№5 мамыр, 2023
Жас ақындар шығармашылығы бұлт астындағы жұлдыздай әр тұстан қылаң беріп жүр. Алайда, жастар поэзиясы жөнінде жүйелі талдау, сыни мақалалар аз. Көзге көрініп, ктышоғырына аз-кем тоқталуды жөн көрдік.
Файзулла Төлтай – 2017 жылдан бері өлеңдері интернет желісінде, әлеуметтік желілерде жарияланып жүрген жас ақын. Өзінің интелектуалды ойлау жүйесімен, жаңашылдыққа құмар талантымен ерекшеленген ақын жырлары, шынында, қуанарлық.
Бәрі – бөтен.
Бәрі – жат.
бір өзгеше күйге еніп,
Өмір жазған Өлеңнің шимайына иленіп
отырамын –
адамдай
Мен деген –
Дәруішпін адасқан.
Жол көрсетші ақық түн.
Өз ішімнен өзімді іздеймін деп жалықтым.
Жас ақынның жан дүнесі есігі көп, терезесі сан түрлі лабиринт секілді. Онда зәредей жалғандық, нүктедей сенімсіздік жоқ. Ол әрқашан өз ішінен өзді-өзін іздеген дәруіш кейіптес. Сірә, тұлғаның шынайы мұраты да өзін іздеу арқылы сол әлемде болған майданды ашып көрсету, оқырманға ой салу болса керек. Файзулла жөнінде Түркі әлеміне танымал ақын Мұхаммед Салық: «Файзулла өзіндік ойлары мен сезімдерін қағазға төгу үшін көбіне өлеңді верлибр түрінде жазған. Соған қарамастан, кіл түркі поэзиясына ортақ классикалық өлең формасын да жетік меңгергені көрініп тұр. Рухани жағынан Файзулланың өлеңдері пошым-формасына қарамай, ХХ ғасырда Түркістан үшін от кешкен Мағжан, Чулпон т.б. сынды жәдітшілдер мұрасына жақын. Дегенмен жас ақынның шығармашылығына қарап отырып, классикалық Түркі әдебиетінен посткласcикалық Түркі әдебиеті дәуіріне өтіп бара жатқанымызды байқауға болатын секілді»–деген толымды пікір айтқан болатын. Поэзияға жаңашылдығымен, ерек аяқ алысымен келген жас ақыннан көтер үміт те, сенім де мол.
Қуаныш Жазай – өзгеше сезімталдылығымен, ұлттық поэтикалық құнарынының молдығымен оқырманды елең еткізген жас ақын. Кез келген әлем әдебиетінің алыптарына назар салсақ, өз ұлтының фольклорынан, туған топырағының халық әуендерінен қуат алғанын байқаймыз. Қуаныш жырларынан қазақы қара өлеңнің, ауыз әдебиетінің лебі еседі.
Қарағым, айналайын, бүлдірген көз,
Сені де сағынта ма бір жүрген кез?..
Еркелеп сен күлімдер,
Мен «күнім» дер,
Кез ғой ол!
Жүрегімді сол тілімдер.
Сыңғырлап, ой-хой, күміс теңгелері,
Дариға-ай, қайда кетті шолпы-күндер?!
Міне, шумақтың алғашқы тармағынан-ақ қараша ауылдың бейнесі, ақкербез
қалқатайдың бота көзі мұнартады. Шынында, ұлттық тамырмен жалғаспаған
поэзия түбірсіз қаңбақ секілді. Тамырсыздық дегеніміз қашан да дерт, рухани
кесел болып қала бермек. Соңғы кезде әлем әдебиетінде белең алған
постмодернизм жанры ұзақ ғұмыр сүрмесі анық. Өйткені халқының сан
ғасырлық шежіресін, тарихын, баба өсиетін қаперге алмаған шығарма –
жарымжан шығарма, мүкіс дүние.
Ақ қурай, сары қурай, қызыл қурай,
Тоқтай тұр ескі әуенді сызылдырмай.
Жан қалқам кербез басып барады өтіп,
Маған да, саған да бір жүзін бұрмай.
Ал, тыңда, үйретейін мен бір әуен,
Ол әуен – тұнып жатқан мөлдір әлем.
Қобызбен зарын айтып жеткізе алмас,
Бере алмас қуанышын домбырамен.
Жүрегі кәусар жырға толған жас ақынның бұл шумақтары жоғарыдағы
сөзіміді тағы да дәйектемек. Әрқилы ізденісін ұлт поэзиясының қоржынына
құйып, поэзиязымызды өркендетер ақынның қадамы сәтті болғай.
Поэзия – меншік емес. Кез келген шығармаға қойылар кесімді талап жоқ. Әр
автор қал-қадірінше, талант атты пырағымен өзінше қалам сілтемек. Айдын
Байыс есімі бүгінгі әдеби ортаға жақсы таныс. «Құснихат» атты жыр жинағы
жарық көрген жас ақын сан-салалы өрнегімен көзге түсіп, ерте бастан-ақ аға
буын ақындардың лебізіне ілікті.
Жаным Балқаш, жағаңа жетсем қазір,
(Жаман ұлың жатырқап кетсең де әзір)
Ертегіде айтылған алтын балық,
Ол да сенің суыңда – тек сонда жүр.
Естіледі ескі әуен кешке мұңлы,
Толқын жұтқан қайықпын ескегімді.
Жағаңа жетсем болды бар арманым,
Жетіп алып білмеймін не істерімді.
Айдын өлеңдері бәзбір ақындар секілді әркімнің шалығынан, еліктеуінен туған дүние емес. Көңіл-күй, ішкі ырғақ жағынан тұтас қалыптасып үлгерген ақын жырларында артық ақау, өрескел шашау жоқ. р ауыр-ауыр. Жас ақын жөнінде көрнекті ақын Аманхан Әлімұлы: «Жас ақын өз буына піскен палаудай ісіп-кеппей, шығармашылық денсаулығы мен тазалығын бұзып алмай, дәл осы бағыт-бағдардағы көркемдік пен суреткерліктің бастауы тіл мен образ, музыканы игерген қазіргі қадыр-қасиетін жоғалтып алмаса, ұзаққа барады. Сосын, маған оның шашыраңқылықтың бастауы – көпсөзділік пен боссөзділіктен ада, жыр жолындағы логикаға негізделген жинақылығы да ұнайды» деп пікір білдірген болатын.
Қызықтыра қояды кімді мұңым?..
Тарқатамын білектей Түн бұрымын.
Паранжалы бикеш ол!
Қылығы ерке…
Балбыраймын қызықтап былдыр үнін.
Мөлдір шықтай музаның бұл мекені,
Нәзіктігін жанымның нұрлы етеді.
Өлең саулап аспаннан өзегіме,
Түн бикенің толады гүлге етегі.
Айдын Байыстың «Түн» өлеңі оның нағыз ақындық болмысын ашып тұр. Бұлай тек ақын боп ту ан боп туу бар да, ақын боп өту бар. Осы екі қанаты тең болған ақын ғана ғасырлары көшінен орын алмақ.
Қорыта айтқанда, жастар поэзиясы өз ырғағымен өркендеп келеді. Мемлекет тарапынан жасалатын қолдаулардың да жыл сайын саны артуда. Дәл осы қарқынмен әдебиетіміз жаңара түссе,зо
Тортай Үсен