№11 қараша, 2022

Исабеков – көп қырлы тұлға. Әдебиет пен театр өнеріндегі шығармашылығынан бөлек жазушының сценарийімен бірнеше кинофильм («Гауһартас», «Дермене», «Тауқымет», «Лотерея», «Бақыт құсы», «Балуан Шолақ») түсірілгені баршаға мәлім. Атақты Асқар Сүлейменов: «Кем талант мүмкіндігінше, шын талант қалағанынша жазады» деген екен. Кино өнері – театр сахнасы мен әдебиеттен мүлде бөлек форматтағы өзінше ерекше сала. Алайда Д.Исабине нағыз ұлттық ерекшелікке ие, көпшілік сүйіп көретін фильмдер өмірге келді.

Белгілі кинорежиссер Шәріп Бейсембаев 1975 жылы «Гауһартас» фильмін түсірді. Бұл Д.Исабековтың сценарийі бойынша көпшілікке жол тартқан алғашқы туынды болатын. Ки¬нокартина жазушының осы ат¬тас хикаяты негізінде экрандалды. Туынды қазақы дүниетанымды, оның ішінде отбасылық қарым-қатынастың ұлттық үлгісін айна-қатесіз көрсете алуымен құнды. Ұлттық кинематографиямыздың тари-хында бір отбасы мүшелерінің бей¬несі толық, һәм шебер ашылған фи¬льм¬дер санаулы. «Гауһартас», міне, осыған мысал бола алады. Экрандық шығармада Тастан өзінің ақылына көркі сай Салтанат есімді жарының қадірін кеш түсінеді. Белгілі тұрғыда «Гауһартасты» келін туралы фильм деноарқалайтын жүгі мен атқарар рөлінің қаншалықты ерекше болғанын шебер көрсетеді. Жаңа әулет¬тің бір мүшесі болып келген Сал¬танат арқылы қазақ ұғымындағы келін бейнесін танып-> ның «Тіршілік» хикаяты бойынша кинорежиссер Ұлжан Қолдауова «Тауқымет» картинасын түсірді. Фильмде басты рөл¬дерді Тұңғышбай әл-Тарази, Баян Әлімақынұлы, Шынар Асқарова секілді актерлер сомдады. Фильмнің аты айтып тұрғандай, онда күйбең тіршілік қамына түскен жандардың ауыр тағдыры бейнеленеді. Жалпы, Исабеков қаламынан туған кинос¬це¬нарий¬лер желісімен түсірілген бар¬лық фильмдер адам баласының басына түсетін түрлі ауыр кезеңдер, кездейсоқ қиындықтар, күтпеген сәттер әр қырынан суреттеледі. Бір сөзбен айтқанда, әр фильмдегі әр кейіпкердің қайталанбас өзіндік тағдыры мен мінезі бар.
Д.Исабеков сценарийі бойынша түсірілген келесі фильм «Лотерея» деп аталады. Туындыны 2013 жылы белгілі кинорежиссер Дәмір Манабай экрандады. Картинадағы оқиға өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасын суреттейді. Қазақстанның оң¬түстігіндегі шағын қалалардың бірі. Жетім бала, мектеп-интернаттың оқушысы Әулет кездейсоқ лотерея билетінің ұтыс иегері болады. Күтпеген жаңалық оның өмірін бірден өзгертеді. Бағы жанған Әулеттің ендігі жерде «қамқоршылары» күрт көбейіп, оны белгісіз туыстары іздей бастайды. Тұтас фильм драматургиялық тартыстардың шебер өрбуімен ерекшеленеді. Фильм авторлары экранда ақша мен ар-ұят алдында таңдаудан жаңылған қоғамның бейнесін аса сәтті ашып көрсетеді. Шығармадағы әрбір кейіпкер мінезінің нанымды ашылуы киношығармаға өзіндік салмақ беріп тұрғандай. Біз өмір сүріп жатқан қоғамның шындығы мен екіжүзді адамдар психологиясын шебер көрсете алуы картинаның ең басты артықшылығы деуге болады.
Дулат Исабековтің «Балуан Шолақ» пьесасы негізінде киносценарийге өзгер-тіліп, 2019 жылы түсірілген тағы бір айтулы туынды «Балуан Шолақ» бо¬латын. Фильм атақты халық ком¬по¬зиторы, ат өнерінің шебері, балуан Нұрмағанбет Баймырзаұлының балалық шағынан бастап, өмірінің ең бір маңызды кезеңдерін суреттейді. Балуан Шолақтың ел арасындағы әділетсіздікпен күресі, патшалық Ресейдің отаршылдық басқыншылығына қарсы ерекше ерлі¬гі аса нанымды бейнеленуімен де бұл фи¬льм көрерменнің ықыласына бөленді.
Фильм режиссері Нұргелді Сады¬ғұлов тарихи жанрдағы картинада шебер драматургиялық желіні сақтай отыра, ұтымды режиссуралық шешімдерге бара алған. Кинокартина атмосферасы мен шымыр актерлік ойын көрерменге қазақ қоғамындағы ер, батыр тұлғасының типтік бейнесін дәл жеткізе алды деуге болады. Актерлік ойын демекші, Балуан Шолақ рөліндегі Еркебұлан Дайыровтың шебер рөлі – фильмнің сәтті шығуына тағы бір себеп.
Қазақ киносы тарихында ұлттың болмысы мен мінезін, дәстүрі мен дүниетанымын экран тілімен көрсеткен туындылар аз емес. Міне, солардың қатарында Дулат Исабеков қаламынан туған шығармалар арқылы түсірілген фильмдер де бар. Жазушының шығармалары бұдан кейін де экрандала беретініне кү¬мән жоқ. Қалай дегенмен, кейінгі ұрпақ өз ұлтының бітім-болмысын, елдік си-патын кино арқылы да танып-білуге міндетті.

Әлімақын ЖАНБОЛАТ, кинотанушы