№6 Маусым, 2023

Түркі жұртының алтын бесігі атанған Алтай өңірінде жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай екі күндік «Кітапхана – ХХІ ғасырдағы сауаттылық түрлерін қозғаушы күш» атты республикалық конференция өтті. Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың цифрлық қызметі аясында іске асырылған жаңашыл жобалардың жетістіктерімен бөлісуді басты мақсат еткен шараға АбаАқ Қазақстан облыстары мен Астана қаласының кітапхана мамандары қатысты.

Конференцияның ашылуында жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әлібек Асқар пен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының төрағасы Әлібек Қаңтарбай Оралхан Бөкей жайлы естеліктерімен бөлісіп, оның мол мұрасының маңызы жайлы ой қозғады. Бұдан кейін конференцияға қатысушыларға «Оралхан Бөкей – сандық үлгіде» тақырыбымен жазушы мұрасы топтастырылған кітапхана сайты таныстырылды.

Осынау келелі шараға қатысушыларды АҚШ-тыңасп, кітапхана мамандарына арналған бейнебаяндамасын көптің назарына ұсынды. Сондай-ақ, кітапхана мамандары «VR — киіз үй», сандық үлгідегі дизайнды үйрететін «IT – arular mektebi» сынды жобалдеететін Кел, сөйлесейік!» клубы, жеті атаны білуге насихаттайтын «АтаТек» бағдарламасы, «Оюлар сөйлейді…» көрмесі мен «Тақия — Той» жобаларымен танысты. Конференцияның алғашқы күнінің екінші жартысында «Қазақстан кітапханаларының келешегі және заманауи кітапханалар келбеті» атты дөңгелек үстел өтіп, қатысушылар кітапхана ісі саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген кітапханашылар жиынының екінші күнінде жиналғандар Оралхан Бөкей кітапханасының қаланың әр жерінде орналасқан бөлімшелерінің жұмысымен танысып, ондағы атқарылып жатқан игі істердің куәсі болды. Ең бірінші Өскеменнің іргесіндегі «Шығыс» ауылына ат басын тіреген қонақтар №12 кітапхана бөлімшесінде қандас балалардың са тлай игеріп жатқанын тамашалады. Сондай-ақ қонақтарға кітапхананың №2 бөлімшесінде балалар мен жасөспірімдерге экологиялық тәлім-тәрбие беретін «Борис Щербаковтың жасыл үйі» орталығы жұмысының маңызды бағыттары да көрсетілді. Онда белгілі орнитолог, жазушы Борис Щербаковтың өзі сөз сөйлеп, қонақтарға Шығыстың Қызыл кітабы мен «Жас эколог» зертханасын таныстырды. Ал орталық балалар кітапханасында балалар мен жасөспірімдердің заманауи технологиялық сауаттылығын арттыру және еліміздің ғарыш саласын дамытуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған «Ғарышқа жол – кітапханадан басталады!» атты жоба келушілер назарына ұсынылды. Барша қатысушыларға Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сариннің қолы қойылған сертификат табыс етілді.
Конференция соңында Абай, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласының кітапхана мамандары конференция жұмысын қорытындылып, ұсыныс-тілектерін білдірді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстан кітапханаларын жаңғырту және қызметін жаңаша өзгерту бойынша ұсыныстар негізінде ҚР Мәдениет министріне Үндеу жолданды.

Бұл ретте, АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университетінің кітапхана ісі жөніндегі профессоры Дэвид Ланкестің кітапхана мамандарына арналған бейнебаяндамасының мәтінін ұсынудытталарын өзгертудегі маңызы зор.

Ш. Нұрғалымқызы,
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана қызметкері