№5 мамыр, 2023

Ерте-ерте заманда алыстағы Жапонияда, басынан қара бұлт кетпейтін, әрдайым суық жел соғып, нөсер жауын жауып тұратын биік таудың шыңын жауыз қарақшылар мекен еткен екен. Олар үлкен үңгірде тұратын және ұрлаған мүліктерді де сонда тығып қоятын. Бір уақыт қарақшылар таудан түсіп, айналадағы ауылдарға шабуыл жасап, үйлерін өртеп, тұрғындарын өлтіріп, олардың мүлікктерін алып кетіп, жерге көміп қояды екен. Қарақшылар жүрген жерін ойсыратып, үйлерді өртеп, қиратып, кесапат, қайыршылық әкеліп, кәрілер мен әйелдерді жылатыпты. Жауыздардың озбырлығына абыржыған Император, қарақшыларға қарсы тауды жаулап алуға бірнеше рет сарбаздарын жіар әрқашан тойтарыс беріп отырыпты. Ақырында Император соңғы қалған самурайларының ішінен кәрі самурай Риоконы шақыртады.

–Риоко, — деді ол, — сен маған көп жылдар бойы қызмет етті. Сен енді менің соңғы өтінішімді орында. Мен саған армия берейіін, сен тауға барып, ол жерден ана қанішер жауыздарды қуып шық!
Риоко күрсінді.
–Алдияр тақсыр, мен жас болсам, оларды жалғыз өзім-ақ жеңер едім.
Ал қазір оларды өздігімнен жеңуге, не армияны басқарып апаруға менің дәрменім жоқ, мен өте кәрімін.
–Сонда қалай, мен қарақшылардың күшінен қаймығып отыра бермекпін бе?-деді Император.
–Жоқ, — деп келіспеді самурай.
–Олар өзіңдей кәрі болса, сонда олар саған көмектесе алар ма екен?
–Тақсыр, бізге сеніңіз,-деді Риоко.
Бірнеше күннен кейін жеті самурай жолға шықты. Оларда не ат, не семсер, қалқан, басқадай қару-жарақ болған жоқ және оларды көтеріп жүруге олардың шамалары да келмес еді. Самурайлар жай кезбе сияқты киінді. Таудағы қарақшылар оларды бірден байқады, бірақ олардың басшылары: «Бұл жеті қайыршы кімге керек дейсің. Көтеріле берсін»,-деді. Кезбелер үңгірге жақындап келгенде, Риоко: «Біз жылынып алайық, кіргізықіздердің мазаларыңызды алмаймыз»,-деді.
–Кіріңдер, бұрышқа жайғасыңдар,-деді қарақшылардың басшысы, оларды менсінбей. Кезбелер бір бұрышта сығылысып отырды, ал қарақшылар болса, үстелдің бан ды ішіп-жеп, той-думан құрды. Анда-санда олар шалдарға тамақтың қалдықтарын лақтырып: «Біздің жомарттығымызды пайдаланыңыздар. Жеңдер, сендер үшін бұл артық болса да». Бірнеше сағат өткен соң, Риоко орнынан тұрып, қарақшыларға»: Жел басылды,-деді, — біз енді сапарымызды жалғастыра аламыз. Сіздердің қонақжайлылықтарыңызға ризашылығымызды білдіріп, сіздерге мына сусынды сыйлайық деп едік. Бұл сакэ-күріш арағы. Біздің денсаулығымыз үшін ішіп қойыңыздар», -деді. Қарақшыларды ұзақ көндіріп жатудың қажеті болған жоқ. Олар Риоко ұсынған шөлмекті әп-сәтте құрғатып, көп ұзамай үңгірдің еденінде сілейіп өліп жатты. Шөлмекте күшті у бар еді. Сөйтіп, кәріліктен қару ұстауға шамалары жоқ жеті самурай Императорға тағы да адал қызмет көрсетті.

С.Қалдыбаева