№4 Сәуір, 2023

Іс-сапар барысында жолай кездескен шекара бөлімшелерінен өскелең ұрпаққа үлгі боларлық ісі бар «қаһармандарды» іздей жүретін әдетіміздің бары баяғыдан-ақ белгілі. Ондағы ойымыздың түп төркіні, жағымды көзге көрінетін дүние жаза білу. «Найман-Бұхарбай» шекара бөлімшесінде сегіз жылдан бері қызмет атқарып келе жатас мүмкін емес дүниенің бірі-ау деп топшыладым ішімнен…

О заманда бұ заман шекара бөлімшесіндегі техниканың аман-саулығы мен жүріс-тұрысына жауапты маман – «аға техник» тұғын. Әлі де солай. Қандай қилы заман болса да бөлімшеден басы бүтін шыққан шекара наряды ең әуелі Құдай, сосын астындағы шаңтимес көлігінің арқасында «олжалы» да «олжасыз да» келіп жатады. Мәселе қанжығаның майлануында емес әрине! Біреудің жұбайы тағы біреудің қорғанышы саналатын жеке құрамның аман-сау оралуы әрқашанда қуанышты жаңаларөзені шығар алдынан, ал құмды өлкедегілердің жағдайы ше?! Осындайда «Орағың өткір болса, қарың талмайды» деген ескілеу мақалды заманауилап «Технигің ің әржімалаған дұрыс шығар бәлкім…
Ефрейтор Мейірбек Әзімбаев Мақтарал өңірінің тумасы. Албырт та адуынды шағында әскер қатарына алынып өмірдің ыстық-суығын ерте сезінген азамат. Қолынан темірден түйін түю келетін жас сарбаз әскерден келе сала келісім-шарт негізінде «Найман-Бұхарбай» шекара бөлімшесінің жүргізушісі лауазы-мына тағайындалған. Тәжірибе жинап, аумақтың жо-лын түгелдей білген уақытта аға техник лауазымына ауысады. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы бойынша шекара басқармасындағы өз ісіне мұқият та жауапты үздік мамандардың бірі.
Әрине қызметтен шаршап шалдығатын уақыттың болатыны рас. Дәл осындай сәтте Мейірбек Ержігітұлы шекара бөлімшесінен таяқ тастам жерде тұрған өзінің қарашаңырағына келіп дем басады. Мұндайда алдынан «әкелеп» ұлы Сұлтан мен қызы Раяна жүгіреді. Отағасы мен құлыншақтарының бұл жағымды көрінісі үйдің отанасы Құралайдың да жүзіне нәзік қана жымиыс сыйлайтыны да хақ нәрсе. Мұны біз кейіпкерімізбен болған екеуара болған әңгімеден байқадық…
Мейірбек пен Құралай отбасын құрғалы бері осы «Найман-Бұхарбай» шекара бөлімшесінде тұрады. Әрине отағасы қайда болса, отбасы да сонда. Отбасылық естеліктері ретінде мына бір оқиғаны екеуі күліп отырып еске алады. «Жаңадан үйленген уақытта Мейірбектің ұйқысы кәдуілгі «батырдың» ұйқысындай болатын. Оны жұмысқа ояту қиынға түсіп, амалы таусылған Құралай:
– Ұйқыңызды қиып, маған көлік тауып беріңіз, мен үйіме кетемін депті. Ұйқылы-ояу орнынан тұрып көлік іздеуге аттанбақ болған отағасына келіншегі жымиып «мен сізді жұмысқа ояту үшін ғана осылай айттым, таңғы асыңыз дайын» десе керек! Дәл мынадай ұйқыашарды күтпеген «аға техник» сәл болмағанда мына құмды даладан көлік іздеп кетер ме едім, деп күмілжіген көрінеді.
Отбасылық өмір өз алдына бір таңғажайып әлемнің кішкентай ғана кілті іспетті. Әрине, бұл бақыт біреуге ерте, біреуге кеш бұйырар! Әскерилер үшін жанның тыныштығы – шекараның амандығы. Ол тыныштық – шекарашылардың еңбегі мен қырағы күзетінің жемісі. Отанымыздың шекара шебінде қызмет етіп жатқандардың көбі жас сарбаздар. Әрбір отандасымыздың тыныш ұйқысы олардың ұйқысыз түндері мен күлкісіз күндерінің бодауынан келеді. Сондай жас отбасылардың өміріне назар аударар болсақ, туған үйінен жыраққа біржола кетумен қатар, жұбайын жұмыстан жылы қабақпен қарсы алып, құлыншақтарын бағатын әрбір үйдің «берекелері» аман болсын дейміз. «Жарың жақсы болса, жарты ғұмырың» деген сөздің мағынасын осы бір шағын мақаламен ашқандай болдық. Әйтсе де ер адамның бақыты – нәзік жанды қосағының қолында екендігі рас-ау!..

Рауан НҰРМЕТ,
ҚР ҰҚК шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті, капитан