№3 Наурыз, 2023

        Осы бір жап-жас бүлдіршінді, оның жастайынан өнермен де, оймен де өз қатарларынан, тұстастарынан өзгешеліктерін естіген сайын «талант туа бітті» келеді деген сөз еске орала береді. Дінислам  о шетімен бұ шеті бірнеше күндік сапарға тұрарлық  Ұлықұмның баласы. Жасы 9-да.  Шалқардай туған жердің топырағы шабыт берді ме, әлде аталарынан  ақындық өнер дарыды ма екен,  кішкентайынан өлең жазуға құмар боп өсті. Көркем сөз оқудың  хас шебері.  Құдайбергенов Дінислам қазіргі таңда Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы  №1 гимназия – мектебінде  4 сыныпта оқиды. Ұстазы –  Ахетова Ақзира Төлеужанқызы —  тәжірибелі ұстаз, зерттеуші – педагог.  «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің үздік педагогы», «Үздік Көшбасшы» төсбелгісінің иегері. Ұстаз шәкірт талабын жани білді. Шығармашылық әлемге баулыды.  Дінислам мектеп табалдырығын аттағаннан – ақ Абай мен Ыбырайды тани бастады, өлеңдерін жатқа оқыды. Аудандық Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Дала қоңырауының шамшырағы» атты драмалық қойылымда білімді шәкірттің бейнесін шебер алып шыққан болатын. «Адамдық диқаншысы» атты театр ұжымы жарысында   «Асан мен Үсен» аттбашынайы сомдай білді.  Театр тарландары Дінисламның актерлық өнерін жоғары бағалады, «Келешегінен мол үміт күтеміз» деген сенім білдірді. Осындай өнерлі жетістіктері үшін   аудан әкімінің марапатын иеленді.

Абай Құнанбаевтың «Артық білім кітапта» деген қанатты сөзін көкірегіне түйіп өскен шәкірт  Республикалық «Бала Абай -2022» атты конкурста бақ сынады.  Қазылар алқасына Дінисламның  «Ұлтың қарғам кім десе,«Абай» дегім келеді» деген ұтқыр ойлы шумақтары ұнаған болуы керек,  жарыста «Бас Жүлдені» еншілеп қайтты. Республикалық «Балалар әлемі» жобасы аясында  «Алпамыс батыр» қаһармандық эпосын жаттап  және қазақ ертегілері бойынша тапсырмалар орындап, өзінің әдеби білімін жоғары деңгейде көрсете білді. «Ұлтан» сияқты сатқындардан жеріп, Алпамыс батырдай тау тұлға болуды армандады.  Облыстық Білім Басқармасының               «Алғыс хатын» иеленді.  Республикалық «Атадан мұра» атты балалар мен жасөспірімдер байқауында қолындағы құс тұмсықты қаламын өлеңге қосып, ақынжанды балалар қатарынан көрінді. Орал қаласында өткен «Шабыт» көпжанрлы байқауында «Орал саған ораламын бір күні…» атты өлеңі жүзден жүйрік атанды.  Тәуелсіздіктің 30жылдығына орай Нұр – Сұлтан қаласында өткізілген «Тәуелсіз елдің таланттары» атты ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ өнер байқауында «Арнау» номинациясы бойынша             «Гран – При» иеленді.  Жыл соңында «Президент шыршасы – 2022» жаңа жылдық кешіне қатысып,  бағалы  сыйлықтар мен 100 000 тенге көлемінде сертификатқа ие болды.

   Дінисламның   тарих әлеміне деген қызығушылығы мол.  Тезірек ер жетіп, тас дәуірі  мен технология дәуірінің арасын терең оқып, зерттегенді жаны қалайды. Көптеген елдердің астанасы мен Туын жатқа біледі. «Кім болғың келеді?» деген сұраққа Дінислам:

«Әуелі адам болғым келеді, қалған арманымды уақыт көрсетеді» деп жымиып жауап берді.  Аяулы мектебі, алғашқы ұстазы да  талаптың тұлпарын мінген шәкірттің  ертеңінен мол үміт күтеді. Біз де ны.  Жолың болсын, балақай,-дей отырып жас таланттың бір өлеңін оқырманға ұсынуды жөн көрдік.

Мырзан әл-Шалқари