла» ансамблінің мүшелері баланың тұсаукесері рәсімін көрсетті. Өздері ән айтып, би билеп, домбыра тартып, өнерлерін ортаға салды.
Концертке қатысқан Астана қаласы әкімдігі Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының маманы Гүлжан Марденқызы және орталықтың директоры Мұхтар Еркетаев мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Орталықта құрылған домбырашылар оркестрінің бір жылдығына орай өткен концерт көпшіліктің көңілінен шықты. Оркестрдің құрамындағы оқушылар бір жыл бойы домбыра үйреніп, соны көрерменге паш етті. Жетекшісі Батырдың көп тер төккені байқалды.
Күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлынына дирижер, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, орталықтың директоры Мұхтар Еркетаев бата беріп, жылы лебіздерін білдірді.
Жаңадан құрылған і қырлы жандар екенін көрсетті. Өздері жүргізуші, домбырашы, әнші замандастарыма тамсанып, қол соғумен болдық. Әсіресе, терме орындаған бір замандасыма алғысым шексіз.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, осы істің барлығын ұйымдастырып, мәдени шаралардың басы-қасында жүрген Жанар Нүрекешова мен Ләззат Дүйсебаеваға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Күләш ШҮРЕНОВА,
зейнеткер ұстаз