№6 Маусым, 2023
Кезінде қазақты дүние жүзіне алғаш танытқан, қазақ спортының негізін салушы, атақты балуаны, тұңғыш цирк әртісі Қазақ даласының батыры а аамған құтты мекенінде, тағы бір мақтаныш тұтар ел азаматы, қоғам қайраткері Республиканың Жоғары Советі Президиумының түңғыш төрағасы Әбдісәмет Қазақбаевтың саналы, тау алғаны біздер үшін де, болашақ ұрпаққа да үлкен өнеге.
Бұдан 24 жыл бұрын 1999 жылы ҚР Парламенті Мәжіліс төрағасы Марат Оспанов Қазақтың Парламенті тарихының ең алғаш беттері, оның тұңғыш төрағасы Әбдісәмет Қазақбаевтың қызметінен басталады, -деп парламенттің тарихи беттерін зерделей бастап еді… Көп ұзамай Марат Тұрдыбекұлы қайтыс болып , әрі қарай жалғасы болмай қалған сияқты.
Әбдісәмет Қазақбаев Қарағанды облысы Ұлытау өңірінде туып өскен. Ал Ақмолада қоғамдық-саяси қызметімен танылды. Қайраткер тұлға туралы жазғанда оның өмірінің 3 үш кезеңіне тоқталған жөн.
Біріншіден, халқымыздың басына төнген зұлмат кезеңдердің өзінде қазақ ауылдарын қамқорлыққа алып, ауыл өмірі, адам тағдырына мейлінше көңіл бөліп, осы жолда білгір басшы ретінде танылғаны, ерлік жолдары жайында әңгіме болмақ.
Екіншіден, Ә састырушы таланты және ел мен майдан бірлігін нығайтудағы зор жұмысы, әділетті істе жеңісті жақындату күресіне , халықты патриоттық іске жүйелі бағыт беріп бастап отыру қасиеті туралы айтқан жөн.
Үшіншіден, қасиетті Ұлытау өңірінде туған тұлға еш жерде оқымаса да өздігінен білімін тынбай жетілдіріп, өмір мектебінде шыңдалып, өзіне үлкен талап қоя білуі арқасында азаматтық үлкен биіктерге көтерілгені жайында, оның адамгершілік, іздемпаздық, қарапайым қасиеттері туралы айтуды парыз деп таптым. Ол үшін туған ауылым мен Ақмола облысы, қазіргі ел жүрегі — Астанамыздың болашағына өшпестей із қалдырған Әбдісәмет Қазақбаев ағамыз жайында жазғанда ,жастайымнан Әкем Орынбек Рәшұлы Керейбайдың, Әбдісәмет Қазақбаетың әрбір өмір жолын құлағыма құя жүріп, өзінің 90 жасына дейін жан досына деген сағынышын ұдай айт , өзінен туған 7 баласын оның өмір жолын өнеге етіп тәрбиелеудегі жиып-тергендерін арқау етті. Сондай-ақ көзі көрген, оның қол астында жұмыс істеген шежірелі ақсақалдары , Мұқаш Сейітұлы, Облысымызға танымал Абыз Ақсақалымыз — Мақажан молда, 1960 жылдың соңында теміржолшы , алғаш елге танылған шахматшы Жәлел атты жалғыз баласының қызмет барысымен Алматыға көшіп барып, өмірінің соңына дейін, Сәбит Мұқанов, Ілияс Есенберлиндермен жақсы-араласып тұрған, ұжымшардағы қарапайым шаруалар Нүрке Шорағайұлы, Сарқыт Жүсіпқызы, Оспан Әбжановтар естеліктерін жазып алушы едім. Кейін кызмет барысымда 1922-1970 жылдардағы АҚМОЛА, Қарағанды, Павлодар, Қостай-Торғай былтырден Ұлытау облыстарындағы партия, кеңес органдарындағы жауапты басшылық қызметтерде болған Мұқат Мейірманов/ Ә.Қазақбаевтың туған құдасы,/, Сара Есовадан тәлім алған 1920жылдардан комсомол кайраткері, білім беру ардагері, жетекші –ұстазым, алғаш тарихқа –саясатты түсінуге бет бұрғызған сынып-жетекшісі ардақты ұстазым Бибіжан Қойлыбаева, Мағда Қараф Қосжанұлы Маубеев, Әділхан Шабатов, Молдахмет Досаев, тарихшылар Сейілбек Усин. Ислам Шахманов, Бәдіғұл Дүбірбаева, Тегінбай Оспанбековтер мен жиі қайраткердің 95, 100, 110 жылдық мәдени шараларындағы өткізген едік. Ал тарихи — жазушы Жайық Бектұров , қоғам қайраткері Амангелді Айталы, тарихшы ұстаздарым Білал Кәріпбаев, тарихшы ғалым-ұстазым Баянбай Құсайынов, өлкетанушы Клара Әмірқызымен сияқты аяулы жандардың, отаншылдың сезіммен жігер берген ақыл кеңестері ұшан-теңіз. Осылай дер кезінде алған естеліктерді зерделеп және тарихи деректерге сүйене отырып жазуыма тура келді.
Сонымен, Әбдісәмет Қазақбаев 1898 жылы 15 мамырда бұрынғы Ақмола губерниясының Атбасар уезінде, қазіргі Ұлытау облысы Ұлытау ауданында туған. 6 жасында әкесінен, арада 1 жыл салып шешесінен айрылған Әбдісәмет, ерте есейіп, өмірге ерте араласты. Ал 1922 жылы Ақмола облысына көшіп келеді. Сол жылдары Әбдісәмет Кеңес үкіметінің қазақ ауылдарына жүргізілген барлық шараларына атсалысып, өз орнын жаңа өмір орнатушылар қатарынан табады. Ауылдағы «ҚОСШЫ» одағын ұйымдастыруға белсене қатыса жүріп, кейін осы одақтың төрағасы болып істеген Ә.Қазақбаев елді отырықшылыққа дағдыландырып, еңбектің ұжымдық түріне баулуға көп күш жұмсады. Ол одақ өткен ғасырдың 20 жылдары еңбекшілердің сана — сезімін оятуда үлкен ықпал жасады. Сол замандағы қазақ ауылдарына әлеуметтік-экономикалық шараларды істеп асыруда өзіндік ерекше әсер етті. Дәл осы жылдары табиғатынан зерек жаратылған жас Әбдісәмет өзінің қарапайым да көпшілдігімен, көпке бас бола білетін ұйымдастырушылық қабілетімен, кеңес қызметтеріне жоғарылатылады. Осындай істерден бастап оның саяси өмірбаяны басталып кетті. Ол халықтың саналы өкілдерімен жергілікті кеңестердің аппараттарын нығайту саясатын дәйектілікпен жүргізе білді және өмірінің соңына дейін кеңестік органдарда үздіксіз жанкештілікпен қызмет етті. Оның тікелей қатысуымен , басшылық етуімен Ақмола ауданында Жаңажол, Қызылжар, Буденный, Талапкер секілді ұжымдық шаруашылықтар құрылуына даңғыл жол ашылды. Осындай ұйымдастырушылықтың арқасында Ә.Қазақбаев әуелі Ақмола ауданының № 6 және 19 ауылдық кеңестерінің хатшысы, кейін төрағасы болып сайланады.
Сонымен Әбдісәмет Қазақбаев – тұңғыш ұжымдар ұйымдастырушылардың бірі болып үлкен кеңестік жүйеде аты мәңгі тарихта қалды. 1933 жылы желтоқсанда Ақмола ауданындағы Буденный атындағы /қазіргі Қажымұқан ауылы/ ұжымдық шаруашылықтың төрағасы болды. Оны 1937 жылдың жазына дейін атқарып, осы ауылда үлкен ісін, өшпес ізін тасқа басып қалдырды. Осы ауылда оның іскерлік қабылеті одан әрі жан-жақты ашылып, еңбекті дұрыс ұйымдастырудың және ұжымшар мүшелерінің қажырлы еңбегінің арқасында Буденный атындағы ұжымшар республика түгілі Одаққа танымал үлгілі ұжымдық шаруашылыққа айналды. Айналасы 4 –ақ жылдың ішінде ұжымшардың малы 6 есеге көбейді. Ұжымшарлықтардың жеке малы да өсті, егіндері бітік шығып, жыл сайын, мол өнім алып отырды.
Әбдісәмет Қазақбаев әкем Орынбек Рәшұлы Керейбаевтың үлкен досы болған. Әкеміз Әбдісәметтің болмыс-бітімі ерекше жаратылғанын, оның адамгершілігін, табиғи зеректілігі мен өжеттілігін, жанкешті еңбекқорлығын, қарамағындағы адамдардың ой- пікірлерімен санаса отырып басқара білу қасиеттері мен басшы ретіндегі адал ісін еске алып, жиі әңгімелеп отыратын. Ол әр жылдың 15 мамырын ерекше асыға күтіп, жан досының туған күніне, оның өнегеге толы ғұмырын ұрпақтарының бойына сіңіру мақсат-мұратына сай ерекше еске алдырып, нақты істерге айналдыратын. Ол арманының мәнісін есейген соң түсінудеміз. 48 жылдың 33 жылында трактор–егіс бригадирі болған әкем, жыл сайын жазғы ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ МЕЙРАМЫН өткізуді «Әпсәмет өткізуші еді»- деп осы күнге белгілейтін… Соның бірі 1968 жылдың 15 мамыр айында , Әбдісәмет тұлғаның 70-ке толар мерейтойы құрметіне бірнеше түп ағаш отырғызған еді. Қажымұқан ауылындағы сол ағаштар мәуелі бәйтерекке айналды. Немерелері бұл ағаштарды атамыз Қайраткер үлкен досына арнап отырғызды деп мақтан тұтады.
Әбдісәмет Қазақбаев 1937 жылы КСРО Жоғары Кеңесінің алғашқы депутаты болды, қызметі де өсті. Содан Ақмола аудандық атқару комитеті төралқасының орынбасары, ал 1938 жылдың басында Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағалығына жоғарылатылды.
1941 жылы әкем әскерге шақырылып, Алматыда болғанда, әскери бөлімге келіп, досының қал-жағдайын біліп тұрады.
1942 жылы ауылдың Қошқарбек Бейісов бастаған ақсақалдарын Ал Алматыдағы үйіне шақырып , сый –құрмет көрсетеді. Олардан ауылдағы азаматтардың тұрмыс- тіршілігін үйреншікті әдетімен тәпіштеп сұрап әңгімелеседі. Сол жолы ол қонақтарға майдандағы Панфилов дивизиясында ауыл азаматтарының жүргенін егжей-тегжей әңгімелеп береді… Біз ауылдың жастары, Буденный /Қажымұқан/ ауылының азаматтары да Панфилов дивизиясында осы бір жәйттің шын іс-жүзінде болғанын, 1975 жылы 15 мамырда Әбдісәмет ағамыздың 77 жылдығы мәдени шарасында «Сәлем саған майданнан, Қазақстан» деген кітаппен көз жеткізген едік. Сол кітапта біздің ауылда шыққан заң қызметкері Қаратай Омаров сүйген жары Сұлушашқа арнап, Москва түбінде жазған хатын мақтанышпен былай хабарлайды: « … Сұлушаш! Мен, осы бақыттымын-ау деймін. Өйткені мен сүйікті Москваны қорғау құрметіне ие болып отырмын. Отан жүрегі әсем Москваны қасық қаның қалғанша , соңғы демің біткенше қайсарлықпен қорғау — қасиетті борыш. Мен оны өзімнің ерлік істеріммен дәлелдеймін…». Ол айтқан сөзінде тұрды. Оқ пен бомбаның астында, өмір мен өлімнің арасында ерлікпен қаза тапты, жауды жіберген жоқ, жеңіске деген шексіз сенімін бар қырынан көрсетіп дәлелдеп кетті. Бұл хат 1942 жылы 6 қантарда « Сталин туы» газетінде жарияланған екен.
Әбдісәмет Қазақбаев колхоз председателі болған кезінде. 1934 жылы күз айында Қазақстанға арнайы сапармен келген БК/б/ орталық комитетінің секретары С.М.Киров ұжымшарлықтардың ерен еңбектерін жоғары бағалайды. Ол туралы өзіміздің аудандык «Призыв»газетіне шыққан «Станицы истории: С.М. Киров в Акмолинске» /3.07.1989/ деген мақаламда жазған едім. Әкемнің айтуынша сол 1934 жылы және 1937,1938 жылдары егін бітік шығады. Әбдісәмет қай уақытта болсын ұжымшарлықтармен бірге жүріп , бел шешпей еңбек етеді. Осындай еңбектің арқасында ұжымшар орақты мерзімінен бұрын аяқтап, шөп шабу науқанына кірісіп кеткен шақ екен. Сол жолы С.М.Киров шабындық алқабына келеді. Сергей Миронович әкемнен ұжымшар төрағасы қайда, — деп сұрайды. Сонда МТС бригадирі қызметіндегі әкем, екінші шөп маяның жагында айырмен қызу жұмыс істеп жатқан Ә.Қазақбаевқа С.М.Кировты алып барады. Мұны көрген С.М. Киров: «Қазақ халқынан қандай тамаша кадрлар өсіп келеді. Қазақбаев — біздің елдің құрылысшысы», -деп әділетті биік бағасын береді. Әкейдің арқасынан қағып, жанындағы ұжымшарлықтардың әрқайсысының қолын ұстап, «Жарайсыңдар, мынадай басшы азаматтан көп үйрену керек,- депті. С.М. Кировтың осындай көрегендігі мен әділетті де биік бағаларының арасында қазақ халқының елін шын сүйген жастары сол жылдары Қазақстан өңірлері мен басшылығына көптеп тағайындалған еді. Соның бірден-бір өкілі, өз бетінше іздене оқып, тоқып, оқығанын тәжірибелік талай істе шыңдалған, тумысынан білікті азамат болып қалыптасқан, ауылдың қарапайым басшысы небәрі аздаған жылдың Ақмола аудандық , Қарағанды облыстық атқару комитеттерінде кызмет атқарған. Ал 1938 жылдың 19 шілдесінде Қазақстанның парламентінің тұңғыш төрағалығына көтерілген қажымұқандық жерлесіміз Әбдісәмет Қазақбаев болатын. Ә.Қазақбаев елге өте беделді, елі сүйген басшы болған. Ол кісіні әрбір кездесуде оған арналган өлеңдермен қарсы алған екен. Ал мына жыр, сол кездерде халықтық гимнге айналып кетіпті. Өлеңнің алғаш орындалған жері , Қарағанды облысы, Өспен елді мекені. Қазақтық әйгілі ақың-композиторы, мемлекет қайраткері, Қазактың Халықтың кеңесін басқарған кезінде Сәкен Сейфуллиннін өсіп өнген жері. Сәкен аға Қазақтың Халықтық кеңесін баскарған жылдары ештеңеден тайсалмастан, Киргиз болып айтылып, жазылып кеткен қазақ атауы мен қазақтың тілін тарихта заң жүзінде әйгілеп, тасқа басып кеткен. Қазақбаев өз өмірінде Сәкеннің саяси өмір жолын шығармашылығын зерттеп кітап жазуда кіріскен, оны ата-анасынан кейін туғаныңдай санап, өмірінің айқын жолында ұстазындай көріп, оның кітаптарын сақтап, өнегесі мен үлгісін өле өлгенше алып, қастерлеп өткен. Сәкеннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы барлық кейіпкерлерінің аты жөндерін жатқа біліп, жүрген жерлерінде олардың мекеніндегі көзі карақты жандардан тұлғалардың өмір жолын сұрап, туғандарына барынша көмегін беріп тұрған.. Осылай сенімді жақын жандарына , Сәкеннің атқара алмаған істерін жалғастырып өтсем, казағыма қолымнан келер барымды берсем, арманым жоқ , -дейді екен. Бұл өлеңнің лейтмотиві былай болып келеді:
Оқымаған соқыр едік,
Таң күзетіп отыр едік,
Бізде жарық көрейік.
Сенім туды өмірге
Қазакбайға бас иеміз,
Қазақбайды біз сүйеміз,
Халық қамы , ел үшін !
деген, кезінде республикаға кеңінен тараған осы өлең шумақтары ауылымыздың алты ауызына айналып кеткен. Әні де бар.
Сонымен қатар, Ә. Қазақбаев республиканың тарих, әдебиет, мәдениет қайраткерлері арасында ерекше бедел мен абыройға ие болған. Туғаныңнан халық ауыз әдебиетін жатқа біліп, ұлтының салт-дәстүрін жетік білген ой-өрісі биік басшыны, қазақтың ХХ ғасырдағы жырауы Жамбыл еркелетіп, «Қазақбайым» деп атаған. Оның жауапты қызметі барысымен уақыты болмаған кезеңдерде сағынышын білдіріп, келген ресми адамдардан СӘЛЕМ айтып, жарасымды назын айтып тұрған. Қазақстанның биік лауазымындағы Қазақбаев сәлем –сөзді ести сала, уақыт тауып, құстай ұшып келіп, аз уақыт болса да сәлемдесіп, өзінің қашанда аңсайтын ауылдардың шоқтығы биік бірегейлерінің бірі асқаралы Адатаулың бөктерінде тұрған ұлы ақын-импровизатор жырауына еліне жиі тағзым етіп тұруын үлкен мәртебе санаған. Ә.Қазақбаев Кеңестер одағында кейбір келеңсіз арақ-шарап ішу сияқты әдеттерге, небір жағымпаз, жандайшаптардың ұсынған келеңсіз істеріне бұрылмаған. Әсіресе арақ дегенге жаны кас болғаны сондай, өскен ауылында жыл бойы өткізілген қазақтың жыл-мезгіл мерекесі: Наурыз, Қымызмұрындық, Мизам шуақ- сабантой , соғымбасы мерекелерінің бәрінде қазақ дастарханында тек ҚЫМЫЗ тұруын басты мақсаты санаған. Біздің Буденный / Қажымұқан/ ауылы оның осы бір бұлжытпас дәстүрін сақтап келді. Әкемнің досына деген соңғы аманатын өзі өсірген балалары арқылы 1992 жылы Целиноград қаласы Акмола атауын алу кезінде, халық сурауына , Әбсеметтің жиі айтқан Ақмол деген сөзге жалғанған, бұл жер Ағы мол жер ғой «ә» деген сөзді басқа ұлт бұрмалағанын өзі қызмет атқарған Ақмоланың маңайында тұрган шежірелі карттардан жинаған деректерін өнер жұлдызы Мұрат Керейбай баласы мен Тәуелсіздік болмай тұрып , Ақмолада қазақ театрын ашқан , отан сүйгіш режиссер Жақып Омаров екеуіне жүктеп, Әбдісәмет Қазақбаевтың жаңа ғасырға мәңгі орын алатын Қазақтық қасиетті қымызын дәріптеу жолындағы соңғы аманатын қоғам үшін жүзеге асырып, орындатты. Сол 1992 жылы Қымызмұрындық мейрамы Әбдісәмет Қазақбаев дәуірінен 60 жылдан кейін Жаңа Астана арқылы республика бойынша тұңғыш рет қайта оралып, Целиноград атауы Ақмола/1998 ж –Астана/ атанса, қазіргі заманда әлі де атауы өзгермеген ЦЕЛИНОГРАД ауданының орталығы Малиновка селосы АҚМОЛ атауын алды . Келер болашақ «Белая могила» деген басқа ұлттардың бұрмалаған Ақмола атауынан біржолата кұтылатымызға сенемін деуші еді. Орынбек әкем Әбдісәметтің алғаш басқарған аудан орталығымен өскен елі Астана болып орындалған болса, облыс атауы арманы да , болашақта орындалар !
Ә.Қазақбаевтың жан дүниесі кіршіксіз таза, құдай берген қарапайым мінезін тек өнер мен ғылым қайраткерлеріне, қарапайым халыққа көбірек назар аударуға жұмсаған, осы бір рухани салаға бар болмысын арнап, уақытын таба білген. Оңың айғағы 1943 жылы екінші отандық ,дүние жүзі соғысының шешуші кезеңдерде Республикада тұңғыш ақындар айтысуының өтуіне тұтқа болуы. Тағы да бір ең маңызды іс-қимылы, Қазақтың даңқты тұңғыш әлем таныған ғалымы Ұлы Отан соғысына шын үлгісін көрсеткен тұңғыш ғалымы Қ.И.Сәтбаевқа барынша жан-тәнімен қолдау білдіріп, қазақтың тұңғыш Ғылым Академиясының ашылуына барынша жан-тәнімен қамқорлық жасап, рухани тұрғыда , қаржы бөлдірту мәселесінде де , заң жүзінде барынша дер кезінде көмектесіп, нық тұруына қажыр қайратын жұмсағанын бұрынғы оқу министрі Қажыахмет Балахметов кездескен сайын жазған кезде ұмытпа дейтін.
Ел арасында Ә.Қазақбаевтың қазақтың болашақ зиялы қауымын көздің қарашығындай тәлім беріп, қарапайым адамдардан мұң-мұқтажымен әр қашанда көмегін аямаған қасиетін, әсіресе 1932-1937 жылдардағы Төңкеріс, Максимовка / Сарытерек/ . Талапкер ауылдарындағы ағайынды Икен, Қара Тілеулиндер, Кәрім Шәмшиев; Наурызбай Сүлейменов, Николай Дмитревич Щевцов, Кузьма Соболевский, Василий Дронов, Жәбел Карабеков, май зауытының директоры Антон Семенов, ауыл басшылары Нұрмағанбет Оспанов Назымбек Жолдасбеков сияқты ауданның, көрші ауылдың ақсақалдары мен өзге ұлт өкілдері «Қазақбаев ауылынан бірде-бір адамды үндемеске / репрессияға / ұшыратпады, жібермеді. Тіпті, сол жылдары жерлесі Қажымұқанды ұсталайын деп тұрған жерінен Өзбекстанға уақытша елден көрінбей кетуіне бар күшін салды. Қазақстанның Жоғары Кеңесі Президиуымына қызметке барғанда репрессияға жіберу тиылған кезең болатын. Ол қашанда еңбекқор, ешкімге қиянат жасамаған қазақ халқының сол кездегі ең отансүйгіш патриот басшысы», болған бірегей тұлға деп жарыса айтатын.
Қазақбаевтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұйымдастыру таланты ерекше танылып, жан-жақты жарқын көрінеді. Оның соғыстың сұрапыл, сәтінде, яғни 1942 жылы «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда газеттеріне жазған «Ержүрек ленинградтықтарға эшелондаған тартулар жіберейік» деген үндеу сөзін толқымай оқып шыға алмайсың… Мақалада Ленинград пен Қазақстан арасында туысқандық қарым-қатынасқа тоқталады. Қазақ халқы және Қазақстанның барлық еңбекшілері Ленинград пен ленинградтықтардың көмегін ешқашан ұмытпайды. Қазақстандықтар бір кісідей болып, Ленинградты қорғаушы ерлерге сыйлықтар жіберуге жұмыла кірісіп., бұл сыйлықтарды неғұрлым тез жөнелтуді қамтамасыз ететіндігіне кәміл сенемін.,-деп жазған болатын. Сондай осы жалынды үндеуімен қоса , Жамбыл ақынның ауылына ол күндері жиі барып, революция бесігі Ленинград қаласы тарихы кеңес еліндегі шоктығы биік жер екені, Лениннен кейін басшы болатын С.М. Кировты алдын ала атып кеткеніне дейін айтып, оған таңғажайып жігер-күш беріп жүріп, «Ленинградтық өренім» атты туындысының шығуына басты арқау болған екен.
Оның осы патриоттық шақыруын Қазақстан еңбекшілері қызу қолдап, бас-аяғы жиырма күннің ішінде қоршауда қалған ленинградтықтарға вагон жөнелтеді. Осы үндеу хатқа оның жерлестері де көптеген азық-түлік, әскерлерге жылы киім-кешектер, сәлем-саухат жіберді. Жоғарыда айтылған Бейісов Қошқарбек ақсақалдар басқарған ақыл-кеңестері кең дария қарттарды арнайы Алматыға жіберіп, Ленинградтық жауынгерлерге қолдау көрсету мақсатындағы тылдағы ауылдың жанқиярлық еңбектерін жеткізуге туған ауылының демеуін білдіреді. Соғыс кезіндегі бұл сапарды аға ұрпақ өкілдері мектептегі кездесулеріне Қажымұхан ауылына Ленинградтық КСРО басшыларының бірі Сергей Миронович Кировтың Қазақстанға арнайы сапарына ауыл еңбеккерлерінің жүрегінде мәңгі орын алған, жұлдыздай жарқ еткен, сол жылдың желтоқсанында қастандықпен өлтірілген алғашқы репрессия құрбаны болған ленинградтық көсемді аңсаған қазақ ауылының сағынышын жеткізгені еді.
Ел басына қауіп туғанда Қазақбаевтың аса зор ұйымдастыру қабілеті шыңдала берді. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Президиумі республика экономикасын соғыс талабына лайықтап қайта құру, әскерге көмек қолын созу, эвакуацияланған кәсіпорындарды орналастыра жүріп, жаңа фабрикалармен зауыттарды іске қосу, КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің шешімдерін мүлтіксіз жүзеге асыруды ұйымдастырып, үйлестіру жөнінде көптеген күрделі де жауапты міндеттерді атқара отырып, еңбекшілердің күш-жігерін майдан үшін, жеңіс үшін жұмылдыруға зор көңіл бөлді. Ә. Қазақбаевтың Отан қорғау ісіне қосқан зор үлесі туралы, майдан мен тылдың бірлігін нығайтудағы зор жұмысы туралы айта келіп КСРО –ның бұрынғы финанс министрі А.Г. Зверев өзінің «Министрдің жазбалары» деген кітабында былай деп көрсетті: « Республикаларда, өлкелерде, облыстарда, аудандар мен округтерде көптеген жолдастар тамаша еңбек етті. Ортақ іске Ә.Қазақбаев /Қазақстан /… секілді жолдастар көп көмектесті».
Бұл айтылған үлкен теңеудің өзі жерлесіміз Әбдісәмет Қазақбаевтың Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар достығының жаршысы, шынайы интернационалист болғанын, ел басына күн туғандағы санаулы қазақтан шыққан республика басшыларының ерліктерін айқындайтын көрінісі еді.
Халық үшін маңдай терін төккен аяулы азаматымыз Әбдісәмет Қазақбаев Қазақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі және оның бюро мүшесі болды. ВКП/б/ -ның ХVIII съезінің делегаты, I және II сайланған КСРО және Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне депутат болды. Оның Қазақстан республикасына сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, екі мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды.
Ә.Қазақбаевтың тапсырысымен 1943 жылы Қаныш Сәтбаев, Мұқтар Әуезов, Ахмет Жұбановтардың ұйымдастыруымен т. б қазақтың ен маңдай алды ел даналары өткізген тұңғыш Жамбыл, Шашубай, Малайсары т.б -ақындар қатысқан айтысы елдің соғыс кезінде рухын көтеру жолында ерекше орын алды.
Соғыстан кейін қудалау істері басталған болса, солардың басын ең бірінші болып, мемлекеттік лауазымдағы әуелі ел тізгіні басында, тұтқасында тұрған ӘБДІСӘМЕТ ҚАЗАҚБАЕВТЫ іліктіріп, ал 1950 жылдар басында елдің мәдениетіне зор үлес қосушы Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Жұбановтарды қуғындау кезеңдері басталды. Оны тіпті осы барша қазақтың зиялыларымен қарым-қатынас жасамау үшін Алматы астанасынан тысқары алыс ауданға жер аударылған. Бірақ қашанда туған елінің әрбір жерін бірдей көрген Қазақбаев маңайындағы жаңа адамдарын да ортақ іске жұдырықтай жұмылдырып, Талдықорғандағы Киров ауданын гүлдендіріп-өркендетіп шығарды ғой деген еді, партия, кеңес қызметкерінің туған құдасы Мұқат Мейірманов талай айтар сырларын жалғастырып. Ол еш жазықсыз қапыда қалай ысырылғанына бейхабарлығынан өмір бойы ойлап, кейін сол уайымнан, ауру жамап өмірмен ерте қоштасты. Ол қазіргі кейбір басшылардай өз қарабасын ойлап, маңайына мансап қуған жандарды көп шоғырландырмады өкіметтің талай лауазымды қызметін адал атқару жайы болса да табиғатында адал да, таза жан Әбекең олай істеуге ешқашан бармайтынын талай дәлелдеген. Оның маңайында біздей төменгі шендегі жандар, сенін әкеңдей адамдықты ту еткен қарапайым жандар, өз мүддесінен гөрі ел мүддесін жоғары қойып, жан аянбай еткен, елді алға қарай шын жүзінде өркендеткен еңбекші, жұмысшы қауым тұрды.
Ол жөнінде …. Дінмұхаммед Қонаев өзінің «Ақиқаттан аттауға болмайлы» (115-116 беттер), «Өтті дәурен осылай» атты кітаптарында былай деген: 10 он жылдай Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы қызметін атқарған Әбдісәмет Қазақбаевтың не үшін орнынан алынғаны маған жұмбақ. Әйтеуір Талдықорған облысының Киров / қазіргі / Көксу аудандық атқару комитетінен бірақ шыққанын білем. Оның орнына әуелі Қостанайдан, сосын Павлодар облаткомы төрағасы Даниал Керімбаев сайланды. Сол жылдары қан майданынан тар жол, тайғақ кешуінен өткен жігіттердің үлкен тобын партия, кеңес және шаруашылық жұмыстарына көптеп жіберу дәстүрге айналғанды..
Жоғарыда айтылған 1937-1958 жылдары қазақ еліндегі, халық арасында «Қазақпайды , біз сүйеміз, Қазақпайға бас иеміз» әуелеген әнмен қатар, сол жылдар «Қазақбай, Әбдісәмет, Әпсемет/естулері бойынша / есімді аттар-есім жас нәрестелерге жиі берілген. Осы аттас есімдерді ауылымызда 5 адам иеленген, соның ішінде менің ата көршіміз Дәтке -Оспан/ халық тарихи деректер мен даталарды дәлме-дәл айтатын шежіреші білімдар азаматын, осылай атап кеткен, осы жазылған макалада 50 жылдан астам дерек жинауда , көрсеткен бағыты мен дерек берудегі шынайылығында Оспан атаның енбегі / 3 –ұлы менің төл құрдасым Қазақбай Әбжанов бар. 4 жыл бұрын қайтыс болған Қазақбай дос тірі болса Әбдісәмет Қазақбаевтың биылғы 125 жылдығында 70 жасқа толар еді. Сондай-ақ көрші ауылдағы Қазақбай Қисықұлыда өз аты ұлы тұлғаның есімімен байланысты екенін мақтан тұтатын. Сондай-ақ осы мақала баяндама ретінде 10-15 жылдар бұрын халықаралық конференциялар жинағына енгенде, мақала авторына Әпсемет есімін иеленгендер арасында іздеушілер өте көп болып кетті … Соның бірі, 2013 жылдар Астанадағы мұрағат директоры Тарих ғылымының докторы, профессоры Әпсамет т. б. лауазымды тұлғалар мен қарапайым жандар хабарласып құттықтап, қуаныштарын білдірген еді. Сол жылы автобус аялдамасында кездесіп, әңгіме барысында Көктал кентінде тұратын, көкірегі ояу, жүріс-тұрысы ширақ, жастарға үлгі зиялы астаналық ардагермен кездестім. Танысқанда Сыздықов Әбдісәметпін. 1937 жылы 1 қыркүйекте туған ата-аналарым Қазақбаевты жақсы көргендіктен қойыпты. Көрнекті тұлға туралы мақтанышпен көптеген деректерді айта отырып, «менің есімім Әбдісәметтің құрметіне қойылғанына қашанда мақтан тұтамын. Ілім –білімге Әбдісәметтей өз бетіммен құштарлығыммен, адал еңбек , маңдай тердің ақталғанымен саналы да, сапалы ұрпақ өсірдім. 1 ғана мысалмен 12 жасар немерем Әсемгүлімнің өзі 6 жасынан шет елдер: Франция, Ресей, Италия, Америка , Еуропа елдері, Қытай , Египет сияқты мемлекеттерін өнерімен тамсантып жүр. Ұрпағыма аталарына сай өсуіне Ә.Қазақбаевтай тұлғаларды өнегелі өмірін дәріптеп дарытуларына ықпал жасау — біздің міндентіміз» , — деді. Сарыарқаның төрі ұлтымыздың төресі болған Ұлытауда туған , саяси -қайраткерлік өмірін Сәкен Сейфуллин сияқты Ақмола, қазіргі Астанада өткізген Әбдісәмет Қазақбаевты еске алып отыру қазақстандықтардың абыройлы борышы . Оның әрбір жүріп өтен жолы әр адамды дәл өзіндей қабылдап, бірдей көріп, қызмет лауазымына жарамай бірдей ұштау тәсілі, ауыл-қала, бай-кедей, ислам,-хрестьян, ұлттарға бөлуде, рулық- жер-жерлерді, жершілікке бөлу, артына ешқашан тамыр-таныс, команда ерту дегенді ойламай , Киров басшыдай ар адамды тұлға ретінде танып, тәрбиелеп отырған. Дүние –мүлік жинамаған, тек кітап, оны оқу оның басты байлық қазынасы болған. Әкеме жылдар байы өз өмірі жолындағы деректерді , біраз кітаптарын сыйлаған екен. АБАЙ кітабы қалған…… 1948 жылы мен Қазакбаевтың көмекшісі едім деп келген бір пысықай , ата-анамды алдап олардың сандығында жатқан Ә.Қ. қазынасын мұрасын алып кетіп , аты да затыда жоқ айлакер қарасын көрсетпей іс-түзсіз жоғалып кеткен. Әкемнің сол өкініші жылдар бойы сендерге тапсыра алмадым деп , көрген –білгендерін өмір бойы айтып кетуі қандай жақсы болды.
СОНДЫҚТАН 45 жылдық 1 миллион оқырмандарым пайдаланған бұрын 15 мын болған , казіргі 9 200 кітапхана қорын туған ауылыма сыйлап Қазақстан бойынша дәстүрлі кітапхана жинақтауға барымды , сонымен қатар сандық жүйеге көшпеген кітаптар мен миллиондаған ұлы тұлғалар өмір беттерін БАҚ құралдарын электрондық кітапханаға айналдыруда жалғасқанын тілеймін. Базалық деректерді тегін беремін.
Ол үшін Қазақбаев тұрған үйдің орнындағы салынған ескі мектеп ғимаратына Ә. Қазақбаев атындағы мәдени орталық, дәстүрлі кітапханасымен, сат-сана дәстүрге сай тұрақты ою-құрақ, тұскиіз. текемет ұлттық киімдер көрмелері мен тегін мастер класс өткізетін болса Жаңа әділетті Қазақстанның өскелең ұрпақтарының болашағына тәлім-тәрбие беруде ең маңызды атауын ұлттық құндылықтарды насихаттарды дәріптеу жолы болмақ.
Осы мақаланы жаздыруға атсалысқан жандардың тарихи деректеріне таңданыспен болдым. Тәуелсіз ел болдық, бірақ тәуелсіздік жолына өз үлесін қосып, ерекше сіңірген Қазақбаевтай ҚАРАПАЙЫМ өмір сүрген естілері келмей, сол жылдары қатар қызмет атқарған жандарға жершілдікпен телу , танығысы келмеген 50-70 жылғы дәуірге тән болса , ал казіргі жана Қазақстанды Құрушы зиялы адамға да үлкен сын.
Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени-рухани тарихында өшпестей ізі қалған тұғырлы тұлға.