Біреу келісер, біреу келіспғыздері ел ішінен шыққан, ел тарихынақл тарихи көненің көздерін зерттеуге кірісіп те, ауқымды шаралар ұйымдастырып ерінбей еңбек етіп жүргендерге қарап отырып «елсүйерлік ел тарихын, жер тарихын зерттеушілерден басталады-ау» деген де ойға кететін болдық. Соны Аллатағала берген азды-көпті бүкіл ғұмыры елім, жерім, қазағым деп еңіреп өткен, әсіресе Ресейдің қазақ даласында ойына келгенін істеп, ойран салып жүргеніне өз қолынан келер қайран жоқтығына күйініп аһ ұрып жазған жырлары айтулы жаугер ақын Махамбеттің жырларынан да оттылығы одан асып түсерлік Сарышолақ Боранбайұлының
«Бір күні мені іздейді,
Асылдан туған ұрпағым
Көңілім күдер үзбейді
Болса да өмір сұр сағым»
—деген және басқа да ордалы ойға толы өлең-жолдарын оқығанда еске түседі. Жүрегі еліне деген махаббаттың от-жалынына толы бұл шайырдың өлең жолдарында болашаққа сеніммен қарап,өткен өмірдің іздеусіз қалмайтынына, бір замандарда артындағы ұрпақтарының іздейтініне сенгендігі айқын білінеуаасыр.Тарихты тереңінен ұғынып,тарихқа деген жанашырлығы басым айқындылан тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдарngng>«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарихтың қойнауында ектрге қозғау жасап, бұзылмаған сеңді қозғағандай үлкен серпіліс жасады. азардың өткен жолы-ұрпаққа тағылым болатындай әсерге бөлеп, тарих беттерін қайта парақтауға жол ашты.
Әп дегеннен айта кетейік, бүгінгі әңгімеміз тілге тиек етіп отырған Жылқыайдар батыр сонау заманда Әбілхайыр ханның қолына мың баладан жасақ құрып бастан қосылған Сартай Байжанұлының ең жақын досының бірі болған. Ол туралы «Сартай батыр» атты дастанда да айтылады. Осы дастанды жазғаны үшін шайыр Нұрмағамбет Қосжанұлы әуелі бір сотталып, екінші рет сотталғанда атылып кеткен. Иә, әрбір адамға өзінің туған жері бәрінен де қымбат. Аты алты әлемге әйгілі Мысыр шаһарына әркім өз туған жерін теңеп «Туған жерім — Мысыр шаһары» дейтіні де сондықтан Отанын,туған жерін қадірлеу, қасиетін ұғыну бәріміздің міндетіміз. Біздің де туған жеріміз киелі Шалқар жері шежірелі тарихқа бай өлке. Құмы құт, шөбі шүйгін,киелі өлкеде бай да,батырда, би мен шешенде, әулие мен ғұламалар өмірге келген. Олардың бірі туралы деbs»:»large»} —>
Міне, осындай ел қорғаған батырымыздың бірі Жылқыайдар бабамызды тарих беттерінен көру, болашаққа насихаттау, орнатылған ескерткіштің бар екендігін білмейтін жұртшылыққа таныту мада мұражайының директоры Нағима Тілембаеваның басшылығымен өткен қыркүйек айында Кішіқұм ауылдық округіндегі Жылқыайдар батыр қорымына экспедиция ұйымдастырылды. Күздің тамылжыған жылы күнінде экспедиция мүшелері Ақтөбе-Алматы поезымен таңғы салқын ауамен Кішіқұм ауылдық округіне келіп жетті.Қайда да, қай істе де қамқоршысыз ешнәрсе алға басуы мүмкін емес. Соның рас екеніне Қарашоқат орта мектебіне келгенде тағы бір көз жеткізгендей болдық.
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры»мақаласы аясында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану мұражайының жұмыс жоспарына орай аудандық білім бөліміне жіберілген қатынас хатқа сәйкес Қарашоқат жалпы орта білім беретін мектебі мен Шоқысу негізгі орта мектебінің басшылары,мектеп мұғалімдері мен оқушылары экспедиция мүшелерін қарсы алып, суретке түсіп, жүйткіген көліктерімен Жылқыайдар батыр қорымына жол бастады.Жол бойында ауыл табиғатымен, тарихымен таныстырған Жаңбыршы Әлмұханұлы Жамансары туралы әңгімелеп берді. Кішіқұм өңірінің өркеш-өркеш құмдары,таза ауасы құдды бір бейнеленген картина іспетті. Қырдың басында орналасқан Жылқыайдар батырға арналған белгі қоршалған, бірақ жан-жағында аты –жөндері белгісіз, жоғалуға айналған тастардан қаланған ескі бейіттерді көргенде аяғыңды имене аттайсың.Табиғаты тамаша аймақта орналасқан Жылқыайдар қорымы алыстан «мен мұндалап» тұрғандай. Маңында мал бағып отырған малшылары да келген экспедиция жұмысының мақсатымен танысып, сәттілік тілеп, жүрек жарды лебіздерін білдірді.