№5 мамыр, 2023
Жаратушы Иеміз халқымызға жер байлығын да, тіл байлығын да, қисапсыз рухани байлықты да аямай-ақ берген. Əттең, біз кешегі бір жылдары соның бәрін оңды-солды шашумен болдық. Онымызға анаған да, мынаған да еліктеп қырық құбылған көрсеқызар, əсіреқызылдығымыз қосылып, жас ұрпағымыздың ертеңгі күні кім боларын ойламайтынымызды көрсете бастады. Соның бірі қазақтың халық ертегілерін анимациялау ма деп қалдық. Әнебір кезде республика кинотеатрларына кеңінен таратылып, мол ақша түсіріп жатыр деген даңғазаға толы «Ертөстік» мультфильмі дəл осы уайымымыздың бекер еместігін дəлелдей түскендей болды. Əлде, оның осындай зияны мол екенін аңғармау ма, əлде мол ақша түсіп жатыр деген ұранға үн қоссақ болды деген тайыздық па, əйтеуір, бұл фильмді кейбір журналистер аспанға асқақтатып мақтай бастады. Рас, олар ара-арасында фильмнің кемшіліктерін де жұқалап қана айтып өткен болады. Дұрысына келсек, бұлар жұқалап, сипақтатып айтатын кемшіліктер емесекеніне көзіміз жете бастады. «Қазақфильм» киностудиясы «Көшпенділер» деп аталатын не тарихи, не көрні шығарғанда да осылай жұқалап, сипақтатып айтып, ақыры қоя салғанбыз. Ақсақал актеріміз Асанəлі Əшімов «О-ой, бұл фильмнің прокаты керемет болайын деп тұр» деген сəуегейлігі əшейін құр сөз болып қалды.
Рас, «Жаужүрек мың бала», «Көшпенділерге» қарағанда «ат,тонды» азамат дерлік болды. Оған да «бұл да көркем фильм ғой деген сөзді желеу қып, Сартай батырдың өмірінен, тарихи шындықтан шалғай кеткенін көп ақша түсіргендігімен жаба салдық. Рухани құндылықтан гөрі материалдық құндылық, ақша мен байлық үстем болып тұрса не шара?! Бірақ…
Бірақ, мəселеге төтесінен келер болсақ, бұдан былай қазақ ертегілерін «Ер Төстікше» түсіруге дереу, тездетіп тыйым салуымыз керек пе деп қалдық. «Ер Төстік» атты бұл анимациялық толықметражды фильм туралы баспасөз бетінде айтылған ескертпелер мен реніштердің бəрі дерлік бірбіріне ұқсас. Демек, соның бəрі негізсіз айтылмаған деуге əбден болады.
«Ер Төстік» қазақ халқының ауыз əдебиетіндегі ең бір көркем де, көрнекті, мазмұнға өте бай таңғажайып дерлік құндыдүние. Мұндай рухани баға жетпес рухани құндылық əлем халықтарында кездессе де өте сирек кездеседі. Сонау ел қорғаған баһадүрлеріміз де, күміс көмей көсемдеріміз бен қара қылды қақ жарған билеріміз де, кешелі-бүгінгі ғұлама ғалымдарымыз бен сөз зергері шайырларымыз да «Ер Төстікті», «Керқұла атты Кендебайды», «Алтын сақа», «Күн астындағы Күнікей қызды» жəне басқа сөз інжуін жастайынан қариялардан естіп, кітаптардан оқып өскендер. Ұлттық рухқа, ұлттық мəдениет, ұлттық салт-сана, ұлттық тəрбие, ерлік пен махаббат көріністері тасып-төгіліп тұрған осынау ғажайып дүниені фильм қып түсіріп, бүгінгі ұрпаққа ұсынбай тұрып, «Қазақфильм» АҚ ауыз əдебиетінің, мəдениеттің білікті ғалымдарымен, ақсақал тарихшылармен, əсіресе, ең бір ұлт жанашыры саналатын қаламгер қауыммен ақылдасуы керек еді. Амал не, қазынадан бөлінген қаржыны қайткенде тезірек игеру бірінші мақсатқа қойылатын осы заман қағидасының зардабы «Ер Төстікке» де тиді.
Тіпті, оның қоюшы режиссері Жəкен Дəненовтың «Ер Төстіктің» бейнесі суретшілер қиялынан туды» деп, көп ойсөне ешкім де көп бас ауыртпағанын ап-анық дəлелдеп-ақ тұр. Өйткені, Ер Төстіктің бейнесін ұлттық мəдени, тұрмыстық, салттық дəстүрден хабары аз кез-келген суретші өз қиялымен салуына хұқы жоқ!. Төстіктің үстіндегі киімі қазақ түгіл бүкіл Азия, бүкіл түркі жұртының үш ұйықтаса түсіне кірмейтін нəрселер. Қазақ ертегілерінің, аңыздарының сорабымен (желісімен) бірлі-екілі фильмдердегі батырлардың киім үлгісі, осы анимацияның тақиясына тар келмес» еді. Амал не, «Айтақ!»-десе тұра шабатын əдетімізбен Төстікті, батыс Еуропа рыцарьларының ба, əлде, Ескендірпатшаның, əлде, крестжарығы заманының көк темір киімінің үлгісімен құрсаулап тастапты. Тіпті, ол Төстіктен гөрі көп жағдайда Вольтердің Айвенгосына ұқсап кеткен. Ал, оның шашын өсіріп, төбесіне түйіп желке тұсындағы жиек шашын бірнеше бұрым қып өріп қоюын ешнəрсемен ақтап, дұрыстығын дəлелдей алмайсыз. Бұл орайда Жəкен Дəненовтың бұрын көшпенділердің батырлары шашын өсіріп, түрлі шаш үлгілерін жасаған деуі құр долбар, алдаусырату немесе солай емес екенін дəлелдеп көрші деп тұрған адамның айта салған сөзі. Оның жауабын суретшілердің қиялы деп алдында өзі-ақ айтып қойғанын режиссер бұл жерде ұмытып тұр. Жалпы, баяғы ертектерді көшпенділер заманы, отырықшылар заманыдеп бөлудің өзі онша білікті, онша терең адамның сөзі емес. Жəкен Дəненов журналистке берген жауабында Ер Төстік көшпенділердің батыры дейді де, бір кезде оған бүгінгі технологияның соңғы жетістіктерін қосуды жөн көрдігі несі? Астында ат, үстіне ортағасырлардың бас кезіндегі темір сауыт киген Төстік пен түйелі Кенжекейдің замандасы перінің қызы Бекторының қолында ауыл балалары түгіл қаланың көптеген қуаяқтары ұстап көрмеген планшет, айпад сияқты ХХІ ғасыр құралдары қайдан жүр? Сол перінің қызы Бекторыны Жəкен Дəненов Бапы ханның қызы дегені қалай? Бекторы ертекте Бапының емес перінің қызы. Халық ұғымында перінің қыздары əрқашан сұлу келеді. Ендеше, перінің қызы, яғни, перизат Бекторы қолындағы ХХІ ғасырдың құралымен Кенжекейдің сұлулығын өзінекөшіріпалуғатырысатындайбасына не күн туып тұр? Бұл айтылғандардың бəріне бірінші жауап: осының бəрі режиссердің де, оның кеңесшілерінің де, суретшілердің де қазақтың ұлттық рухани мұрасынан мол хабарының жоқтығынан дер едік Екіншіден, қазіргі қазақ киноөнеріндегілерде бірыңғай Батысқа еліктеу, соларға ұқсасақ, озық мəдениетті болатын шығармыз деген ой ғана бар. Ал, мұндай ой ұлттық намыстан, ұлттық санадан, ұлттық мақтаныштан не жұрдай, не сол қасиеттері тапшылау, білім-білігі төменқол адамдарда жиі ұшырасатынын көзіміз көріп жүр.
Ал, енді, қоюшы-режиссер Жəкен Дəненовтың кіп-кішкентай көрерменнің «Ер Төстік» қолынан қан ақса, неге құлапқалабереді?» деген сұрағына берген жауабының түрін қараңыз: «Ер Төстіктің қаннан қорқатыны батырлығын кемітпейді, ерлігіне кедергі келтірмейді, қайта адам екенін аңғартып тұрады» – дейді («Ұлан» газеті 9-сəуір 2013) ол. О заман да, бұ заман Ер Төстік адам ба, əлде басқа бір мақұлық па деген күмəнді сауал туып па еді? Ау, Ж. Дəненов жаңа ғана Ер Төстікті көшпенділердің батыры демеп пе еді? Жалпы, сөйлеген сайын осылай өз сөзіне өзі қайшы келетін, сөзінің табан тірер бұдыры жоқ адамға «Қазақфильм» халқымыздың қасиетті руханиқазынасытуралыфильмтүсіруді қалай тапсырған десеңізші?!
Бұдан əрі қазбалай берсек, бұл анимациялық фильмнің музыкасына да, мəтіннің тіліне де байланысты көңіл қалдырарлық тұстаржеткілікті-ақ. Онықоя тұрайық. Біздің айтпағымыз «Ер Төстік» фильмінде қазақтың осыаттас таңғажайып ертегісіндегі ұлттық көріністің ізі де, исі де қалмағаны. «Ер Төстіктей» əлем əдебиетіндегі теңдессіз дүниені бүгінге, Батысқа бейімдеймін деп бұлайша тоз-тоз қылу ұлттық қазынамызға, ұлттық салтсанамызға зор зиян келтірумен бірдей. Біз «Ер Төстік» ертегісін ұлтымыздың өте асыл мəдени мұрамыз деп білуіміз керек. Біз бұл жерде фильмді дəл ертектегі нұсқасындай қып түсіру керек деп отырған жоқпыз. Тіпті, сөйтсе де артық болмас еді! Дегенмен, мейлі көркем фильм, мейлі анимациялық фильм болсын, біз солардың ешқайсысында өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді, ұлттық болмысымызды басты орынға қоюымыз керек екені қаншама айтылып келе жатса да соған құлақ аспайтын ауруға душар болғанымызды айтсаңызшы. Жалпы, Ж. Дəненовтың «Ер Төстікті» бүгінгі анимациялық фильмнің талабына сай түсірдік дегенін қалай түсінесіз? Фильм, оның ішінде анимациялық фильм ешқандай басқа талапқа емес, ұрпақ тəрбиесі, оның ішінде ұлттық тəрбие талабына сəйкес түсірілуі керек. Жəне оның сценариін де, музыкасын да жастайынан қазақтың ұлттық əдебиеті мен мəдениетінің кəусарынан қанып ішкен, ұлттық санасы жоғары адамдар жазуы керектігін ескерсек екен. Қазір Ресейде шығып жатқан анимациялық фильмдерді қарап отырсаңыз тек орыс рухын, орыс салт-сапасын аспанға асқақтатуға бағышталғанайдайанық көрінеді де тұрады. Ал, біздікі тек еліктеу, не екенін өздері де білмейтін «цивилизация»-дан қалып қоймау. Ал, ондай фильм жасаушылар алдағы уақытта Ер Төстік, Керқұла атты Кендебай, Күнікей қыздарға сөз арасында орысша, ағылшынша сөздерді қыстырғызып, ағылшын мəнерімен əн салдырып қоюы да ықтимал. Иə, бұдан бұрын түсірілген «Алдар Көсе» фильмін көрген балаларымыз Алдар Көсеге де, ондағы аталары мен əжелерінің адамға ұқсамайтын сондай бір сұрықсыз бет-əлпетіне де жирене қарайтын болғанын жасырмайықшы! Егер, бізден басқа мемлекет болса, өзінің негізгі ұлтын осылай көрсететін фильмдерді түсірген, оны экранға шығарған адамдарды түгел сотқа берер еді. Бірақ, «Алдар Көсеге» айтылған сын-ескертпелер айтылды да қалды. Баяғыда «Көшпенділер» де солай болды. Бүгін «Ер Төстікке» айтылған ескертулер де солардың кебін киері сөзсіз. Өйткені, қазір қазақтың өз жоғын жоқтап, өз мұңын мұңдаған сөзі өз елінде желге ұшқан заман болып тұр. Алла ақыры қайырын бергей, бұл істің! Қалай десеңіз де алғашқы толық өлшемді анимациялық фильм «Ер Төстік» қазақтың бүгінгі ұрпағын ұлттық болмысынан алыстатпаса, жақындата түседі дей алмаймыз. Байқауымызша, алдағы уақытта қазақтың халық ертегілерінің желісімен талай мультфильмдер түсірілетін сияқты. Енді солар «Ер Төстіктің» кебін кимеу жағын қарастырайық. Ұрпағымыздың ұлттық дүниетанымына кесірімізді тигізбейік. Мультфильм дегеніміз ұрпаққа ұлтжандылық беретін, ұлттық рух беретін, оның ұлттық санасын қалыптастыратын өте күшті тәрбие құралы. Біздің манадан бері айтпағымыз өнердің ең маңызды саласы деп аталған кино төңірегіндегілер жəне солардың қара шаңырағы «Қазақфильм» осыны ескерсе екен.
Мырзан Шалқари