№3 Наурыз, 2023
Бүгінгі ұрпағымыздың болашақтағы жетістігін қалыптастырудағы мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиенің негізгі дағдылары олардың мінез-құлық қасиеттерін қалыптастырады. Біздің №178-ші бөбекжай-балабақшамызда қабылданған жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты – әр баланың өмір құбылыстарына деген қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу. Осыған орай, мемлекетіміз білім ордаларының алдына жаңа да жарқын міндеттер қойып отыр. Өмірге қадам басқан балалардың балабақшадағы тәрбиесі мен дағдысын жаңа заман талабына сай, ұлттық дәстүрлерге, бүгінгі және болашаққа сай дамытуға, білім ордалары жаңа талаптарын қойып отыр. Бүгініміз бен келешегімізді білімді еліміздің нәрлі қайнарына айналдыру әр балабақшаның абыройлы міндеті, парызы. Қазір балабақшаларда балалардың ұлттық қолөнерден, ұлттық әдебиеттен және басқа да ұлттық мәдениет салаларынан хабардар болу үшін түрлі жарыстар, бәйгелер өткізу қызу жүргізілуде. Ең бастысы ата-бабадан мирас боп қалған ұлттық тәрбие, ұлттық өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын баланың сана-сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге-құрмет, кішіге-қамқорлыққа баулып адами қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығын да, тәны ан. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай атайды дейтін танымдық, тілдік маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің бе?» атты ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.
Әтеш – шақырады
Есек – ақырады
Бақа – бақылдайды
Шыбын – ызылдайды
Шіркей – ызыңдайды
Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшелігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесі сақталады. Ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс ойынның басталуы мен ойналу барысы ойынның аяқталуы болады. Дене тәрбиесі негізінен өзінің мазмұны жағынан іс-әрекеттес қимылдан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік, шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл-ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болуды үйренеді. Көңілдері көтеріліп жақсы демалады. Дене мүшелері түгел қимылдап, бойы сергиді, миы тынығады. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың ғадет-ғұрыптарын, дәстүр-салтын үйретуде, табиғат құбылыстарын танытуда олардың көру, есту, сезіну қабілеттерін зейінділікпен тапқырлықтарын танытады. Ойын арқылы балалар қоғамды танып өмірлік тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау үдерісінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Олар бір-бірімен сөйлесе жүріп өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын – баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін, өз ойын еркін айта білуге жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, қатар-құрбыларымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Сондай аса құнды мәдени игіліктердің бірі халқымыздың әртүрлі ұлттық ойындары болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты дененің шынығуын қажет етеді. «Ормал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз қуу», «Ұшты-ұшты», ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға өмір тәжірибесін кеңейтуге, ептілік қабілеттерін жетілдіруге зор әсерін тигізеді. Біз әр бала ақылды, данышпан болуы үшін бойына ұлттық сананы, дәстүрді ойын арқылы сіңіртуіміз керек. Қазіргі технологияның қарқынды дамыған заманында балабақша іс-әрекеттерінде жиі пайдаланып жүрміз. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы да ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек десек, оған әртүрлі ойындардың да тигізер әсері зор. Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі білімді елдің иесі десек қателеспейміз.
Бейсебаева Құралай Бәкібекқызы,
№178 бөбекжай-балабақшасының әдіскері