№4 Сәуір, 2023
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы: «Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды…» деген тарихи мәліметтер ерекше назар аудартады. Яғни ХХ ғасырдың бірінші жартысында-ақ елімізде араб, латын, орыс алфавиті негізіндепбаны қазіргі ұлт зиялыларын тереңнен толғандыратыны белгілі жайт.
Қазақ жазуын жаңа әліпбиге көшіру мәселесі негізінен ХІХ ғасырдың екінші жартысы¬нан бастау алғанын тарихтан жақсы білеміз. Алайда қазақ әліпбиінің тағдырына алаңдаған сол уақыттағы қазақ оқығандары өзге ұлт өкілдерінің кесіп-пішіп, шешім қабылдауына үзілді-кесілді қарсы шығып, олардың діттеген мақсатына қол жеткізбеген болатын. Анығырақ айтар болсақ, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап орыстың миссионер ғалымдары тарапынан қазақ халқының ғасырлар бойы қолданып келе жатқзіет деп тапқан ойлардың пайда болуы араб әліпбиінің кемшілігін көрсетуге негізделген ғылыми мақалаларға жол ашты. Қазақ әліпбиінің мәселесіне аса жауапкершілаілшілері газет оқушыларына «қазақша жазуға орыс әріптері келісімді ме, я араб әріптері ұнамды ма?» деген сауалды тастай отырып, қай әріптің қолайлы екенін айтуға шақырған еді. Газет бетінде қазақ тіліне кай әріпті қолдану қажеттігі туралы әртүрлі пікірлермен қоса, Д.Сұлтанғазиннің «Қазақ тілінше жазу турадан», «Қазақ сөзін қалайша жазу турасы», Р.Дүйсембаевтың «Харіп турасының сөзі» сияқты ғылыми мақалалары өзіндік салмағымен, дәлелді тұжырымдарымен халықтың саяси-мәдени танымдық түсінігіне үлкен ой салды. Сөйтіп, осындай сын мақалалардың нәтижесінде қазақтарға арналған орыс әліпбиінің алғашқы жобалары (1862 жылы Ильминский жасаған алфавит, т.б.) іс жүзінде жүзеге аспады, араб әліпбиі бірден ығыстырылмай, 1929 жылға дейін қолданыста болды. «Қазақстандағы тіл саясаты» (1997) деп аталатын құжаттар жинағындағы мәліметтерге сүйенсек, араб әрпінің латын графикасына көшу мәселесі де тез арада шешіле қоймаған. Бұл да 1923 жылдан 1929 жылға дейінгі араб әрпін қорғаушылар (А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Қ.Кемеңгеров, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Е.Омарұлы, С.Садуақасов, І.Ахметов, Ә.Байтасов, т.б.) мен латын әрпін қолдаушылардың (Н.Төреқұлов, Т.Шонанов, Ә.Ермеков, Ә.Байділдаұлы, Ғ.Тоғжанов, Н.Нұрмақов, О.Жандосов, Қ.Тоқтабаев, Б.Малдыбаев, т.б.) арасындағы қызу айтысты дүниеге әкелген. Мұндағы араб әрпін қорғаушылар мен латын әрпін қолдаушылар пікірлерінің түп тамыры жоғарыда аталған газетте қаланған десек те болады. Мәселен, сонда келтірген араб әрпінің кемшіліктері (бір әріптің төрт түрлі жазылуы, бас әріптің болмауы, т.б.) латын әрпін қолдаушылар ұстанған дәлелдердің негізі болды. Араб әрпіндегі қазақ жазуын латын әрпіне көшіру мәселесіндегі алғашқы оң шешім 1926 жылы өткізілген Баку қаласындағы Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық съезінде нақтыланғанмен, 1927 жылы Ташкентте, одан кейін Қызылордада өткен конференцияларда А.Байтұрсынұлы бастаған араб графикасын жақтағандардың пікірлері толастамай, жалғасын тауып, тіпті баспасөз беттерінде жарияланып отырды. Алайда бүгінде Алаш зиялыларының негізгі ұстанымын сол кездегі саяси ахуалмен байланыстыра қарап, толыққанды айқындап берген тиянақты зерттеудің жоқтығы өкінішті. Осыған орай да бір әріптен екінші әріпке көшудің қиындықтарын ғылыми негізде дәлелдеген ұлт зиялыларының асыл сөздері де қазіргі таңда ескерусіз қалмауы қажет секілді. Сонымен, 1929 жылы қазақ жазуы латын графикасына негiзделіп, 29 әрiптен тұратын жазуға көштi. Оның ішінде 9-ы дауыстылар (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) және 18-і дауыссыздар (б, г, ғ, д, ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, һ, ш), ал екеуі (й мен у) жарты дауыстыны таңбалайды екен. Бұл тарапта да Алаш зиялылары дыбыстардың «қалай естілсе, солай жазу» керектігін басты ұстаным етіп өз пікірлерін алға тартты. Енді осы латын графикасының қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігі мен жазу жүйесіне қаншалықты қонымды болғандығы туралы аз-кем тоқтала өткен жөн. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары латын әліпбиіне көшуде өзіндік жетістіктері мен бірсыпыра кемшіліктері болғаны рас. Арнайы зерттеу еңбектерге сүйенсек, қабылданған жаңа әліпбидің жетістіктері ретінде оқуға қолайлы, жазуға оңай; жол асты, жол үсті белгілері жоқ болып ерекшеленеді де, ал негізгі кемшілігі ретінде ә, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сәйкес алынбауы тілге тиек етіледі. Сондай-ақ алғашқы жылдары мерзімді басылым беттерінде жалқы есімдер, адам аттары, қысқарған сөздер, газет-журнал, т.б. кіші әріппен жазылып, кейін жөнге келтірілген. 1929-38 жылдар аралығында күрделі сөздердің жазылуында, араб-парсы тілінен енген кірме сөздердегі ә әрпінің жазылуында біршама қиындықтар кездесіп, қысаң дауысты дыбыстар естілім бойынша жазылған екен. Және де он жылдай и, у дыбыстары қосар таңбамен (ый, ій, ұу, үу) белгіленген. Ғалым С.Аманжолов та латын жазуына негізделген қазақ жазуындағы біршама кемшіліктерді көрсеткенде осы и, у таңбаларының жоқтығына баса назар аударған екен. 1933 жылдан бастап осы дыбыстардың емлесі жөнінде пікірталастар кеңінен етек алып, біршама ғалымдар бұл дыбыстарды қосар әріппен таңбалау керек десе, екіншілері бір таңбамен таңбалауды ұсынады. 1938 жылы ғана осы дыбыстардың жазылуына өзгерістер енгізіліп, олар жеке бір таңбамен көрсетілген. Сөйтіп, екі әріппен таңбаланып келген дыбыстарды бір әріппен таңбалау мәселесі жаңа әліпбиге көшкеннен кейінгі он жылда жүзеге асып жатты. 1938 жылы латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне Қ.Жұбановтың ұсынысымен тағы үш әріптің таңбасы (ф, һ және х) қосылады. Осыған байланысты бірнеше ережелер де өзгеріске түседі. Жалпы, орфографиядағы осындай қате-кемшіліктерді жөндеу мақсатында 1938 жылы ресми органдардың қаулысымен «Қазақ тілінің емле ережелері» жарияланады. Осындай жайттардың латын әліпбиге көшкеннен кейінгі он жылда жүзеге асып жатуының өзі латын графикасына негізделген қазақ әліпбидің кемшіліктерін көрсетіп қана қоймай, осы әліпбидің ысырылуына, яғни қазақ жазуының кириллицаға негізделген графикаға көшуіне бірден-бір жол ашып берген тәрізді. Түйіп айтқанда, бүгінгі таңдағы қайта оралғалы отырған латын әліпби жүйесінде төл дыбыстарымызды айқындайтын таңбалардың болмауы да көпшілікті алаңдаттыратыны сөзсіз. Ғалым Тұрсынбек Кәкішұлының «Бүкіл адамзаттың 60-70 пайыздайы латын әліппесін қолданады. Дүниежүзіндегі техникалық құрал-аспаптар латын әрпіне негізделген. Өркендеу заңы жасалғанды сақтап, бауырыңа басып жата бер демейді. Енді тартыншақтай берсек, көш соңында қалып қою оңайдың оңайы. Елу елдің қатарына кіреміз десек, латын әрпінің пайдасы тимесе, зияны тимейді» деген пікірін қостай отырып, алдағы жаңа әліпбидің қазақ жазуының кемшіліктерін болдырмауға мүмкіндік беретіндей деңгейде болуына ниеттеспіз.
Күнімжан Әбдіқалық