№6 Маусым, 2023
Дэвид Ланкес (David Lankes)
дамытып отырған
«жаңа кітапхана ісінің» мәні
мынандай ойлармен берілген:
«Нашар кітапханалар қор құрады,
жақсы кітапханалар серв дапханалар қауымдастықтар
(мақсаты мен мүдделері ортақ
адамдар бірлестігі) құрады».
Мен әріптестерім мен Қазақстан азаматтарына шынайы жүректен сәлем жолдаймын. Менің есімім Дэвид Ланкес, Остиндегі Техас университетінде қызмет етемін. Бүгін кітапхана ісі және сау бірге болу мен үшін үлкен құрмет әрі бақыт. Менің міндетім — кітапханашылар немен айналысады, кітапханалардың қоғамды жақсарту бағытындағы жұмыстары қандай,еркөз жіберу. Бүгін нәтижесін білу үшін мен осы мәселені қозғайтын боламын. Мұндағы мақсат — кітапханалар тұрғылықты жерге әсер ететін жергілікті тетік болғанын қалаймын. Әлбетте қала немесе ауыл болсын, университет немесе мектеп болсын біз адамдарға яғни өзі туралы, өзінің мемлекеті, әлем туралы ақпарат алу үшін қалай көмек көрсете аламыз? Әлемдегі жағдайды өзгерту үшін мүмкіндіктерді қалай кеңейтуге болады? Өйткені бұл дегеніңіз, біз айтып жүрген цифрлы сауаттылық, ақпараттық сауаттылық болып табылады. Сауаттылықтың барлық түрі үлкен күш.
Қазіргі қоғамның жаңаруы, жаңа идеялар, жаңа технологиялар кітапханашыларды серпінді қызмет атқаруға жетелейді. Сондықтан кітапханашыларға да, олардың атқаратын жұмысына да бірдей серпінділік талап етіледі. Қазіргі жаппай цифрлық сауаттылыққа көшу кезеңінде кітапханалар халықтың білім алуына көмек берумен бірге, әртүрлі жаңа идеялар енгізіп, шешімдер қабылдай білуі тиіс!
Кітапханалар ұзақ жылдар бойы әлі де жетілдіруді, түзетуді қажет ететін мекеме ретінде қарастырылып келді. Енді біз осы түзетулерді енгізетін болсақ, жұмысымызға заманауи технология жетістіктерін енгізуден бастайық! Біз 21-ғасырдың жарқыраған жаңа кітапхана ісі туралы айтсақ, ол біздің қоғамның қанаттануына, олардың әлеммен бөлісуге тұраралық бірегей білімі мен үлесі үшін қол ұшын созғанымыз. Міне, біз нені қозғаймыз? Адамдардың оқуына, мәтінді оқып қана қоймай, идея алуына, өзінің жеке әлемін дамытуға және өзінің көзқарасымен азаматтармен, көршілермен, университеттермен, әлеммен бөлісуіне қалай көмек көрсете аламыз? Міне, мәселе осында.
Кітапханалар қоғамды қалай жақсарта алады? Мен кітапханашыларды «ақиқаттың қаруы» деп айтар едім. Бұл біртүрлі тіркес болып көрінуі де мүмкін, десе де мен бұл терминнің қайдан пайда болғанына да кішкене тоқталып өтсем деймін. Бұл терминді мен Арчибальд Маклеиштен алдым. Арчибальд Маклейш Құрама штаттағы конгресте екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кітапханашы болған.
Ол: «кітапханалар жанды және маңызды механизм. Кітапхананың міндеті — тек кітап беру немесе ойын-сауық орталығы ғана емес, ол өзі бір бөлшегі болып табылатын қоғамға ақпарат беру және қалыптастыру». Ол Конгресс кітапханасын ақпарат жинау орны ретінде ғана пайдаланып қоймай, оны ашық түсіністік стратегиясын әзірлеу тетігі мен қарапайым азаматтың өзін ұлы қарсылықтың ұлы үлесіне қосылған бөлшегі ретінде сезінуіне рұқсат беретін мобильді орталыққа айналдырды. Сөйтіп, қарапайым азаматтардың қоғам өміріне қатысуына мүмкіндік берді. «Кітапханашылар — ұлы насихатшылар, насихат — Ақиқаттың қаруы» деді ол. Әлемде қауіп өте көп. Кітапханашылар әлемдік шектеулі БАҚ- тағы ақиқат әлемі насихатында ерекше орын алады. Кітапханашылар онда азамттарды қорғауға және шешім қабылдауға әзірлеуі тиіс. Азаматтар мен студенттер, оқытушылар мен инженерлер және сантехниктердің дайындығы бойынша өз өмірін бақылауға алынып, алға жылжыды. Мақсат осы еді. Ол кітапхана туралы ақиқаттың үздік қаруы ретінде айтты. Мұнда менің пікірім өзгеден ерекшеленетінін айтқым келеді.
Жуықта Twitter — әлеуметтік желісінен кітапханалардың функциясының шектеулі екендігі жайлы оқыдым. Бұл пікірге твиттерде «кітапханалар әрқашан қоғамға өзгеріс енгізеді» деген жауап болды. Маған бұл пікір ұнады, өйткені мен де солай болғанын қалаймын. Бірақ, өкінішке орай, ол солай емес. Кітапхана бірдеңені өздігінен өзгертуге қауқарсыз. Өйткені кітапхана өз алдына ғимарат, мекеме ғана. Өзгеріс әкелетін адамдар! Сондықтан, бұл жерде кітапханашының орны маңызды! Кітапханашы қоғамға өзгертулер енгізе отырып, жұмысын қоғамның қажетіне қарай ұйымдастыра білуі керек.
Қазіргі кітапханалар кішкентай балалар, оқушылар, жастар, ересектер –жас ерекшелігіне қарамастан бәрі жиналатын орталық болуы керек. Сонымен бірге, кітапханаларға халықтың білімі мен сауаттылығын көтеретін білімді кітапханашылар қажет. Мәселен, біз кітапхана бөлмелеріне ғаламтор немесе ғаламдық желінің қажеттілігі туралы көптеген буклеттер мен плакаттарды жинап қойдық делік, бірақ одан адамдар ақпараттық сауатты болып кетеді деп болжай алмаймыз. Әрине, бұл әдіс тиімді емес. Сондықтан, адамдардың қажеттілігін үнемі зерттеп, нақтылы нәтижелерге қол жеткізуде кітапханашының біліктілігі қажет.
Жәй ғана кітапхана бар. Материалдардың жинағы бар. Адамдар жәй ғана жиналатын орын бар, бірақ ол орынның өзінің қуаты жоқ, сауаттылықтың тарауына ол ықпал ете алмайды. Бұл әдіс жұмыс істемейді. Адамдарға жұмыс істейтін, бақылайтын кітапханашылар керек. Кітапхана қорын білетін мамандар керек, бірдеңені өзгертуге көмектесетін, бағыттайтын білікті кадр қажет. Міне, менің сіздерге айтқым келгені осы. Бұл біртүрлі көрінуі де мүмкін, бірақ мен кітапхана деген не екенін қайтадан електен өткізгім келді, ол үшін маған кітапханашы кім екенін қайта анықтау керек. Сонымен қатар бізде шынында да нақты түсінік жоқ. Кітапханашы деген біз үшін кітапханада істейтін адам ғана. Ал кітапхана деген не? Жоғарыда айтқанымдай, бұл жәй ғана кітаптар жиналған ғимарат, жәй ғана әдемі кітап сөресі ме? Қоғамға қызмет ететін, қолтықтаса қоғаммен жұмыс істейтін кітапханашы керек. Кітапхана деген де осы.
Сонымен, кітапханашының миссиясы қандай? Кітапханашының миссиясы – өз қоғамдастығында білімді, шығармашылықты тарату арқылы қоғам өмірін жақсарту. Біз, кітапханашылар, өмірді жақсарту миссиямызды түсіне отырып, осы бағытта жұмыс істейміз. Біз оны адамдардың кітап оқуына көмек беру арқылы ғана емес, қоғамның бағыт-бағдарын біліп, адамдардың ұмтылыстары мен армандарын, олардың қажеттілігін біліп барып жақсартуға тырысуымыз керек.
Біздің мәдениетіміз бен білім деңгейіміз қоғамды жақсарту миссиясынан туындайды. Кітапханашылардың білімі мен кәсібилігі әртүрлі қоғамдық ұйымдарда, мысалы, мектептерде, мекемелерде, жоғарғы оқу орындары мен колледждерде танылады. Сондықтан да, қазіргі өзіміз өмір сүріп отырған кезеңде кітапханашының қазіргі қоғамның әртүрлі мәселелерін шешуге көмектесетін кезі келді.
Кітапханалар көпфункционалды білім беру, қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеретін, жайлы әрі жоғары технологиямен жабдықталған қоғамдық кеңістік, яғни қоғамдық өмірдің орталығына айналуы керек. Кітапханаларда пайдаланушылардың барлық тобының: балалар мен олардың ата-анасы, жасөспірімдер, студенттер, жұмыс істейтін жас мамандардың барлық санаттары, бизнесмендер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлердің т.б. қажеттілігі ескерілгені дұрыс. Заманауи кітапханашы тек кітап қорын түгендеуші немесе қай кітап қай жерде тұратынын ғана білетін техникалық қызметкер емес.
Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойдағыдай дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар – білім мен мәдениеттің, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды. Сондықтан біз жалпы кітапханалардың жүйесі мен жұмысын ұйымдастыруға жаңаша көзқараспен қарауымыз қажет. Бұл ретте осы саладағы заманауи үрдістерді ескергеніміз жөн».
Жалпы қоғамда кітапхананың да, кітапханашының да алатын өзіндік орны бар. Сондықтан бұл ұғымдарға қайта оралып, біраз анықтап алайық. Кітапхана –кітаптар жинағы бар ғимарат болса, ал, кітапханашы – кітапханада жұмыс істейтін қызметкер маман. Дегенмен, қоғам өмірінен кітапханашының алатын орны ерекше дегім келеді. Өйткені, кітапханашылар қоғамға қызмет ету үшін, сол қоғаммен өзара түсіністікпен, бірлесе жұмыс істеуі керек. Міне, сонан кейін ғана кітапхана ұғымы пайда болатыны белгілі.
Кітапқа сіресіп тұрған бөлме, ол жәй ғана шолан, ал кітапханашысы бар бірақ кітабы жоқ бөлме, ол кітапхана. Ол кітапханашы уақыт өте келе ол бөлмені кітапқа толтырып алатынына сөз жоқ. Өйткені оның миссиясы білім дәнін себу. Егер бұл бос бөлмеде әлемдік ғаламтор желісіне қосылған компьютер болса, мүмкіндік тіпті көп. Мұның барлығы өзінің жұмысын мінсіз орындайтын кітапханашының арқасында мүмкін болмақ.
Егер осы бөлмеде интернет байланысы болса, уақыт өте келе бөлмеге журналдар, компьютерлер немесе тақталар қойылып, кездесу орындары ашылуы мүмкін. Дегенмен, мұның бәрін ұйымдастыруда кітапханашыдан іскерлік пен қабілет, біліктілік талап етіледі.
Әлбетте, қоғамдастық ұғымы — қаланы, университетті, заң ұйымдарын немесе емхананы ғана емес, бұл тұтас қоғамды білдіреді. Бұл ретте кітапханашы қандай қоғамдастыққа қызмет етеді? – деген сұрақ туындайды.
Кітапханашы өз қоғамдастығының оқуына, білімін жетілдіруіне көмек береді.
Адамдар өздеріне ұнайтын әдебиеттерді оқи алады. Мысалы, ол материяның жаңа түрін білу, мүмкін ауруды емдеудің жаңа әдістерін үйренумен байланысты болуы да мүмкін. Бірақ бұның бәрі кітапханашының миссиясын анықтау үшін жеткіліксіз. Осыған ұқсас миссияны мұғалімдер, оқытушылар да атқарады. Олардың бәріне ортақ міндет – көмектесу және тәрбиелеу. Ал, біз, кітапханашылар, адамдарды оқуға не ынталандыратынын түсінуіміз керек. Біз бұны 4 аспектінің көмегімен жүзеге асырамыз, соның біріншісі – Мотивация. Адамдардың мотивациясын түсіну арқылы біз оларға жақсырақ бағдар бере аламыз, олар үшін маңызды және түсінікті ресурстарды таңдай аламыз.
Келесі компонент – қолжетімділік. Ол — оқырманның әдебиеттерді пайдалануына рұқсат беру, олардың жұмыс кеңістігін қамтамасыз ету, қоғаммен араласуына көмектесу, басқа адамдармен ұқсас қызығу тақырыбын табу мүмкіндіктерін қамтиды. Яғни, оқырманның кітапханаға, мәліметтерге, каталогқа қол жетімділігімен бірге, тұтастай алғанда бүкіл қоғам өміріне қол жеткізуі қамтамасыз етіледі. Оқырманға подкаст немесе бейнежазба, тіпті ән немесе кітап жазуына да қолдау көрсетіңіз. Қолжетімділік — бұл жеке адамның әлеміне әсер ету мүмкіндігі.
Үшінші компонент – білім. Иә … оқырман тарихты немесе физиканы немесе медицинаны түсінеді. Бірақ олар тіл мен терминологияны түсіне ала ма? Оларға бұл ресурс қаншалықты маңызды? Осыдан-ақ, осы компоненттің мәні мен мағынасын анықтауға болады. Яғни, кітапханашы алынған ресурсты дұрыс түсініп, қабылдауға ықпал ететін ортаны құрады. Қоршаған орта, ол — табысты жұмыс үшін пайдалануға болатын ыңғайлы орын. Бұл тыныш немесе шулы орта болуы да мүмкін, сондай-ақ, адам өзінің идеяларын жүзеге асыра алатын оқшауланған ортаны да таңдай алады. Сондықтан біз адамдарға комфортты жағдай жасауды ойлауымыз керек. Өйткені адам тек жайлы, ыңғайлы жағдайларда ғана осы уақытқа дейін іске аспаған идеяларын жүзеге асыра алады.
Ашығын айтайын: біз өмір сүріп жатқан әлем де, қоғам да күнделікті өзгеруде. Ақпарат әлемі жылдам қарқынмен дамуда, жаңа технологиялар нарыққа аз уақыт ішінде енуде, жаңа нарықтар пайда болуда. Небәрі 5 жыл бұрынғы қоғам қазір мүлдем өзгерді. Сондықтан өзгерістерді елемеуге болмайды және осы өзгерістерге бейімделу қажеттілік.
Біздің бүгінгі күнгі міндетіміз — каталог құру немесе кітап беру емес, мақсатымыз — білім беру, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Сонымен бірге, біз өзгергісі келмейтін кітапханашы әріптестеріміздің инерттілігі мен ескірген стереотиптеріне қарсы батыл тұруымыз керек.
Әлбетте, кітапсыз – адамның, кітапханасыз – қоғамның алға басып, өсіп-өркендеуі мүмкін емесі белгілі. Олай болса, кітапхананың халық игілігі үшін еткен еңбегі барынша нәтижелі болса, қоғамның да ізгі рухы – биік болмақ!
Автор Дэвид Ланкес
Аударған Ш. Нұрғалымқызы