№3 Наурыз, 2023
Осыдан бір-екі ай бұрын Ақтөбе уәлаятына іссапармен бардым. Сонда Шалқар ауданындағы бір мектепте тіл мен әдебиеттен дәріс беретін бір ұстаз оқушыларға сол пәнге бөлінген аз ғана уақыттың аралығында шәкірттеріне ұлттық салт-дәстүр, кәде, үрдістер туралы да әңгімелеп беруге де үлгереді дейді. Өзіміз мектепте оқып жүргенде сынып жетекшісі Зинаида Алексеевна Шилина аптаның бір күнінде қыздарды алып қалып оларға жұрттың алдында әсіресе жігіттермен сөйлескенде өзін қалай ұстауды, ал ер балаларға қыздармен қалай мәдениетті қарым-қатынас жасау керектігін ерінбей-жалықпай әңгімелеп беретіні есіме түсе кетті. Иә, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздар осындай сирек кездесетін педагогикалық әдістерлабір келелі мәселеге қосар үлес болсын деген оймен осындай ұлттық салт-дәстүрлерімізден бір-екі үлгіні ұсынуды жөн көрдік.
Бесік тойы
Биесі құлындап, сиыры бұзауласа, ырым жасайтын тойшыл-думаншыл қазақ сәбиді бесікке салғанда той жасамай тұра ала ма.
Бесікті арнайы ісмер жасайды. Жөргектен шығарып, ит-көйлек кигізілген сәбиді бесікке ауылдың кез-келген әйелі салмайды. Бұған да ел-жұртына аяулы, ұрпақты бір бәйбіше лайық.
Бұрынғы салт бойынша, бәйбіше темірді отқа қыздырып алдымен бесіктің арқалығын бірнеше жерден қариды. Мұнысы, пәле-жаладан аулақ болсын дегені.Басқа бәйбішелер қырандай болсын деп бесіктің арқалығына бүркіттің тұяғын іледі. Бала бесікте омыраудан шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, қарын шашы алынған бала талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, бір созылып еңбектей бастайды. Бұл кезде дөңбекшіп бесікке өзінің де жатқысы келмейді. Бала бұл шамаға келген соң бесікті аса қадірлейтін қазақ келешек ұрпақ тезірек келсін, бүл бесікке енді солар жатсын деп іші-сыртын әдемілеп сүртіп, өзі таза, өзі биік жерге қояды. Қазақтың бесікті құрметтейтіні, сақтайтыны соншалық, атасы жатқан бесікке немересі жатады кейде. Кезінде қазақтың туған жерді алтын бесік деуі де осыдан болар. Сондықтан да бесік тойы қазақ өмірінде үлкен орын ұстайды. Бесық Өйткені, оған ит көйлекті кигізу қиын.
Бесікке салынған күні қарын шашы алынып,оған бір молда ат қояды. Атес бесіктегі баланың екі құлағына: «Сенің атың пәлен»,дегенді айғайлап айтады.
Тоқым қағар
Ашамайға мінген соң іле-шала әлгі бәсіре ғып ен салған құлыны да арқалы ат болып шыға келеді. Бала осы бәсіремен бірінші рет алыстау сапарға шыққанда әке-шеше баласының тоқым қағарын өткізеді. Бұл ақ ниетпен, адал көңілмен атқарылатын міндет: ұл өсірген қазақ бұдан аттап өткен емес. Ашамайға мінгізуден бұның жүгі ауыр. Өйткені, мұнда тізгін мен шылбырға баланың өзі ие. Өз бетімен бір жұмысты бітіргелі, не көмектескелі кетіп барады. Бұның өзі бір есептен дербестіктің алды. Міне, осыдан кейін қазақ бұл баласына ертоқым, айыл-тұрман, шідер, жүген-ноқта, кісен, арқан, атдорба сықылды жабдықтар береді. Былайша айтқанда, бұның өзі баланы еңбекке бет алғызудың, қазақша оқытудың алды. Қазақта бұрын мектеп те, медресе де болмады. Қазақ надан болды, мұның көзін ашқан октябрь деушілерге бұл арада дау айтуға да болады. Өйткені, осы тоқым қағудан кейін қазақ, балаларын мектепке бермесе де, еңбекке, адамгершілікке баулыды, оқытты. Бұны бастанның басын ашып алғаннан кейін сөз етейік.
Бастаңғы
Қазақта бастанды шешесі бір жаққа кеткенде қызы жасайды. Қыздың үйіне құрбы-құрдасы жиналады. Шешесі бұған рұқсат етіп асуға ет не мал беріп кетеді. Сонан соң жиналған жастар ән салады, домбыра шертеді, әзіл-күлкі айтады. Бұның екі түрлі жағы бар. Бірі – баласының елмен араласуына, сыйласуына, танысуына жол ашу; қонақ күте білуге баулу. Баланы томаға-тұйық, сылбыр болып қалудан сақтау. Біреуді құрметтеп, біреуге өзін құрметтете білуге үйрету. Енді бірі, қызды қазан ұстатуға, асты пісіруге тәрбиелеу. Өйткені ол ертең-ақ бауырына қазан, басына үй тіккелі отыр ғой. Сондықтанда бастанды қазақ қыздары бойжете бастағанда ғана бастайды. Бірақ бастан бақылау астында болады. «Шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл боладыға» барғызбау үшін бақылау, рұқсатсыз өткізбеу қазақта заң.
Қой жасы
Қозы жасындағы бала он беске – отау иесі делінетін жатқа келісімен бастауышты бітіріп жоғары класқа көшкен оқушыдай кәсібін ауыстырады. Қозыдан қой бағуға шығады. Отаудың иесі деп үміт күтіп отырған жасты қой бағуға жарамайды деп Онндықтан он бес пен жиырма бестің арасын ертеде қой жасы деген.
Ал, сиыр мен түйеге ие болу – кәрі-құтаңның сыбағасы. Олар көзден таса етпейтін түлік емес. Қазақтың ертедегі ең көп ұстаған малы – жылқы мен түйе. Онан соң – қой.
Он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы деуі – бір қора қойды ит-құсқа жегізбей, жоғалтпай бағу, жауын-шашында,күғанша жалықпай жанында болу, жалғыз жүру осы жастағы адамдардың ғана қолынан келеді. Он бестегілердің өте бір қағылезі болмаса, төзуі қиын. Бірақ көнбесе басқадай кәсіп кемде-кем. Күн көре алмайды. Бұл қой жасынан еті тірілер, сенімділер ғана өтіп жылқы жасына ауысады. Емтиханнан өте алмағандары сол қойдың соңында мәңгі қалады.