№3 Наурыз, 2023
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп кемеңгер Абай айтқандай, бүгінде жаңарып, жаңғырып келе жатқан Жаңа Қазақстанда әсіразу жақсы жолға қойылып отыр.
Болашақтың иесі – жас ұрпақ десек, сол жас ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауаға қатар, саналы да тәрбиелі адамгершілік қасиеттері мол, зерделік деңгейі жоғары болуы үшін тер төгіп, еңбек етеді. Міне осындай шығармашыл ұстаздардыва- педагог-зерттеуші, биология пәні мұғалімі.
1969 жылдың 31 тамызы күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет батыр ауылында дүниеге келді. 1976-86 жылдар аралығында Шалқар қаласындағы №1 қазақ орта мектебін аяқтап, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау педагогикалық университетінің биология пәні мұғалімі мамандығын бітірді. 1990жылдан бастап Шалқар ауданындағы «Сарыбұлақ негізгі мектебінің» биология пәнінің мұғалімі, 2010 жылдан бастап Шалқар қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап келеді.
Облыстық пәндік олимпиадаларда, ғылыми зерттеу жобаларын қорғауда шәкірттері жүлделі орындан ұшқан шәкірттері арасынан бірнеше оқушылары «Алтын белгі», «Ерекше аттестат» игері атанып, жоғары оқу орындарын бітіріп,абыройлы қызметтерде жұмыс жасап келеді.
Оқушылары жыл сайын өтетін аудандық ,облыстық пәндік олимпиадаларға үзбей қатысып, жоғары нәтижелі көрсеткіштерге ие болып жүр. Аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлерімен де тығыз байланыста болып, олимпиада, жоба жұмыстары,түрлі пәндік байқауларға сарапшы болып, жоғары деңгейлі жұмыстардың саралануына өз үлесін қосып келеді. Ақтөбе облысының химия-биология пәндері мұғалімдері ассоциациясының мүшесі. Сонымен қатар, жетекшілік ететін сыныбының жетістіктері бойынша «Үздік сынып жетекші», «Үздік сынып» марапаттары бар. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал» деп үндеген мағынасы тереынан шығармайтын ұстаз.
Шығармашыл ұстаз Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ,білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі,сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері үшін «Алғыс хат» иеленді. Республикалық «Алтын кітап» ІІІ республикалық энциклопедиясының «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Республикалық «Білім беру ісінің үздігі» куәлік иеленді. Республикалық Білім беру саласын дамыту Bilge халықаралық ақыл ойды дамыту орталығының «Құрмет» грамотасына ие болды.
Республикалық Оқушыларды оіниеленіп,Республикалық «Жас ғалым-2021» атты ғылыми жобалардың Республикалық байқауында «Оқу мен тәрбие ісінің үздігі» І дәрежелі дипломын жеңіп алды.
Халықаралық «Абай әлемі» конференциясында ұстаз еңбегі бағаланып, арнайы марапатқа ие болды. Республикалық «Жас биолог-2018»сайысына оқушыларын қатыстырғаны үшін ІІ дәрежелі диплом, Республикалық Мерзімді баспасөз басылымында «Үздік нәтиже» І дәрежелі диплом иеленді. Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» жинағы үздік деп танылды. Ақтөбе облысы білім беру саласындағы еңбегі жоғары деңгейде бағаланып, облыстық «Табиғатты аяла» жас 8 сынып білім алушысы Мұхидулла Нұрайым Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің биология пәні бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінде білімін жоғары деңгейде көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды және 2022 жылы 1-15 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Edliqht academy орталығының базасында 8-11 сынып оқушылары үшін жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада резервінің жазғы мектебіндегі “2022 жазғы лагерьге” белсене қатысып, сертификат иеленді.
7 сынып білім алушысы Сайын Аянат Исатайұлы 1-7 сынып оқушыларына арналған “Зерде” зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінде “Медицина, психология” секциясы бойынша қатысып, «НейроС.и еңбектері»тақырыбындағы ғылыми жобасы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобаларының республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, «Нейрохирург дәрігер, ғалым С.Қ.Ақшолақовтың ғылыми еңбектері» тақырыбындағы ғылыми жобасы І дәрежелі дипломмен марапатталды
Сайын Аянат Исатайұлының «Нейрохирург дәрігер, ғалым С.Қ.Ақшолақовтың ғылыми еңбектері» тақырыбындағы ғылыми жобасы «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының 2-ші кезеңіне жолдама алды
Райса Тажығалиқызы Ұстаздар әлемін – шығармашылықпен үндескен сурет әлеміне айналдыра білді. Сырлап.., бояп.., ажар беріп.., түр беріп.., әшекейлеп өрнектей білді. Райсадай ұстаздың болмысын мысал өлеңге балауға болатындай: мысалды өлең уақыт ұзақтығымен емес, мазмұнымен өлшенеді. Өмірі мазмұнды адамның творчествосы да мазмұнды. Білім беру саласындағы белсенді еңбегі, ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, жарқын болашақ үшін зерделеген игілі істері – барша ұстаздар қауымына үлгі боларлықтай. Райса Тажығалиқызы өзінің шығармашыл еңбегі арқылы «Ұстаздың анық жүйрігі» деген атқа лайық бола білді. Сапалы білімнің қорғаушысына, қолдаушысына, білімнің қалаушысы, білімнің зергеріне, жай ғана зергер емес, ұзақ жылдарғы тәжірибе арқылы адамның жан-дүниесін, сана-сезімін тәрбиелейтін зергерге айнала білді. Жаңа Қазақстанның интеллектуалды ұрпағын тәрбиелеудегі шығармашыл еңбегіңізге сіттілік тілейміз!
Өз тілшіміз