№4 Сәуір, 2023

Биыл қазақтың ақиық ақындарының бірі, поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қаана 130 жыл толып отыр.

ge зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күнң ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. “Мағжан сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқырлығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті”. Оның өлеңдері “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді” деп бағалаған екен кезінде Жүсіпбек Аймауытов.
Осындай қуатты өлеңдердің қайнары, жыр жүйрігі Мағжанның жырларын оқырмандар жүрегінде жаңғыртып, поэзия тұнығынан сусындау мақсатында Көкшетау қаласының ақпараттық кітапхана жүйесіне қарасты Красный яр ауылында орналасқан Красный яр қалалық үлгілі кітапханасында «Жыр – қазына» атты жыр кеші ұйымдастырылды.
Кешке Красный яр ауылының №1, №2, №3 орта мектептерінің оқушылары, яғни біздің тұрақты оқырмандарымыз белсене атсалысты. Бейсенбай Әсия Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым», Құмарбек Айлун «Балалық шақ», Какимжанова Адина «Толқын» өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқыды. Сондай-ақ,
Бойын кернеп бұлықсыған бұла жыр,
Байтақ елдің жоғын жоқтап шығар ұл,
Жұмабайдың Мағжаны деп табын да,
Ұлы Абайдың жұрнағы деп ұға біл! – деп ақындар жырға қосқан Мағжанның ел жеріне арналған «Туған жер», «Қазақ тілі» сынды жүрекжарды жырларын біздің оқырман қызымыз Жамбет Еркежан жүрекке жеткізіп оқыды.
Мағжан Жұмабаев жауһар жырлармен қатар, бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны, Батыр Баянды жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады. Осындай көркем туындыларының бірі «Батыр Баян» поэмасынан оқырманымыз Сайлаухан Мақпал үзінді оқып, жыр кешіне жиналған көрермен көкірегіне ой салды.
Ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі болар лайықты тұлға — ол жастар екенін ескеріп, «Мен жастарға сенемін» өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын аңғартады. Жыр кешінде Малгаждарова Мерей және Тілеген Данеш ақынның үміт пен жігерге, сенімге толы «Мен жастарға сенемін» өлеңін паш етті.
Кеш соңында өлең сөздің парқын түсінетін патша көңілді оқырмандарымызға алғысымызды білдіріп, көркемсөз шеберлеріне арнайы алғысхаттарымызды табыс еттік.
«Мағжан поэзиясы — мәңгі өлмес, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу — маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп — жұмыр жауһар дүние». Сондықтан да сан ғасырлар өтсе де сап алтындай жарқырай беретіні сөзсіз!

Гүлжанар Бодаубай
Красный яр қалалық
үлгілі кітапханасының меңгерушісі
Көкшетау қаласы, Красный яр ауылы