№4 Сәуір, 2023

Елімізде «Білімді Қазақстан» бастамасы қолға алынғалы көп бола қойған жоқ. Бұл бастаманы аралдықтар қуана қарсы алды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы аясында «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры мен «Білім беруді тұрақты дамыту» қоры арқылы бойынша мектепке 250 млн теңге қаржы бөлініп, мүлдем жаңа түр мен мазмұнға көшкен өңірдегі алғашқы тірек мектебі Арал қаласындағы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің заманауи үлгіде жабдықталған таныстырылымы өтті. «Қазақстан халқы» қоғамдық қорының Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына биыл еліміздің 17 өңірінен ауылдық тірек мектептер таңдалынып алынды. Жоба білім беру сапасын арттыруға, ауыедр мен тиімді әдістемелерді трансферттеуге және тірек мектептердің қажетті материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетейік, мұндай бағдарлама жеңімпазы атанған әр облыстан бір мектептен болса, оның бірі алғаш болып Арал ауданында жүзеге асуда. Шараға Арал ауданының әкімі С.Сермағамбетов, Білім беруді тұрақты дамыту қорының менеджері А. Айтаханов, Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Бердәулетов, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының әдіскері Д.Досов, Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ж.Бекболатов, Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова қатысты.
Аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудандағы білім беру сапасының жылдан жылға артып келе жатқандығын айтып, оқушылар жан-жақты білім алу үшін материалдық-техникалық базаларды нығайту бойынша қажетті шаралар жасалынып жатқандығын жеткізді. Мәселен, былтыр аудандағы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 532 оқушының 410-ы жоғарғы оқу орнының, 6-ы облыс әкімінің грант иегері атанды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылғымен салыстырғанда 8 пайызға артып отыр.
Мектеп-лицейде оқу кабинеттері жаңаша жабдықталып, мұғалімдердің сабақтарды интерактивті панельдерді, жаңа құрылғылар мен көрнекілік материалдарды қолдана отырып өткізілуіне қолайлы жағдай жасалған. Атап айтар болсақ, мектептегі 33 оқу кабинеті мен қосымша білім беру шеберлік сыныптары, STEM-лабораториялар, STEM-зертхана, АRТ-студия, көркем еңбек кабинеттері, тігін шеберханасы, «Сoworking» аймағы бар кітапалте мектеп тәжірибесін аудандағы шағын комплектілі мектептерге көрсету мүмкіндігін береді.
Білім беруді тұрақты дамыту қоры НЗМ-мен бірлесіп мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасына талдау жүргіздітіапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірледі, мұғалімдерге қажетті біліктілікті арттыру курстарын анықтады. Пән мұғалімдері республикалық білім беру бағдарламалары орталығы жаттықтырушыларының екі күндік курстарынан және қарқынды оқыту бағдарламасынан өтті. Оқу қабырғасында 1256 оқушы білім алады, 142 педагог жұмыс істейді. ауыл мектебі енді ауданның басқа да мектептерімен өз тәжірибесімен бөлісе алады.
-Мектебіміз шын мәнінде «жайлы мектепке» айналды. Өйткені «Ауыл-дағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы бізге сапалы білім алуға, оқушыларды тәрбиелеуге, пе¬да¬гогикалық ұжымның әлеуетін дамытуға, мектепте қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етуге шынымен де ерекше мүмкіндік тудырып отыр. Біз осы жобаның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Жобаның арқасында біздің оқушыларымыз заманауи зертханаларда жаратылыстану ғылымдарын зерделеуге, жабдықталған шеберханаларда жаңа технологияларды талдауға, мүмкіндік алды. Сонымен қатар, біз мұғалімдердің білім-біліктілігіне ерекше назар аударамыз. Мысалы, «Ауылдық аймақтарда тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» бірлескен жобасы аясында Түркістан және Қызылорда қалаларындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» базасында мектеп-лицей мұғалімдері семинарларға қатысып, тәжірибеден өтті. Білім беруді тұрақты дамыту қорының және жоба серіктесі «Назарбаев Зияткерлік мектебі» мамандарының күшімен мектептегі білім беру ортасы мен оқыту сапасын талдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Талдау нәтижелері негізінде мектепті дамыту, білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасалып, Қызылорда қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы әдіскерлерінің мұғалімдерге қажетті біліктілік арттыру курстары белгіленді. Педагогикалық құрамға арналған қарқынды оқыту бағдарламасы өткізілді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін де мектеп-лицей үш жылдық әдіснамалық сүйемелдеуге көшеді, – дейді мектеп-лицей директоры, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері Жасұлан Айтжанов.
Мектеп-лицейдегі STEM-зертхана кабинеті оқушыларды математика, инженерия, цифрлық технология және жаратылыстану ғылымдарына қызықтырып, білімдерін кеңейтуге, ал ART-студия кабинеті жеткіншектердің шығармашылық дамуына, эмоциясын шығаруға, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік береді. Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын дамытып қана қоймай, өз идеяларын жүзеге асыруға, өз күштеріне сенуге үйренеді. Тағы бір жаңалық, мектептің кіреберісінде үлкен сенсорлы экранда электронды сабақ кестесі орналасқан. Ол жерде күнделікті сабақ кестесі мен үзіліс уақытын білуге болады.
Мектеп-лицей ұжымы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Жаратылыстану» институтымен жасалған ынтымақтастық барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, шығармашыл мұ¬ғалімдер мен оқушылардың тә¬жірибеден өтуіне жағдай жасау, дарынды оқушылардың талантын ұштау мақсатында біріккен бай¬қаулар мен олимпиадалар ұйым¬дастыру сынды шараларды өткізуді қолға алып, жараты¬лыстану бағытында жүйелі білім беруде жаңашылдықпен еңбек етуде. Соның нәтижесі – геогра¬фия, биология және физика пән¬дері бойынша онлайн форматта өткізілген Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда із¬денімпаз ұстаздар арнайы сер¬ти¬фикатқа ие болды. Сондай-ақ, Қызылорда облысының білім бас¬қармасы мен Білім және ғы¬лым қызметкерлері кәсіпода¬ғының об¬лыстық комитетінің ұйым¬дас-тыруымен өткізілген «Үздік биология пәнінің мұғалімі-2021» об¬лыстық кәсіби байқауында био¬логия пәнінің мұғалімі Ә.Діл¬мағамбетова І орынды иеленіп, облыс мұғалімдері арасында топ жарды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында «Үздік жас маман-2022» облыстық байқауының аудандық кезеңінде Өтемұратов Бақытбек І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Шәкірттер жетістігі де айтар¬лықтай. «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен қашықтан өткізілген респуб¬ли¬калық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңінде география пәні бойынша тәжірибелі мұ¬ғалім Л.Сәрсееваның шәкірті А.Ба¬қыт¬бек¬қызы І орынға ие болды. Өткен оқу жылында 5 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 5 түлек «Үздік» аттестат иеленіп, аудан бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Мектеп-лицей оқушылары аудандық, облыстық пән олимпиадалар мен түрлі байқаулар мен спорттық жарыстарда жүлделі орындарды иеленуде.
Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Осы орайда, бүгінгі күні спортты жандарына серік ете отырып, ауданның намысын қорғап жүрген мектеп-лицей оқушылары Алпамыс Болатұлы грек-рим күресінен Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрініп, Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ Қазақстан Республи¬касы Мә¬дениет және спорт министр¬лігінің спорт және дене шынық¬тыру істері комитетінің ұйым¬дастыруымен шахматтан Қазақстан Респуб¬ли¬касының 10 жасқа дейінгі рапид түрінен өткен жекелей чемпионатында мектеп-лицей оқушысы Ақылжан Мейірханұлы ел чемпио¬ны атанды. Республикалық SportFEST мектеп спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындарының шахмат жарысында Кішібай Сабина жүлделі 1 орынды иеленді. Өзбекстан мемлекетінің Наманган қаласында 25-29 қазан күндері өткен таеквондо WT-дан «Namangan open» атты ІІІ Халықаралық турнирде 5 сынып оқушысы Әділов Рамазан Дарханұлы 28 келі салмақ дәрежесінде 1 орынға ие болды
Өнерде де мектеп-лицей оқушылары айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп келеді. «Қазақ үміті» VІ республикалық шығармашылық конкурсында «Хореографиялық өнер» номинациясы бойынша Улияева Шұғыла бас жүлдені иеленді. Республикалық «Зимняя сказка» конкурсында көркем гимнастикадан Заурхан Ұлжан жүлделі ІІ орынды иеленді.
Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауы¬мыз керек» деген сөзі бар. Жас ұрпақтың тәуелсіздігіміздің туын әрқашан жоғары ұстауы білім мен тәрбиеге байланысты. Ұжымда ауызбірлік пен кә¬сіпке деген сүйіспеншілік, ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен ізде¬німпаздық тізе қосқан жерде жетістік те ілесе жүрмек.

Өз тілшіміз
Арал қаласы