№6 Маусым 2023
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін осыдан бірер жыл бұрын ғана мәдениет саласын өркендетуге бағытталған «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» сынды бағдарламалар қабылданды. Тіпті, 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы болып белгіленген еді. «Мәдениет туралы» заң да бар. Алайда салада жүйелі шешімді қажет ететін ә Қазіргі қоғамда музыка, кино, театрға қатысты айтылар сын көп.
МӘДЕНИЕТ ПЕН СПОРТТЫ БІРІКТІРГЕННЕН НЕ ҰТТЫҚ?
Жақында VIII сайланған Парламенттің бірінші сессия¬сының ашылуында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы саясатты жан-жақты ойластырып жүргізу керегін атап өтіп, қазір бұл саланы өркендету үшін жаңа тұжырымдама жасалып жатқанын айтты.
«Бұл құжат еліміздің мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде шешуші рөл атқарады деп сенемін. Шығармашыл зиялы қауым көпшіліктің көңілінен шығатын, мемлекеттің мүдде¬сіне сай келетін туындылар ұсынады деп үміттенемін» деді Президент.<лгет және спорт министрлігін қосақтамай, бөліп тас¬таған аса маңызды. Салыстыр¬малы түрде алғандағыведомствоға бөлініп, жаңадан Ғылым және жоғары білім, сондай-ақ Оқу-ағарту министрліктері құрылды. Яғни орта білімді, жоғары білім мен ғылымды бірін алға жібермей, екіншісін артта қалдырмай, қатар дамытуға жол ашылды. Сол сияқты мәдениет және спорт бөлінуі керек. Мәселен, бірнеше жыл бұрын Астана қаласы әкімдігінің Мәде¬ниет және спорт басқармалары біріктірілді. Кейіннен қала басшылығы бұл ұтымды шешім болмағанын түсініп, екеуін бөліп жіберді. Бүгіндері елорданың Мәдениет басқармасы бөлек, Дене шынықтыру және спорт басқармасы өз алдына жұмыс істеп отыр.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВТОРЛАР КӨБЕЙЕ МЕ?
Президент Парламентте сөйлеген сөзінде адам капиталын тұрақты дамытудың, ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудың маңызына айрықша тоқталды. Шыны керек, қазір балаларымыздан бастап жастарымыз да бөгде мәдениетке бой ұрып барады. Мәселен, музыканы алғанда өскелең ұрпақтың көпшілігі орыс немесе шетел әндерін тыңдайды. Бұған, әрине, ғаламтордағы, теледидар мен радиодағы жат тілдегі қаптаған контент кері әсерін тигізіп отыр.
Жас ұрпақ тәрбиесінде театр және концерт ұйымдары репертуарының да маңызы зор. Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мәдениет саясатының тұжырымдамасында еліміздің театр және концерт ұйымдарының репертуарларында шетелдік авторлардың шығармалары басым екенін, бұл өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге мүмкіндік бермейтінін мойындады. Шешім ретінде 2029 жылға қарай жыл сайын қазақстандық авторлардың 600 спектаклін сахналау жоспарланып отыр. Қойылымдар санының артуы кезең-кезеңімен жүзеге асады. Мысалы, биыл 245 спектакль қою міндеті тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 62 қойылымға артық.
Мәдениет және спорт ми¬нистрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешевтің айтуынша, жалпы еліміздің театр өнерін дамыту – ведомствоның алдағы бірнеше жылдағы басты міндетінің бірі. Қазір ұлттық драматургияда авторлардың тапшылығы сезіледі, жас драматургтер саны саусақпен санарлық. Осы орайда министрлік тарапынан жас талантты авторларды қолдау, жаңа есімдерді анықтау мақсатында өткен жылдың аяғында «Айбоз» тұңғыш ұлттық сыйлығы, «Дала дауысы» шығармашылық байқауы таға¬йындалды. Дұрыс, әрине, бірақ мұнда да бір олқылық кеткен. «Дала дауысында» жүлде алған опера авторларын алалауға жол берілді. Еңбек ортақ болзғдан әлдеқалай аз мөлшерде қаржылай ынталандырылған.
Репертуар мәселесіне оралсақ, театрларда аударма спектакль¬дер көп қойылатыны рас. Ал опера театрлары ұлттық операдан гөрі шетелдік классиканы қоюға құмар. Мәселен, «Астана Опера» театры репертуарында «Абай», «Қыз Жібек», ¬«Біржан-Сара», «Алпамыс» сынды бар болғаны ұлттық төрт-ақ опера бар. Аталмыш өнер ошағы былтыр «Ер Тарғын» операсын қоямыз деген хабар таратқан еді. Бірақ мұның жүзеге асуы баяулап тұр. Бұл аттары аталған туындылардың алды тоқсан жыл бұрын жазылып, қазақ опера өнерінің классикасына айналды. Кейін де ұлттық опералар жазылды. Мысалы, бірнеше жыл бұрын белгілі композитор Марат Ілиясовтың аузынан Әсет Бейсеуовтің даңқты батырымыз Бауыржан Момышұлына арналған «Батыр Бауыржан» операсы барын естідік. Бірақ бұл туындының жазылғанына қырық жыл болса да, әлі еш жерде қойылмады. Былтыр «Дала дауысы» шығармашылық байқауында жүлде алған Қанат Жүнісов пен Әліби Әбдінұровтың «Сәкен» операсы да өз кезегін күтіп тұр.
ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРГЕ ҚОЛДАУ БОЛА МА?
Жоғарыда қазіргі жастардың көбі орыс немесе шетел әндерін тыңдайтынын жаздық. Соның ішінде олар эстрадаға әуес. Жақында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған рухани өнер кешін ұйымдастырды. Оған, негізінен, қарттар мен орта жастағы адамдар жиналды, жастар жоқтың қасы болды. Оның үстіне қазақ ән өнерін қалыптастырушы халық композиторының мұрасына арналған концерт кішкентай камералық залда өтті. Ақанның шығармашылығына бойлататын кешті дүркіретіп үлкен сахнада ұйымдастыруға болар еді. Концерт афишасында белгілі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеу-тай қатысады деп көрсетілген. Бірақ ол шақырылмаған да екен. Сылтау – әншіні Алматыдан Астанаға алдыруға қаржы бөлінбеген. Жалпы Мәдениет және спорт министрлігіне тікелей бағынышты ұйымның бұл концертіне министрлік еш шығындалмай, «Қазақконцерттің» «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы өнерпаздарының күшімен өткізе салған сияқты. Осыдан-ақ ұлттық музыкалық өнерге қолдау кемшін түсіп жатқаны білінеді.
Жалпы Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, өнер, руханиятқа қатысы бар тұлғалардың мерейтойын тиісті деңгейде атап өтуден қашып, аймақтардың әкімдіктеріне ысыра салатын болыпты. Мұны үрдіске айналдырғанына да біраз жыл болған секілді. Соған сәйкес тиісті қаржы да облыстардың қазынасынан бөлінеді. Мәселен, таяуда Ақан серінің мерейто¬йына арналған республикалық байқау Көкшетау қаласында өтті. Жақында әнші, композитор, Қаз КСР Халық әртісі Манарбек Ержановқа арналған «Сайра, бұлбұл» атты республикалық І дәстүрлі әншілер байқауы Ұлытау облысының Жәйрем кентінде өтті деген жаңалықты естігенде не қуанарымызды, не мұңаярымызды білмедік. Қазақ опера өнерінің басында тұрған әншілердің бірінің байқауын өзі туған Ақтоғай ауданында, тіпті облыс орталығы Қарағанды қаласында өткізу олқы болар еді.
НАҒЫЗ ӨНЕРПАЗДЫ ҚАЛАЙ ТАНИМЫЗ?
Халық әртісі демекші, бұл жоғарғы атақтың жойылғанына да біраз жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы атақты қайтаруға тапсырма берді. Президент Парламентте айтқандай, биыл Респ аиет қайраткерлерінің алғашқы тобы марапатталады. Бұл халық құптағаселасындағы ең жоғарғы атақ – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері әр сала қызметкерлеріне беріледі. Бұл халықтың нағыз өнерпазды тануына септеспейді, шындығын айтқанда, еңбек сіңірген қайраткерді ортақол әншілер, актерлер де алып кетіп жатыр.
Кез келген ұлт озық мәде¬ниеті¬мен де толыққанды ұлт болып саналады. Тіпті мемлекетті мемлекет қылатын да мәдениет. Мәселен, 1936 жылдың мамырында Мәскеуде өткен қазақ мәдениеті мен өнерінің онкүндігі Ресей құрамынан шығып, он бес одақтас рес-публиканың бірі болып, КСРО қатарына қабылдануымызға негіз қалады. Бұл 1936 жылдың 5 желтоқсанында қабылданған КСРО конституциясында мөрленді. Ресей құрамында автономия болып қала берсек, 1991 жылы тәуелсіздік алуымыз неғайбыл еді. Онкүндікте салтанат құрған мәдениетіміз бен өнеріміздің ұлылығының арқасы мен сол кезде өнерпаздарды Мәскеуге бастап барған халық комиссары Темірбек Жүргеновтің еңбегі – бұл. Осы туралы жақында «Темірбек Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы Сәби Аңсатовтың аузынан естідік. Қазіргі басшыларға Темірбек Жүргенов, Ілияс Омаров, Өзбекәлі Жәнібеков сынды мәдениетке шын жанашыр болған, саланы өрлеткен тұлғалардан үлгі алу керек. Мәдени саясаты озық ел қай жағынан да озық болады.
А.Қалжан