№3 Наурыз, 2023
Елімізде «Білімді ұлт» жобасы қолға алынғалы да біршама мезгіл болды. Оған әркім, әр сала қолдан келгенінше өз үлесін қосуға ұмтылуда. Ал білім ордасының бірі кітапхана десек те артық емес. Өйткені, халқымызда «Кітап – білім бұлағы» деген қанатты сөз бар. «Білімді ұлттың» бүгінгі жас ұрпағын жан-жақты жетілген,мәозық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор міндеті болса керек.
Қазақ халқы — рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабаларымыздан қалған ұланғайыр даламыздың тарихы, бай әдебиетіміз, халқымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерінің сан ғасырлар бойы рухани қазынаның бұлағы кітап бетіне сақталып, ұрпағының ұлы даланың мұрагері болып, тарихын танып, ұлттың рухани уызымен сусындауына септіr>здің болашақ білімді ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді рдіңіруде, жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде рухани орда кітапхананың рөлі зор.
Осы орайда, рухани орда ретінде қазіргі балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятып, рухани жетілуіне үлес қосу мақсатында кітапханамызда түрлі форматта көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді. Солардың бірнешеуіне тоқталып өтсем: балалар әдебиеті апталығында кішкентай оқырмандарымызға арнап, «Кітап мерекесін» ұйымдастырдық. Балаларға арналған түрлі безендірулермен әрленген кітаптардан кітап көрмесі қойылып, шарларға сұрақтар жасырылды. Кішкентай оқырмандар, өздерінің оқыған кітаптарын, ұнаған кейіпкерлері жайлы әңгімеледі. Балаларға «Балапан» журналы мен түрлі-түсті шарлар тарту етілді. Бірінші маусым балаларды қорғау күні қарсаңында ауыл саябағында «Біз бақытты баламыз» атты open air ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкерлері ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киіп, балалармен түрлі ойындар ойнап, асфальтқа сурет салып, балмұздақ таратып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ауылымызда орналасқан үш мектептің оқушылары үнемі кітапханаға саяхатқа келіп тұрады. Оларды кітапханашылар панданың, аюдың, қасқырдың, қоянның және заманауи мультхикаялардың кейіпкерлерінің костюмдерінде қарсы алып, кітапханамен таныстырып, кітап қорымызға келіп түскен балалардың оқуына жеңіл, қызықты кітаптарға шолу жасады. Сондай-ақ, балабақшаларға барып, жас бүлдіршіндерге ертегі оқылып, мектеп қабырғасында заманауи 3D кітаптардың, интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» кітаптар топтамасының, магнитті кітаптар топтамасы, ұялы телефонның арнайы қосымшасы арқылы оқылатын кітаптардың таныстырылымы, насихаттау, кітап оқуға шақыру жұмыстары жүргізілді. Республика күні қарасаңында «Мен елімнің ертеңі» атты патриоттық сағат ұйымдастырылып, кішкентай оқырмандарымыз ел мен жерге арналған ән-жырдан шашу шашып, қазағымыздың қара домбырасында ойнап, өз өнерлерін ортаға салды.
Аталған іс-шаралар біздің кітапханамыздың балалар бөлімінде ұйымдастырған шаралардың бір парасы ғана. 64 жыл тарихы бар кітапханамыз 2020 жылы күрделі жөндеуден өтіп, балаларға арналып, арнайы заманауи жиһаздармен жабдықталған, бай, әрі қызықты кітап қорымен, барлық жайлылық қарастырылған коворкинг орталығы болып оқырмандарына есігін қайтадан ашқан болатын.
Жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүйіп, оны қорғай білуге үйрету, киелі жеріміздің иесі – балалардың тәрбиесі, рухани бай болуы біз бен сіздің басты мақсатымыз. Ал рухани қазынаның көзі — кітап десек, біз сол қазынаның сақшысы, насихаттаушысымыз. Әлемдегі барша балалар бақытты болып, еліміздің болашағы балаларымыздың келешегі жарқын, ел еңсесі биік болсын!
Красный яр қалалық үлгілі кітапханасының меңгерушісі
Гүлжанар Нұрланқызы Бодаубай, Көкшетау қаласы