№3 Наурыз, 2023
Балалар әдебиетінің маңызы мен мәні терең. «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген бабалар сөзі көп жайдан хабар берсе керек. Ұлттық құнар мен рухани байлығын слдп, болашағы үшін толғанары сөзсіз.
2021 жыл балалар әдебиетін қолдау жылы болып жарияланып, біршама шаралар қолға алынды. Мәселен, «Фолиант» баспасынан балалар әдалМұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі, Бердібек Соқпақпаевтің «Менің атым Қожа» повесі сынды қадау-қадау шығармалар шоғыры бар. Сонымен бірге әлем әдебиетінің балаһа Грин, М. Твен, В. А. Обручев, А. Линдгрен, Дж. Свифт, Эрих Распелердің кітаптары көз тартарлық мұқабамен басылып, оқырманға таралды.
Балалар әдебиетіне қалам тартып жүрген ақындар жоқ емес. Солардың ішінде Серікбол Хасан мен Асылан Тілегенді айрықша атауға болады. Серікбол Хасан поэзияда өзіндік сазымен бой көрсетіп, соңғы жылдары балалар әдебиетіне үлес қосып келеді. Шығармалары түрлі байқауларда топ жарып жүрген ақын өлеңдерінен ұлттық ерекшелік, тапқырлық байқалады.
Үлкен болдым мен енді,
Үйден шаңды қуамын.
Шүберекпен еденді,
Жалтыратып жуамын.
…Бір ерекше күйге еніп,
Бөлме кетті жанданып.
Босағаға сүйеніп,
Әкешім тұр таңғалып.
«Тазалықты сүйемін» атты өлеңде жас өскінді тазалыққа шақырып, салақтық пен еріншектен бой тартуға үндейді. Балаларға ең қажет құндылық тазалық екені даусыз. Тән тазалығын сақтап өскен балалар жан тазалығына да немқұрайлы қарамасы анық.
«Робот» атты өлеңді оқиық.
Қараңғыда жанады,
Жарқыратып даланы.
Жолға қойсаң жайылып,
Көлік бола қалады.
Соғылса да сынбайды,
Төбелессе қыңбайды.
Ойыншықтың төресі
Робот дейді мұндайды.
Ақын бұл өлең арқылы жас баланы өнертапқыштыққа, жаңаша ойлауға үйретеді. Расында, балаларды ғылымға баулу маңызды іс. Абай айтқандай адамнан адам ғылым, ақыл, ар, мінезбен ғана оза алмақ. Әлем елдеріне көз салсақ, мектеп кезінен-ақ балаларды ғылымға қызықтыру, ғылымға шақыру сынды жұмыстар арнайы қолға алынған. Ғылымы алға өрлеген елдер жаңа құрылғылар, адамзатқа ортақ құндылықтар ойлап табу арқылы мерейі үстем болып отыр. Ақынның «Аю мен тышқан» атты өлеңі ғибратты оқиғаны өзек еткен. Бір күні аю мен тышқан көшеде келе жатады. Олар жолда жатқан бір ағашты көріп қалады. Басқаларға кедергі болғаны жарамас деп, аю ағашты жол шетіне шығарып қояды. Барлық аңның алдына келгенде тышқан сарнап қоя береді:
«Біз не деген күшті едік,
Ғажап нәрсе істедік.
Екі батыр бірігіп,
Жасадық бір ірілік!»
Яғни бұл жерде тышқанның қулығын, аю істеген істі өзі істегендей болып көрінген пайдакүнемдігін сөз етеді. Осы арқылы балаларды еңбек етуге, біреудің еңбегі арқылы күн көруден алыс болуға шақырады. «Біреудің ақылы біреуге ақыл болмайды» дегендей, жаттың еңбегімен жалқаудың алақаны жылынбасы анық.
Асылан Тілегеннің балаларға арналған өлеңдері өзгеше. Ол жарқын ойлы жырлары арқылы бүлдіршіндерді позитивті ойлауға, тереңге сүңгуге үндейді. Мәселен «Айқанаттың жауабын» оқып көрелік.
– Есімің кім, әй, қарақ?
– Атым менің – Айқанат.
– Айда қанат бола ма?
– Былайша ғой, ол, аға,
Қанатсыз ай, түсіндір,
Көкте қалай ұшып жүр?!
Балаларды логикалық ойлауға, әр нәрсені басқа қырынан қарауға баулитын бұл өлеңнің өрімі бөлек. Расында, әлем әдебиетіндегі балалар әдебиетінің классигі Ханс Кристиан Андерсен өзін балалар әдебиетінің ғана емес, үлкендердің жазушысымын деп есептеген екен. Бір қарағанда жеңіл болып көрінетін ертегілер, шынында, оқырманға қорғасындай ой салады.
Тұр мұғалім «күшінде»,
Сұрақ қояр кез келді:
– Айтыңдаршы, ішінде,
«П» әрпі бар сөздерді.
Қасым бірден тұрды ұшып,
Екпінділер, бізді аттай.
Сол жақ көзін бір қысып,
«Қазан», – деді міз бақпай.
– Қай жерінде «П»-сы бар?
– деп сұрауы сол еді.
Жөні жоқ-ау қысылар,
«Қақпағында» дегені.
«П» әрпі бар сөз» атты өлеңде ақын балаларды ерек ойлануға, әр нәрсенің тұс-тұсына көз жіберуді насихаттайды. Қазан мен қақпақтың қатар аталатыны мәлім, осы екі зат арқылы құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланысын көрсетеді.
Балалар әдебиетінің бүгінгі келбеті қансонардағы ат ізіндей айшықтанып келеді. Алда соны соқпақтар, жаңа ізденістер боларына сеніміміз кәміл. Жоғарыдағы екі ақын арқылы болашақтың сәулесі бұдан да жарық боларын бағамдай аламыз.
Тортай Үсен