№4 Сәуір, 2023
Ел болар ұлттың рухани байлығы – білімінде болса, ұстанар бағыты – тәрбиесінде. Ал, білімнің сарқылмас көзі – мектепте десек, бүгінгі күні жарты ғасырға жуық шежіресі бар киелі орда – №220 орта мектебі жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатар, дарындының талантын шыңдар, даналардың түлеп ұшар тұғырына айналғаны шындық. «Өзінің уақытын аямай, өзгелердің бақытын аялап жүрген», жас бүлдіршіндердрн арқалаған ұстаздары бар іргелі білім ордасының 50 жылдық тарихы қоғам назарында.
Қарт тарихтың қатпарына көз жүгіртсек, іргесі сонау 1970 жылы қаланың батыс жағында жаңа мөлтек ауданның пайда болуына байланысты ашылған бұл білім ошағы 1972-1973 оқу жылында толық орта мектепке айналды. Міне, содан бері қарай киелі білім ордасы тарихының қай бетін парақтап қарасақ та, жауапты істің ұйытқысы, өз ісінің шебері бола білген басшыларымен, білімді де білікті педагог кадрларымен ерекшеленді. Тамыры терең, үлгісі ерен ұлағат ұясы осы уақытқа дейін сан мыңдаған шәкіртті қияға ұшырды. Сіздер қанат қақтырған дарынды шәкірттеріңіз бен талапты түлектеріңіздің қай-қайсысы да мақтануға лайықмы саласы мен өнердің көшін бастап, жемісті еңбек етіп жүргендерін мақтанышпен айтуға болады. Енді осынау озық білім ордасының тарихына сәл көз жүгірту де артық болмас
1974-1975 оқу жылында мектепті алғаш алтын медальмен Қалапова Жаннат үздік оқып бітірді. Екінші алтын медальді Шерипов Алмас иеленді.
1979-1980 оқу жылында мектепте 1321 оқушы оқып, 64 мұғалім қызмет етті.
Ал, 1981-1982 оқу жылында 1192 бала оқыды. Мектеп 37 сынып комплектісімен қамтылды. Бұл оқу жылында мектепте 65 мұғалім жұмыс істеген болса, кейін, яғни, 1983-1984 оқу жылында Рахимов Темірхан мектеп директоры болды. 1986-1987 оқу жылында мектебімізде 802 оқушы оқыды. Сонымен қатар 26 сынып комплектісі жұмыс істеді.
Өз шәкірттерін адамгершілікке, адалдыққа баулитын, білім нәрімен сусындату арқылы өмірдің ақ-қарасын танып білуге жетелейтін, болашаққа ұмтылдыратын ата-анадан кейінгі қымбатты жандар – ұлағатты ұстаздар басшысы ретінде мектеп директоры болып Қазыбаев Ерғұлан келді.
Осынау оқу ордасының тарихында есте қаларлық қуанышты оқу жылы 1988-1989 жыл аралығында болды. Сол жылы ұлық мейрам «Наурыз-89» мейрамы атап өтілді. Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерін, ойынын, тарихын, мәдениетін келешек ұрпаққа ұғындырар мағынасы зор ұлттық мерекеміз араға 62 жыл салып, халқымызбен қайта қауышты.
1989-1990 оқу жылында мектепке 890 оқушы тартылды, сынып саны 32-ге жетті. Мектеп жанынан алты жасарлар үшін корпус салынып, пайдалануға берілді. Бастауыш сыныптары толықтай қосымша корпусқа көшірілді.
Ал еліміз тәуелсіздік алып, өз алдына Еркін Елдің шаңырағын көтерген 1990 жылдар қиыншылығына қарамастан жеміссіз болған жоқ. Мектепке 1000 бала оқуға тартылды. Мектепте 33 сынып комплектісі жұмыс істеді. Осы оқу жылы жетістіктерге толы болды. Мектепте 68 мұғалім жұмыс істеді. «Үздік оқушы-93» аудандық сайысында мектебіміздің оқушылары II орынды, бастауыш сыныптар бойынша сайыста I орынды жеңіп алды. Ал, 1993-1994 оқу жылында осы мектептің түлегі, мектеп директорының бастауыш сыныптар ісі жөніндегі орынбасары Ізімбетова Зәру мектеп директорлығы қызметіне тағайындалды.
Пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде мектеп шәкірттерінің мерейлері үстем болып, аудан бойынша II орынды иеленді. «Жыл мұғалімі-94» сайысында жас ұстаз Наукеева Лайық сайыс жүлдегері атанды.
Пәндер олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебімізден 20 оқушы қатысып, 13 оқушы I, II, III орындарды, ал 3 оқушы ынталандырbrасында Президент жүлдесі үшін волейболдан, арқан тарту мен қол күресі және тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Қорытындысында №220 мектеп ұстаздары командасы жеңімпаз атанды.
2000-2001 оқу жылынан бастап мектеп директоры қызметін ұлағатты ұстаз Оспанов Нұралы атқарды. Мектебімізде 986 оқушы білім алды. 35 сынып комплектісі жұмыс істеді. Ал осы мектеп оқушысы Берденова Гүлбану қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша пәндік олипиаданың аудандық кезеңінен І орын алып, облыстық кезеңнен Алғыс хат иеленді.
2004-2005 оқу жылында аудан бойынша Абилдаева Айсәуле «Алтын белгі» иеленді. 17 оқушы гранттық негізде жоғары оқу орындарына түсті, бірнеше оқушы аудандық, облыстық пәндік олимпиаданың жүлдегері атанды. Осындай жетістіктері үшін жыл қорытындысы бойынша мектебіміз «Аудан мектептерінің көшбасшысы» атанып, арнайы дипломмен марапатталды.
Осы оқу жылында мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектептің жылу жүйесі толық жаңартылып, сұйық отынды бу қазандығы орнатылды. Мектеп кабинеттері жабдықталып, спорттық алаң салынды. Аудандық «Үздік математика пәні мұғалімі-2007» сайысында Әлжанова Дәмегүл бас жүлде иеленді. Алпысбаева Гүлназ орыс тілі пәні бойынша олимпиаданың аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленді. «Туған өлкем – тұнған шежірем» тақырыбы бойынша Елеусінов Арман ғылыми жоба қорғап, аудандық кезеңнен І орын, облыстық кезеңнен Алғыс хатпен марапатталды. Мектеп оқушысы Омарова Ақтоты «О.Әбдуәлиев – қарымды қаламгер» тақырыбы бойынша ғылыми жоба сайысының облыстық кезеңінен Алғыс хат алды.
Ал 2011 жылы аудандық «Жыл мұғалімі-2011» аудандық сайысында бастауыш сынып мұғалімі Таңбетова Зибагүл І орын алды. Сондай-ақ Таңбетова Зибагүлдің оқушысы Сұлтамұратов Марлен «Бастау» Республикалық математикалық турнирінің аудандық, облыстық кезеңдерінен өтіп, Республикалық кезеңінен ІІ орын алды.
> ында мектеп күрделі жөндеуден өтті. Мектептің жылу жүйесі толық ауыстырылып, сұйық отын бу қазандығы орнатылды. Мектептің терезелері, бастауыш сынып ғимаратының шатыры ауыстырылды. Мектептегі информатика, химия, биология, физика кабинеттері жабдықталды. Мектеп ауласына спорттық алаң салынды.
2020-2021 оқу жылында 10-сынып оқушысы Нысаналы Дилара жалпы білім беретін пәндер бойынша Қазақстан тарихы пәнінен Республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңінен 2 орын, ІІІ (облыстық) кезеңінінен І орын жүлдегері, ІV (республикалық) кезеңінен ІІІ орынды иеленіп қола жүлдегері атанды.
Осы оқу жылында мектеп бітіруші 48 түлегіміздің 30 оқушысы жоғарғы оқу орындарының грант иегері атанып, мектеп мерейін асқақтатты.
2021-2022 оқу жылында Аудандық мұғалімдер арасында өткен спорттық спартакиадан мектебіміз I орын иеленді.
2021-2022 жылдары 10-сынып оқушысы Рысқалиев Нұрсұлтан биология пәні бойынша Республикалық олимпиададан ІІІ орын иеленсе, 2022-2023 жылы облыстан ІІ орын иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама алды.
Мектебіміздің ең үлкен айтулы жетістігі аудан бойынша соңғы үш жылдықта олимпиада жүлдегерлері мектебімізден шоғырымен шықты.
Өмір көшіне ілесіп, келешекке қадам басқан әр шәкірттің білімнің шыңына шығуға, елінің тұғырын биіктетуге үлес қосуға таласы болса, Ұлы Абай атамызша айтқанда, әр кірпіштің дұрыс әрі орынды қалануына мектептегі әр ұстаздың еңбегі зор. Өйткені,мұғалім тек қана білімнің қайнар көзін ашып қана қоймайды, ол – әр үміттің жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Ендеше, мұғалім – мектептің жүрегі, шәкірттің шырағын жағушы жалын иесі. Бүгінгі күні заман талабына сай жан-жақты біліммен қаруланған ұстаздары бар №220 орта мектептің ұлт пен халық құндылықтарын насихаттаудағы келешегі кемел екендігіне сеніміміз мол. 50 жылдық мерейлі мектеп тарихына үлесі бар барлық ұжым мүшелеріне зерек те алғыр ойлы, ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті ұрпағын тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз!
Мақат Муминов,
Қызылорда облысы
Арал қаласы