Атырау Ерік ұлын есінен шығармайды

95

№11 (159) Қараша, 2019 жыл

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқар­ма­сының ұйымдастыруы­мен Қазақстанның Халық артисі Ерік Құрманғалиевтің 60 жылды­ғын туған жерінде атап өту шарасы Ерік тұрған үйге ескерткіш тақта­ны ашудан басталды.

Салтанатты шараға қатысу­шылар Ерік Сәлімұлы туралы естеліктерін «қала орталығындағы көшенің маңдайшасына қағылған Еріктің жас бейнесі бар ескерткіш тақта н рпаққа ұмыттырмауға себеп болары сөз­сіз» деп түйіндеді.

Ерек дауыс­ты әнші жерлесіміз, мархұм  Ерік Құрманға­лиевті  Құрманғазы атындағы мәде­ниет сарайында өткен еске алу кешіне келген халықтың көптігіне риза болдық. Атырау­лықтар мен облыс қонақтары Атырау облыстық тарихи-өлке­тану музейінде Е.Құрманғалиевтің жеке мұрағаттарымен жасақтаған көрмені тамашалады. Аурасының өзі ерек болған мәдени шараға әншінің туған-туыстары, Ресеегысы Н.Ноғаев, об­лыс­тың зиялы қауым өкілдері болды.

 Осынау тағылымды  шараны Н.Жан­төрин атындағы Атырау облыстық филармониясының режиссері, белгілі әнші Ақі.ph —>

 Ерек талантты бірнеше онда­ған жылдардан соң, сағы­ныш, өкініш, құштарлық атты сез­ім­мен астастырып аңсаған кеш­те оның адами қабілеті мен қасиеті кеңі­нен айтылды. «Вокал өнеріндегі ерекше құбылыс – Ерік Құрманғалиев айрықша тағдыр кешкен әнші. Оның әншілік тұлғасы күллі әлемнің алдында теңдесі жоқ даралық. Тілі басқа, дәстүрі бөлек алты құрлықтың адамдары оған, оның әншілік өнеріне табына әрі таңдана қарады. Ерік бір ғана халықтың перзенті болса да, оның әншілік миссиясы Отаны­нан шығып, таулардан асып, мұхиттардан өтіп, бүкіл әлемнің алабын аралап кетті, атағы шар­тарапқа жайылды» деп шараны бастаған Ақмарал Машимова операдағы ерек құбылыс иесі Е.Құрманғалиевтің балалық шағы, өнер соңына түсіп, шам­шы­ра­ғын жағудағы бұралаңы көп болған өмір жолын айтып жеткізді.

 Бұдан соң ақын ғ­лығы туралы жан-жақты жазыл­ған «Феномен» атты кітап-аль­бо­мы­ның тұсаукесер рәсімі өтті.

Сахнада сөз алған ақын қыз Маржан Ершу ттудің бастамасын айтып, Бейбарыс баба мен Ерік Құрманғалиевтің өмірлерінен ұқсастық байқайтынын айтты «Бейбарыс баба елден жырақта жүріп жусанды сағынса, Ерік туған жеріндегі түйелерді сағын­ғанын айтады екен. Ақ бура бұлттардың шудасын ширатып, сағынышындай т ағалиев ортамызға ән болып жетті» деген Маржан Аманқосқызы «Феномен» жинағын жүрегінен өткізіп жазғанын айтып, жұрт­шылық қошеметіне бөленді.

Еске алу кешінде Еріктің жеке тұлға болып қалыптасуына ұстазы, профессор Н.Дорлиактың көп еңбек сіңіргені айтылды. Н.Дорлиак Еріктің өнердегі ұстазы ғана емес, оған анасындай қамқорлық танытқан жан. Жер­ле­сіміз Е.Құрманғалиев Бостонда өткен халықаралық музыка фес­тивалінде «Феномен» деп таны­лып, атағы әлемге жайыла­ды. Вокал өнеріндегі ерекше құбылыс ретінде Гиннесс кітабына енеді және оны аты аңызға айналған итальяндық әнші әйел Федора Барбьиеримен қатар қойып дәріптейді.

 Еске алу кешіне келген ағайындары Ерік Құрманғалиев туралы мейірімге толы естелік­терімен бөлісті. Әншінің жиен апасы М.Жұрымбаева «Еріктің дауысындай дауыс біздің әулетте басқа ешкімге дарымаған. Ерік бала күннен музыкаға, опералық шығармаларға құштар болды. Анасы арияларды сүйіп тыңдай­тын» деп сағыныш сезімі­мен әншінің ерек қасиеттерін айтып берді.

Әлемді таңғажайып дауысына таңырқатып қойған Е.Құрман­ғалиев орындаған шығармаларды оның өнердегі әріптестері орын­дады. Дәстүрлі ән мен төкпе күйге құлағы үйренген жергілікті халықтың Ерікке деген сағы­ныш­ы мен құрметі астасып, зал толы халық қазақстандық және ресейлік әншілер шырқаған опералық әндерді ле

Шәкіртін құрметтеген Қазақ­станның еңбек сіңірген артисі Шахи­мардан Абилов жас талант­тарды әлемге танытуға мақсат қойған «Е.Құрманғалиев» атын­дағы қор атынан атыраулық талант­ты жас әнші Әділ Сұлтанға стипендия табыс етті.

Қазақ ұлтын әлемге  танытқан опера ә е басшысы Н.Ноғаев «Бүгінгі кешке уақыт тауып Ресейден арнайы келген Александр Котовщиков бастаған бір топ өнерпазға алғысымды білдіремін. Көрсеткен құрмет­теріңіз өздеріңіздің дос, әріптес­теріңіз Ерік Құрманғалиевке сыйластықтары­ңыз деп білемін. Өзінің аз ғана ғұмырында естелік­тері­мен, әндерімен әлемге танымал болған өнерпазымызды біз ұмытпаймыз» деп алғысын айтты.

Еліміздің бұлбұлы, Қазақ­стан­ның Халық артисі Бибігүл Төлегенова Ерік туралы естелік­те­рінде оны «Қазақтың маңдайы­на сыймай кеткен әнші. Елден көп қолдау көре алмаған талант» деп бағалап, әлем мойындаған әйгілі әншінің елеусіз қалғаны жанға бататынын айтып оты­рады.

Сайып келгенде, ерек дауысты Ерік Сәлімұлының туған жерінде өткен тағылымды шара оның өмірі мен өнерін елге насихаттауға жол ашқандай. Енді Еріктің мәңгілік өмірі басталып, оның өміршең өнері жас ұрпаққа өнеге болып, тұлғалық бейнсіgraph —>

Тұрсын Жұмабекқызы