№6 Маусым 2023

«Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет. Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристер саны неғұрлым көп болса,ұрIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп тапсырған еді.

Әрине, орынды талап, ел экономикасына серпін беретін салмақты нұсқау. Алайда ел басшысының бұл айтқаны сәтімен орындала ма, жоқ па, ол басқа әңгіме. Кейде біздің елде Президенттің берген тапсырмасын қадағалап, оның жүзеге асуын бақылап отыратын арнаулы органдар жоқ па деген ойға қаласың.
Табыс неге мардымсыз?
Туризм – әлемдегі экономикалық кірісі ең жоғары саланың бірі. Ол кеш өркендеген сала болғанмен, оның қазіргі аяқ алысы өте тез. Өткен ғасыр¬дың 60-жылдарынан бастап туризм әлемдегі жаңадан гүлденген салаға айналды. 90-жылдарға жеткенде туризмнен кіретін кірістің халықаралық экспорт кірісіндегі үлесі 8 пайыздан асып, одан түскен табыс мұнай өнімдері мен автомобиль экспорты табысынан кейінгі маңызды кіріс қайнары болды.

Халықтың тұрмысы жақсарып, мәдениет өресі іыртқы және ішкі туризм деп бөлінсе, қазір бұрынғыдай көркем жер, әдемі аумақтарды саяхаттаудай дәстүрлі саяхаттау тәсілі таңсық болудан қалып, демалыс туризмі, ойын-сауық туризмі, жиналыс туризміиярі пайда болды. Сонымен қатар, туризмнің даму бағытында да тың беталыс байқалды. Біріншіден, экономиканың дамуына ілесе, адамдардың рухани мәдениетке деген қажеті артып, саяхаттау жұртшылықтың негізгі тұрмыс тәсіліне айналды. Екіншіден, жаңадан дамыған елдердің туристік орындары көбейіп, Азия елдеріне саяхаттап келетін туристер жыл сайын молайды. Үшіншіден, қатынас қолайлылығы артқан сайын сауда сипатындағы туризм жандана түсті.
Елдің жалпы ішкі өніміндегі туризм үлесі 7 пайызға да жетпей отыр. Әлемдік туризм
рейтингінде соңында жүрміз
Қазақстанның қадамы неге баяу?
Еліміз 1993 жылы Дүние жүзі туристік ұйымының мүшесі атанды. Бірақ содан бері тұп-тура 30 жыл өтсе де, ел туризмі әлі тұралап тұр. Мемлекет жағынан қаншама жоспар атқарылып, туризмді дамытуға қаншама қаражат бөлінгенмен, бәрі құмға сіңген судай қайырсыз кетті. Әрине, «түк жоқ» деп ауызды қу шөппен сүртуге болмас, бірақ Қазақстанның географиялық жақтағы абзалдығы мен туризмді дамыту жағындағы мүмкіндігі тұрғысынан алғанда, біздің елдегі туризмнің дамуы жоққа тән.
Біздің елде туризмнің барлық түрін (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, сауықтыру, спорт, аң аулау, балық аулау, серуендеу) дамытуға қажетті шарт-жағдай толық. География¬лық және климаттық жақтан алып айтсақ та, Қазақстанның оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс өңірлерінің табиғаты, ауа райы бір-бірстусымда да туризм шаруашылығын шалқытуға аса тиімді. Атап айтқанда, көрінісі көз сүріндіретін Бурабай, Баянауыл, Марқакөл, Катонқарағай, Қарқаралы, Алатау, Хан Тəңірі баурайы, Түлкібас сияқты көрінісі көз сүріндіретін көркем өңірлер де, Шарын шатқалы, Сақ қорғаны, Маңғыстау түбегі сияқты ғажайып жерлер де, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Айша бибі, Арыстан баб кесенесі сияқты мәдени, тарихи мұралары да, Каспий, Балқаш көлі, Алакөл сияқты жағажайдың кереметін сезіндіретін сулы алқаптар да көп. Əлемдегі әсем қалалардың қатарында тұратын Астана мен Алматы да туристердің арнайы келіп, аялдайтын қалалары қатарында. Шыңға шығушыларды, тауға өрмелеушілерді, құмды, шөлді, жаяу немесе велосипедпен аралаушыларды, шаңғы тебушілерді баурауға да Қазақстанның мүмкіндігі мол. Ал мәдениет, салт-дәстүр тұрғысынан сөз қозғасақ, қазақ ұлтының бай салт-санасымен, дәстүрімен, ұлттық ойындарымен де саяхатшыларды баурауға болады. Мысалы, Моңғолияда әр жылы өтетін бүркітшілер мерекесінің өзіне көп туристер келеді. Қазақстанда да мұндай мерекелерді әр облыс, аудан жыл сайын өткізіп отыруына әбден болады. Бірақ біз сол мүмкіндікті толық пайдалана алмай отырмыз. Себебі ел туризмін дамытудың ұзақ болашаққа бағытталған кешенді стратегиялық жобасы жоқ. Туризмді дамыту туралы біраз жоба-жоспар жасалғанмен, оның кемшілігі мен тиімсіздігі шаш етектен. Ол аздай, өзі шала, дүмбілез жобаға жемқорлық араласқанда, туризм саласы тұралап, тұсаулы аттай тыпыр¬лап қала берді.

Алып көршіден неге турист тартпаймыз?
Әлемдік туризм базарының даму беталысына қарағанда, туристердің Франция, АҚШ, Мысыр сияқты елдерге бара беруден туризм шаруашылығы енді-енді өркендеп келе жатқан елдерге бару жаңа ағымы пайда болған. Бұл да Қазақстан үшін үлкен орай.
Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан Қазақстанның географиялық орны да ерекше. Туризм шаруашылығы дамыған Қытаймен шекараласпыз. Қазақстан туризмі үшін Қытай – ең үлкен базар. Толықсыз санаққа қарағанда, әлемдегі туристердің басым бөлігін Қытай туристері құрайды екен. ҚХР Туризм академиясының баяндамасына жүгінсек, 2018 жыл қорытындысында (2019-дан бастап індет себебінен қытайлық саяхатшылар шетелге бара алған жоқ) бұл елдің саяхатшылары шетелге 150 миллион рет сапар жасаған. Олар барған елінде 130 миллиард доллар қаржы шығындапты. Сосын көптеген ел Қытай туристерін тартудың әр түрлі амалын қолданып отыр. Мысалы, Испания астанасы – Мадридтегі әуежайдың бір қанаты толығымен Қытай елі саяхатшыларының пайдалануына бөлінді. Яғни VIP-залдар тек Қытай ас мәзірін ұсынады және осы ел азаматтарын ғана қабылдайды. Бұл шара Қытай азаматтарының қызы¬ғушылығын оятып, олардың сапар санын 40 пайызға арттыр¬ған. Бірақ іргесінде отырған біздің ел бұл мүмкіндікті толық пайдалана алмай отыр.
Туризмді дамыту туралы біраз жоба-жоспар жасалғанмен, оның кемшілігі мен тиімсіздігі шаш етектен. Ол аздай, өзі шала, дүмбілез жобаға жемқорлық араласқанда, туризм саласы тұралап, тұсаулы аттай тыпыр¬лап қала берді
Қытай Туризм министрлігі жоспарлаған Қытай–Орта Азия елдері–Ресей–Моңғолия саяхат бағыты жобасында да Қазақстан маңызды орында тұр. Шығыс Қазақстан, Жетісу өңірлерінде бір күндік, үш күндік саяхат түзімі кемелденіп, туристерге жақсы жағдай жасалса, Қытай Шығыс Қазақстанмен шекаралас жатқан Алтайдың, Жетісу жерімен жалғасып жатқан Іле алқабының туризмін дамыту үшін «Алтай мен Ілеге саяхаттай келсеңіз, Қазақстанның әсем жерлеріне де саяхаттап бара аласыз» деп біздің туризм¬нің үгітін өзі-ақ жасайды. Оның үстіне, саяхат жасау мен тамақ жеуді өмірдің қызығы деп білетін Қытай туристерін Қазақстанның залалсыз, таза тағамы мен органикалық азығы бірден баурайды.
Қытай туристерін тартуды айтсақ, қазақстандықтардың көбі елімізде Қытай көбейіп кетпей ме деп күдіктенеді. Бұл арада саясат пен туризмді шатастырудың ешқандай керегі жоқ. Әлемде туристердің көп келуінен зиян тартып, елдігінен айырылған ешкім жоқ. Тек сол елден келетін кейбір саяхатшының табиғатты аялау, тарихи мұраларды қорғау, орта тазалығын сақтау танымы төменірек демесек, Қытай туристерінен тартынудың қажеті жоқ. Есесіне шекаралық бақылауды күшейтіп, қызмет өтеу саласын жандандырсақ, халықтың туристерді пайдаланып ақша табуына мүмкіндік жасалар еді.
Кеденші қайыршы ма, қарақшы ма?
Қазіргі таңда Қазақстанға 80-ге жуық елдің азаматтары визасыз кіре алады. Өткен жылдан бастап Қытай елінің азаматтары да 14 күндік визамен келе бастады. Әрине, жоғарыда айтқанымыздай, халық «Қазақстанды қытай басып кететін болды» деп шулап жатқанмен, бұл шара елдің саяхат кәсібіне серпін беретінін де естен шығармау керек. Қазірдің өзінде қытайлық ірі саяхат компаниялары елімізге келіп, турист әкелудің жолын қарастыра бастады. Әйткенмен Қазақстан кеденіндегі мына бір жағдай біздің жағамызды ұстатты.
Жақында Алматыдағы «Аman International» саяхат компаниясымен байланыс жасап, Қытайдан 12 туристік компанияның басшысы келген. Мақсат – біздің елдегі туристік компаниялармен ынтымақтастық орнатып, қытайлық туристерді жіберу. Бірақ сол компаниялардың директорлары шекарадан өткен кезде күтпеген жағдайға тап болған. Атап айтқанда, кеден қызметкерлері оларды қараңғы бөлмеге кіргізіп алып, ақша бопсалап, алдынан 300-400 юань ақша алған. Қалтасына ақша салмаған бір директордан басқа алатын ештеңе таппай, телефонның қуаттағышын алып қалған.
– Мұны көрген қытайлық әріптестерім қатты түңілді, «еш себепсіз шекарадан кірген адамнан бұлай ақша ала берсе, біз қалай турист жібереміз? Әлемнің 40-тан астам еліне саяхатшы жөнелтіп отырсақ та, телефон қуаттағышты да пайда көріп, алып алған мұндай елді көрмеген екенбіз» деп бетіме басқанда, ұялғанда бетімнен отым шықты, – дейді «Аman International» саяхат компания¬сының директоры Амантай Тұрсын.
Міне, біздің елдің сиқы – осы. Азаматтарымызда «мынау менің елім ғой, ертең елімнің абыройына дақ түспесін, ұят болмасын, келген қонақтың елге пайдасы тисін» деген ой жоқ. Көбінің ойлайтыны – қара басының қамыера, бұл елге қайдан турист келеді?! Ойланатын жағдай. Демек, алдымен, шетел турис¬терін тартамыз десек, бассыз кеткен кеден қызметкерлерін тәртіпке салу керек. Сонымен қатар, визалық және кедендік рәсімдерді барынша оңайлатып, электронды виза жүйесін жаппай іске қосатын кез жетті. Бұл шара шетелдік туристердің Қазақстанға келуіндегі кедергілерді азайтады, сыртқы саяхатты жандандырады.

Қ.Үсемханұлы