№6 Маусым, 2023
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жақында Қазақстан халқы Ассамблеясында сөйлеген сөзінде ел бірлігін нығайтудың бірнеше ізгі жолдарын атап көрсеткен болатын. Солардың бірі – 1 мамыр ел бірлігі мейрамы екені сөзсіз. Биыл бұл ұлы мереке елордамыз Астанада айрықша сән-салтанатпен өткізілді. Иә, еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі тойланып жатқанда Астанадағкітносаралық келісімнің жарқын мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырды.
Түскі сағат 12.00-ден бастап қала әкімдігі орналасқан алаңға жұрт көптеп жиналды. Астананың аспанын ән мен күйге бөлеп, сахнада эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Халықтың сүйіктісіне айналған Гүлнұр Оразымбетова, Алмас Кішкенбаев, Жігер Аупбаев, Әлішер Кәрімов, Дос, Қайрат Баекенов, Серік Ибрагимов сынды танымал әншілер әуелете шырқаған ән жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Концерттен бөлек тұрғындар ұлттық ойындар жарысын тамашалап, жәрмеңкеден өздеріне ұнаған бұйымдарды сатып алып жатты. Сондай-ақ елордалықтар мен қала қонақтары асық ату, қол күрес, арқан тартыс, гір көтеру секілді жарыстарды көріп, кейбірі тіпті өздері де бақ сынады.
Спорттық жарыс жеңімпаздары бағалы техникалық сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік іс-шарада корей, шешен-ингуш, татар мәдени орталықтарының өкілдері өнер көрсетіп, көпшіліктенұлтының өкілдерінен құралған ұжымның «Zazan» биі жұртшылықты тәнті етті.
– Ұйымдастырушыларға осындай концерт өткізгені үшін алғысым шексіз. Жұрт мерекелік көңіл күйде, бәрі де көңілді. Концерт өте тамаша деңгейде өтіп жатыр. Ересектер үшін де, балалар үшін де қызықты іс-шара. Барша қазақстандықтарды бүгінгі Бірлік күні мерекесімен құттықтаймын! Аспанымыз ашық, әр отбасында амандық болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді елордалық Александра Корнилова.