№1 (161) Қараша, 2020 жыл
Ақсу ауылы маңындағы құлыптастары әртүрлі пішінде, әсемдігімен ерекшеленеді. Барлық таста арабша жазылған, төменгі жағында табын руы тарақ таңбасы таңбаланған. Тaбын — Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру. Ақтөбе облысында, Маңғыстау өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысы мен Жайық бойында көптеп шоғырланған. Негізгі таңбасы — тарақ — атбегі мансабын бейнелейді. Құлпытастардың көпшілігі ақ және ақсұр әктастан қашалған. Бәрінің биіктігі 1.2-2.0 м. аралығында. Олардан XVIII-XIX ғасырдағы қазақ шеберлерінің қолтаңбасын байқауға болады. Үш бөлікке бөлініп қалған қару-жарақтар бейнеленген құлыптас ерекше көзге түсті. Тастағы қашап жазылған жазу өшіп қалған.Қай ғасырға жатады, қандай батыр болуы мүмкін, белгісіз.Бірақ, қауым Табынның Малайсары бөлімі екені кейбір құлыптастарда жазылған.
Құлпытастардың көбіне қаза болған кісі аттары, қысқаша өмірбаяндары араб әрпімен жазылған, ішінара ру таңбалары салынған. Қиыршық тас, ұлу тастармен қоршалған қорымдарды байқауға болады.Тастың ауырлығы әлі күнге дейін, сыртқы факторларға мүжілмегені байқалады.Сол кезеңдетыұмбақ. Әр елді – мекеннің тарихи кезеңдері , табиғат тылсымы, сай-қыры әлі ашылмаған сыры бар. Келесі жол бағытымыз Көкпекті елді-мекенінде де қаншама археологиялық, тарихи орындар күтіп тұрды.
Ұ.Осанова, Ақтөбе облысы, Мәртөк аудандық тарихи- өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері