№4 Сәуір, 2023

Қазақ тілінің тағдыры, тіл мәселесі еліміз тәуелсіздік алғасын ғана ауызға алына бастағаны рас. Кеңес заманында «Одағымызға ортақ та ең басты тіл орыс тіліне» басты орын берілгендіктен басқа тіл саясаты көп ауызға алына бермейтін еді. Сол дәуірде ұлттық тіл мәселесін көтерген авар ақыны Расул Ғамзатовтың «Огонек» журналына шыққан мақаласы тіліміз туралы толғаныстарымызды батыл айта алмай іштен тынып жүргенде басқа ұлттар сияқты қазақтың да ұлттық тілге қатысты сана-сезімін бір сергітіп тастаған болатын. Р.Ғамзатовтың сол мақаласы кейін оның «Менің дағыстаным» атты кітабына арқау болғанын бірді ақынының сол мақаласының және ана тілі туралы бір өлеңінің қазақша тәржімасын оқырманға ұсынуды жөн көрдік.

Редакция

Расул ҒАМЗАТОВ (1923-2004) авар халық ақыны

Бәз біреулер айтады, санама салиқалы ой келгендіктен емес, тілім ұшы қышып сөйледім деп. Тағы да біреулер айтады шабытым тасып тұрған жоқ, бірақ… дейді. Неге жыр жазғысы келді, оны айту қиын. Бірақ, оның жыры қазанда қуырылған дәмсіз пісте сияқты шытырлайтыны анық.
Мұндай адамдар мына дүние жаңалығынан бейхабар пенделер. Бұл адамдар айналасының әні мен сәні нендей ғұмыр ырғағына үйлесетінін білмейді.
Адамзатқа не себепті көз, құлақ, тіл берілген. Мәселен, екі көзбен көріп, қос құлақпен естіген дүниені бір тіл жарық дүниеге сөз етіп таратады. Тілден шыққан сөз қия жартастағы сүрлеуден өтіп, кең жазираға жеткен тұлпар секілді. Әлбетте, жүрекке жетіп, санаға сіңбеген сөзді сөйлеуге бола ма? Сөз әсте жай болмайды. Не қарғыс, не алғыс, әйтпесе жағымпаз, тіпті ауру, харам, өтірік, шын, әртүрлі.

> >

Жазушысың ба, сөзіңе абай бол, сөзді аамМенің шығармам кілем сияқты, оны мен авар тілінің көркем өрнегімен тоқимын. Менің шығармам қым¬бат бағалы тон сияқты, оны мен авар тілінің сетінемейтін берік жібімен тігеміейтаң дейтіндер айта берсін. Мен өз ана тіліммен біргe өмip cүpyгe тиіспін. Жандүниемнің күл¬лі құдіу қажет емес.
Ел аузынан естігенім: Мәскеу, әлде Ленинград… әйтеуір үлкен қаланың сәнді көшесімен лак келе жатыпты. Жолай дағыстандық жерлесін көріп қалып, туған елі eciнe түседі де, сөйлескісі келеді. Оның жанына жүгіріп жетіп, лакша тіл қатқан екен, оны ана адам ұқпапты. Құмықша, тат тілінде, ақыр аяғында лезгинше сөйлейді. Tүciнice алмапты. Содан eкeyi орысша тіл табысып, лак пен авар кездескенін біліседі. Манағы лак адамға ренжіп авар айтады:
– Авар тілін білмейсің, дағыс¬тандық емессің, – дейді. Меніңше лак ағайын авар тілін білуге мін¬детті емес, ең бастысы өзінің ана тілін біліп тұр ғой.
Мен үшін адамзаттың тілі жұл¬дыз сияқты. Барлық жұлдыз¬дар бірігіп аспанның жартысын жапқан үлкен жұлдызға айнал¬са дегенге келіспеймін. Оның қажеті шамалы. Онсыз да Күн бар. Жұлдыздар жеке-жеке жарқырасын. Әркімнің өз жұлдызы болғаны дұрыс. Ме¬нің жұлдызым – авар тілі. Тау¬лықтарда «Анаңның сүтімен да¬ры¬ған тіліңді түсінбегір» дейтін жа¬ман қарғыс бар.
Қарғыс туралы: «Тау қызы» деген поэма жазып жүрген едім. Осыған қараниет әйелдің аузымен айтылатын қарғыс қажет болды. Жақын ауылда қарғысты қарша борататын әйел барын естідім. Оған жолығу үшін жолға шықтым.
Адам ашуланатындай абырой төгілмеген, жыр жырлайтын¬дай той болмаған көктемнің жа鬬машуақ жадыраған бip күні әйел¬дің үйіне келдім. Жасы үлкен апай¬ға келген жұмысымды жайлап түсін¬дірдім. Осылай да, осылай қар¬ғыс керек… Мен айтып ауыз жапқанша:
– Тілің тартылып, сүйген жବрыңның ет жан тілің¬ді түciнбeгip, ауылыңның ама¬нын, еліңнің саулығын ұмытып қал, отыз тісің опырылып түсіп, аузыңнан сөз емес, жел соғып тұр¬сын… Алла саған ба¬қыт бұ-йырт¬¬пағыр! Meнi бipey рен¬жіт¬се бір cәpi, қарғыс жаудыратындай ма¬ған бірдеңе болды ма? Жоғал әpi! – дегенде, мен рахметімді айтып жөніме кеттім.
Жолда келе жатып: «Әлгі ада쬬ның қарапайым сөзінің өзі қар¬¬ғыс, нағыз ашуланғанда не айтар екен» деп ойлаумен болдым.
Бізде әр ауылдың өз қарғысы бар. Бipeyi көрінбейтін жіппен аяқ-қолың байлансын десе, та¬ғы бірi табыттан табыл, – дей¬ді. Бұлар ештеңе емес. Одан да жаман қарғыстар бар. Әйел¬дер ұрысқанда: «Алла сенің ұр¬пағыңа тіл үйрететін адам қал-дырмасын!» дейді. Бұдан өткен жаман қарғыс жоқ. Таулықтар ана тілін құрметтемейтін адамды қарғамайды. Тек оны еш сый-ламайтын болады. Анасы бала¬сының жаттың тілінде жазған жырын оқымайды.
Қойын дәптерімнен: Бірде Париж қаласында дағыстандық суретшіге жолықтым. Револю¬циядан кейін Италияға оқуға барып, жатжерлік әйелге үйленіп, еліне оралмаған екен. Әлемді шарлап, қымбат қонақүйлерде түнеп, алтын қасықпен ас iшiп, жүрсе де туған жерін аңсап, са¬ғынышы сартап болыпты. Са¬ғынышы суреттерінде қалай бей¬неленді деген ниетпен картиналарын көрсетуді өтіндім.
Бip суретін «Туған жерге са¬ғыныш» деп атапты. Суретте ита-лиялық әйелге көне авар киі¬мін кигізіпті. Гоцатлиннің әй¬гілі шеберлері жасаған күміс құмы¬раны ұстаған әйел бұлақтың басында тұр. Терең сайдағы шағын авар ауылы мұңлы кейіпте, тау¬дың басын боз тұман бүркеген.
– Тұман менің көз жасым, – деді cypeтші. Келесі шығар¬масында жалаңаш бұтақта отыр¬ған құс бейнеленіпті. Бұтақ жық¬пыл тастардың арасында өсіп тұр. Суреттің тарихы туралы авторы былай деді:
– Ертедегі аварлардың аңызы негізінде сызған едім.
– Қандай аңыз?
– Ертеде бір аңшы кішкентай әдемі құсты ұстап алып, алтын торға қамайды. Әлгі құс күні-түні «отан, отан, отан» деп шырылдайды. Менің қазіргі өмірім сияқты. Аңшы ойлапты: «Бұл құстың ота¬ны қайда екен. Шырылдауына қарағанда, жұмақтың төpi шығар. Босатып жіберіп, артынан ілесіп тамаша өлкені тауып алайын». Алтын тордың аузын ашып құсты ұшырыпты. Ұшып шыққан құс он аттам жердегі жықпыл тастардың ортасында өскен жалаңаш бұтаға барып қоныпты. Ол бұтада құстың ұясы бар екен. Мен де тордың іші¬нен отанымды аңсаймын деп, – суретші сөзін бітірді.
– Айналып еліңе неге бар¬майсың?
– Енді кеш. Туған жерімнен жалынды жастығымды әкеттім, ұялмай ыңыршағы айналған қу сүйегімді қалай алып барамын?!
Парижден елге оралған соң, суретшінің туыстарын сұрас¬тыр¬дым. Таңданарлық жағдай, анасы әлі тipi екен. Отанынан кетіп, жат жерде жүрген бауырлары жайлы барлық ағайыны бір үйге жиналып, менің сөзімді тыңдады. Әйтеуір тipi екен ғой десіп жатты.
– Сен екеуің аварша сөйлес¬тіңдер ме? – деп кәpi анасы ойла-маған жерден тосын сұрақ қойды.
– Жоқ, біз аудармашы арқы¬¬лы сөйлестік. Мен орысша, ол фран-цузша.
Ең қадірлі адамы өлгенде қа¬ра жамылатыны сияқты, анасы қара жамылығымен бетін жапты. Үй iшi жым-жырт. Далада тамның шатырын жауын сабалайды. Біз авар ауылында отырмыз. Әлемнің тағы бір шетінде мен көрген Париж қаласы. Онда да Дағыстанның тас¬танды баласы жауынның дүрсілін ecтіп отырған болар. Көп уақыт үнсіздіктен кейін кәpi ана:
– Расул, сен шатасқан болар¬сың. Менің балам баяғыда өлген. Ол менің балам емес. Менің ба¬лам болса, мен үйреткен ана тілін, авар тілін ұмытуға тиіс емес, – деді.
Ecтeлiк: Авар халық театрында жұмыстамын. Елге жаңа мизам саясатын түсіндіру мақсатымен ауыл-ауылды аралап, ойын-сауық көрсетеміз. Менің міндетім – әртістердің сахнада айтатын сөзін қадағалап, ұмытып қалса, eciнe түcipy үшін арнайы құжырада отыру. Бұл жұмыс өзіме өте ұнай¬ды. Сахнадағы әртістердің қимыл-әрекеті мен үшін екінші кезекте, әуелі сөз. Әлемдегі ең құнды дүние сөз деп ұғамын.
Бірде тосын оқиға болды. Әр¬тістер ертедегі аварлар өмі¬¬рі¬нен алынған «Таулықтар» ат¬ты дрବманы көрсетіп жатқан. Өзім әдет¬-тегі сөз күзетінде тұрдым. Драманың орта тұсында бас ке¬йіп¬кер Айғазы қанды кектен бой та¬салап тауға барып жасырынады да, ғашығымен кездесуге түн жа¬мылып ауылға келеді. Айғазы (рөлде әртіс Мағаев) ғашығына сүйіс¬пеншілік толы сөздерді айта бас-тағанда, көрермендер арасын¬да отыр¬ған Мағаевтың әйелі сах-наға шы¬ғып кетті. Өте ашулы. Ма¬ғаев түсіндірмек болып, әйелін қо¬лы¬нан жетелеп сахна сыртына кет¬ті. Содан мол кетті. Сахнада жал¬ғыз қалған әртіс қыз қатты састы.
Мен құжырада отырмын. Сах¬наға шығуға еш дайындығым жоқ. Бipaқ ең қымбат дүние сөздің ece¬ci кетіп барады. Сахнаға жүгіріп шы¬ғып Айғазының ғашығына айта¬тын сөздерді түгелімен айтып шық¬тым. Драма емес, комедия сияқ¬ты аяқталды. Бipaқ көрермен cөздi ұқты ғой.
Бірде шалғай орналасқан Гу¬ниб ауылына жолым түсті. Бұ¬рын жүз көріспеген, аты-жөні тବныс осы ауылда ақын жігіт тұ¬ра¬тын. Сонда ат басын тіредім. Әйелі қонақжай, кішіпейіл екен. Ақын¬ның анасы да парасаты мол адам болып шықты.
Тура аттанар алдында жігіттің анасымен қоштасуға бардым. Бала¬сы туралы жағымды сөздер есту ана үшін әрине жақсы. Бала¬сының нашар ақын екенін біле тұра мақтай бастадым. Сіздің ұлы¬ңыз жақсы ақын, әр кез қоғамның, уақыттың ағымын дөп таниды, тақырып таңдай біледі деймін ғой.
– Жақсы ақын дейсің бе? – деп анасы басын шайқады да, ойланып барып:
«Баламның өлеңі уақыт тала¬бына үйлесуі мүмкін, бірaқ оқы¬ғанда от жоқ, нәрсіз. Расул, өзің ойлашы. Балам алғаш был¬дыр¬лап сөйлей бастағанда шек¬сіз қуанышта болдым. Енді сөйлегенді қойып, жыр жа¬за бастағанда қай¬ғыратын күйге түстім. Әйел отыр-ғанда ақыл¬ды, тұрса ақылы отырған же¬рінде қалып қояды дейді. Сол тә¬різді менің балам ас үстелінде тамақтанып отырса, адамдар сияқ¬ты түсінікті тілде сөй¬лейді, түрегеліп жазу үстеліне барғанда, барлық қарапайым сөз¬дерінен айырылады. Ол тек сірескен түсі¬ніксіз сөздерді тауып алады», деді.
Осы әңгімеден кейін қара¬па¬йым тілімнен айыра көрме деп Аллаға мың мәрте жалбарынатын болдым. Менің жырымды, ме-нің кітабымды, барлық жазбала¬рым¬ды, елім, жұртым, аға, бауыр-ларым, әpбір таулық түсініп, қуат ала¬тындай болса екен деп тілеймін.
Менің тілім шұбарланып, ұғы¬нықсыз, құрғақ, нәрсіз болса, қысқасын айтқанда, мен ана ті¬лімді бұзатын болсам, өмірде одан өткен қасірет болуы мүмкін емес.
Бірде біздің ауыл қариялары мешітке жиналып, жалпыға ортақ бірep мәселе туралы әңгіме өткізді. Осында мен әкемнің өлең-дерін оқыдым. Балалық шығар, өлең сөздерін әсерлеймін деп дауыс көтеріп, тістеніп кей тұстарын көтермелеп айттым. Мысалы: «Цада жерінде қасқыр аулағанда» атты өлеңді оқығанда «баць», «цъада» деген сөздердегі «цъ» дыбысын шықырлатып айттым-ау. Осылай оқысам тыңдаушыларға ұнайтын сияқты көрінді.
Әкей үйге келген соң «Балам, өлең оқу мен соқамен жер жырт¬қан eкeyi eкi басқа. Сен сөз¬ді дұрыс айтпадың», деп қайта оқытты. Мен қателігімді тағы қай¬таладым. Әкей шешемді айғай¬лап шақырып алып:
– Сен мынаған ана тілін дұрыс үйретпеген екенсің? – деді.
Қойын дәптерімнен: Мақашқа¬лада бізбен көрші үйде тұратын атақты палуан, әлемнің төрт дүр¬кін чемпионы Әли Әлиев Ыстан-бұл қаласында түрік палуанымен ақтық белдесуге шығыпты. Ержүрек тау ұланы түрікті бет қаратпай ұтады. Жеңіліп қалған түрік жігіті таулықтар айтатын нәлет сөзбен балағаттайды. Авар сөзін естіген Әли Әлиев таңданып тұрып қалады да: «Ашуланба, бауырым, бұл спорт емес пе?!» дейді авар тілінде. Tүрік палуа¬ны одан бетер таңданса керек. Көптен көpicпeген аға-ба¬уырларға ұқсап eкi палуан кілем үстінде құшақтасып, сүйіседі. Мұны көрген төрешілер олардан бетер таңданыпты. Tүрік палуаны Шәміл қолға түскеннен кейін Түркияға қашып кеткен аварлардың баласы екен.
Әкемнің ecтеліктерінен: Әкей 1939 жылы орден алу үшін Мәс-кеуге барады. Ол уақытта бұл ерекше оқиға саналатын. Омы-рауына орден тағып оралғанда ауылдастары жиналып, Мәскеу қаласы, Кремль, сол кездегі орден тапсыратын Михаил Иванович Калинин туралы сұрап, ерекше есте қаларлық оқиға айтып бepyiн өтінеді. Сондағы әкейдің айтқаны:
«Ең үлкен оқиға, Михаил Ка¬линин менің атымды орысша емес, aвapшa айтты. Мені Гамзат Цадаса демей, Цадаса Хамсат деп атады». Ауыл ақсақалдары таңданып, бас¬тарын шайқапты.
«Сендер бұл оқиғаны менен ecтіп ұнатып отырсыңдар, ал мен Кремльде Калининнің өзінен ес¬тігендегі әсерімді жеткізе алмаймын. Мен орден алғаныма емес, Кремльде авар сөзін есті-геніме қуандым».
Бірде Кеңес Одағы жазушы¬ларының құрамында Польшаға бардым. Keшкісін Краков қала¬сындағы қонақүйдегі мен ор¬на-ласқан бөлменің eciгiн бірey қақ¬ты. Бейтаныс адам:
– Гамзатид Расул осында ор¬на¬ласты ма? – деп таза авар ті¬лінде үн қатты.
– Ата-бабаңның оты өшпесін! Авар бауырым, сенің Краковта нең бар еді? – дедім. Қонағымды құшақтауға шақ қалдым. Екеуіміз күнді түнге жалғaп әңгімелестік.
Қонағым авар емес, Дағыстан тілі мен әдебиетін зерттеп жүрген Польша ғалымы екен. Авар тілін ол концлагерьде тұтқында жүріп естіген. Кейін авар тілін зерттеуге кipicкeн.
Поляк ғалым екеуіміз тек авар тілінде әңгімелестік. Сөйте тұра екеуміздің сөйлеу мәнеріміз eкi түрлі. Ол таза ғылыми негізде, ереже бойынша сөйлеп, әр сөздің жанды бейнесін емес, сөйлем-нің қатып қалған құрылымын ұстанды.
Мен тілтануға тілі емес, тіліне тілтануы бағынышты шығарма жазсам деп ойлаймын. Менің ана тілім – авар тілi. Менің ана тілім – менің байлығым, қayiп-қатерден қорғайтын қазынам, қайғы-қасіреттен сақтайтын құді¬реттім. Ғаламат әншілік өне¬рің бола тұра тілің болмаса, дү¬ниеге келмегенің дұрыс. Менің жан дүнием жырға толы. Ән де айта аламын. Бұл менің авар тілімнің қасиеті. Ардақты ана тілім мені бала сияқты қолымнан жетелеп, ауылымнан алып шығып, адамзат әлеміне әкеліп қосты. Мен адамзатқа авар тілінде сөз айтып отырмын.
Неге солай: ошағыңа от жағу үшін, басқа үйден оттық сұрауға болады. Жүрегіңе от жағу үшін, от¬тық сұрап басқаға баруға болмайды.
Адамдардың тілі әртүрлі. Кө¬ңілі бір болса деймін. Менің кейбір жерлестерім ауылын тас¬тап, үл¬кен қалаларда өмip сүру үшін кет-кенін білемін. Ол дұрыс та. Ба¬ла¬пан қанаты қатайғанға дейін ұясынан ұзамайды. Үл¬кен қалаға бауыр басқан жер¬лестерімнің біразы басқа тілде жазатын өнер тап¬қанын айтпақпын. Әрине, олар¬дың өз құқы бар. Менің деге¬нім¬мен жүруге міндетті емес. Десе де, олардікі бір қолымен екі қар¬бызды қабат ұстасам деген әрекет қана.
Осы топ өкілдерімен жиі ұшы¬расамын. Олардың шығар¬ма¬лары аваршаға ұқсамайтын, орысша да емес, дүбәра, орашолақ отын-шының орманды бүлдіргені сияқ¬ты болды да тынды.
Ана тілін алымсынбай бас¬қа тілге құл болып, жаттың жата¬ғынан пана іздеген сатқындарды көзім көрді. Олар көне авар ер-тегісіндегі ешкінің кейпін құш¬ты. Қасқыр секілді құйрықты болсам деп, орманға барып мүйізінен айырылған екен.
Немесе асыранды үйрек се¬кілді ұша білгенімен, алысқа бармайтын, сайрағанымен, бұлбұл бол¬майтын орта жолда бағыты тұман, тeгi күмән күйге түскенін көрдім.
– Жағдайың қалай? – дедім бірде Әбутәліпке:
– Heciн айтасың, қасқыр да емес, қоян да емеспін, ортасында желіп жүрмін, – деді ол.
– Орта деген жазушыға мінәсіп емес. Жазушы адам қоянды ұстап жеген қасқыр сияқты немесе қас¬қырдан қашқан қоян сияқты болуы керек, – деді тағы да Әбекең.
Тіл өзгереді. Ол шындық. Ол тұрғай ағаштың жапырағы да жыл сайын жаңарып, ecкici түсіп, жаңасы көктемей ме?! Бipaқ жыл өткен сайын ағаштың діні жуандап, бұтағы қалыңдайды. Одан кейін жеміс береді.
Мен сіздерге өз жырымды, өз шығармамды ұсынғанда, авар тілінің ағашына өскен жемісінің дәмін татсын деймін.
Басқа тілде көсемсініп,
жазбағанмын арнау жыр,
Айтатұғын әнім де көп,
жүрегімде толғау жүр.
Ертең тілім жойылатын,
жоғалатын болса егер,
Мен өлуге әзip тұрмын осы бүгін, дәл қазір.
Қойын дәптерімнен: таулық азамат орыс қызбен үйленейін десе, ата-анасы қарсы болады. Ол қыз авар бозбалаға ғашық екен. Бip күні жігітке авар тілінде жазған қыздың хаты келіпті. Жігіт хатты ата-анасына көрсетеді. Олар оқып көріп, баласына үй¬ленуге ризашылығын бepiптi.
Ел аузынан: сауысқан ұя сал¬ған ағашты ауылдың балалары аралап құлатып, ұясын бұзыпты.
– Ағаш, сені неге құлатты?
– Менің сөйлеуге тілім болмады.
– Сауысқан, сенің ұяңды неге бұзды?
– Мен өте көп сөйлегеннен болды.
Көпшілік айтады: сөз бен жବуын бірдей. Алғашқы күні құт, одан кейін жақсылық, үшінші күні артық, төртінші күні зиян.

Тәржімалаған
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,