№11 қараша, 2022

Небір асқар тауға бергісіз өрлік бар, небір кісі баласы көрмеуге тиіс қорлық бар, өмір бойына, ғұмыр нұрына жететін ізгілік пен сағыныш бар, адам түгілі айуанға тілемейтін қатыгездік пен зұлымдық та бар бұл шығармада. Осының бәрі бір-бірім т үмітсіздік жоқ. «Үміт жібі үзілсе – үгілер ең…» демей ме?

Мен осыншама қатыгез, ожар, зұлым, мейірімсіз және екіжүзді Омашты жек көрем. Адамсүйер қылығы жоқ бейбақ деп сондайларды айтатын шығар. Бетбақ деуге де болар. Жалғыз немересінің жолында жанын шүберекке түйген Тоқсанбай қартты, сол арқылы ұрпағы үшін адалдан жиған, арамға баспаған қазақ ауылының бармті бүгінде ұлт үшін күресте табандап тұрып алар бірен-саран тұлға болса, олар да осы Тоқсанбай сынды қарттардың ұрпағы дер едім.
Оқырманның сай-сүйегін сырқықа бірегейі – Дулат Исабековтің «Дермене» повесі екенін ешкім жоққа шығара қой¬мас. Егер осы шығарма дүниеге келген 1970 жылдан өмірге араласа бастаған ұрпақ «Дерменені» оқып өссе жарар еді. Өйткені бұл аярлық пен озбырлықтан жеріндіріп, ізгілікке шақыратын, адам санасына зұлым¬дықтың неге апаратынын тереңірек сезін¬діре отырып, жүректерді мейірбандыққа жетелейтін туынды.
Шығармадағы Тоқсанбай кім еді? Қазақ даласындағы қарапайым ауылдың қарты. Бірақ қатардағы қазақ дей аламыз ба оны? Анығында төрт баласын соғыс жалмаған, аман қалған жалғыз ұлы енді басқарма болып, немере сүйіп, рахатқа кенеле бастағанда ол баласы да отбасымен жол апатынан мүрдем кеткен Тоқсанбай қарт өмір жолында сағы сынып, сүйегі жасып болған қария. Көзінің нұрындай жалғыз баласы отбасымен опат қалғанда сегіз ай бойы төсектен тұрмай қалмап па еді? Сол бойы тұрмауы керек-ті. Сегіз ай қайғыдан күйреп қалған қартты төсектен тұрғызған – жалғыз ұлдан қалған, өзі кезінде бауырына салып алған тұңғыш немересі Ергешбай болатын. Тоқсанбай қарт пен кемпірінің бар көрер жарығы, үміт сәулесі – сол немересі! Ол болмағанда жасы келген қария жұртпен бірге дермене шауып, оны өкіметке өткізіп, ақша табуға шығып несі бар?! Тұла бойын қайғының өрті шалған Тоқсанбай немересі Ергешбай үшін өз күлінен қайта өніп шыққан феникс құс сияқты елестейді.
Сол ауылдың қатпа шалын ешкім қинап, қорқыта алмас еді. Ол онсыз да төрт баласы соғыста, кенже ұлы бертінде өлген¬де бір емес, екі өліп тұрған қарт. Қадірі мен беделі де баршылық. Қинаса тағдыр жал¬ғыз тұяғы, жұдырықтай Ергешбайымен қинай-ды. Алғаш дермене шаба бастаған¬да топ¬тасқан жігіттер мұны осы Ергешбай үшін шеттетіп жібереді. Зіңгіттей жігіттер «ертең дерменені өткізгенде, Ергешбайдың еңбегіне төлемейміз, баланың еңбегі белгілі ғой» деп шығады. Ал Тоқсанбайдың ең жанды жері Ергешбай, ол болса да бұл бопсаға шыдамай жеке кетеді. Осы тұста жазушы тепсе темір үзетін жігіттердің іштар-лығы мен көргенсіздігін, болмашы пұл үшін ақсақалға жазықты болып қалғанын өздерінің әрекеттері әрі диалогтер арқылы жеткізеді. Тіпті жазықты боп қалды деп айтып та жатпайды, оқып отырғанда өзіңіз сезінесіз. Мұны жазушы шеберлігі деп білеміз.
Әлгі жігіттерден бөлініп дермене шаба бастаған атасы мен немересіне Омаш ке¬леді. Зіңгіттей жас жігіт келе сала зауал¬дай төнеді. Бірақ автор ол әрекетін де арнайы айтпай, әңгіме барысында сезіндіріп қояды оқырманға. Оны шақырған, тіпті шайламызға кір, нанымызды же, суымызды іш деген де ешкім жоқ. Баса-көктеп келген көргенсіздің оспадарлығы сөзі мен іс-әрекетінен байқалады. Қарияға Омаш көрген бойда ұнамайды, тіпті немересі екеуі шошып қалады. Басында дерменені бірге шауып, ақшасын үшеумізге тең бөлеміз деген ол күндіз еңбек етпей, түнделетіп ұрлыққа көшеді. Сөзі мен іс-әрекетінен бір шошыған атасы мен немересі енді одан үрейленеді. Өйткені олар ондай сұмдықты көрмеген, тап-таза. Бүйтіп тапқан ақшасы құрысын деп буынып-түйініп кетпекші болғанда Омаш жібермей күш көрсетеді. Үрейі ұшқан Ергешбайды қуып жетіп, Омаш сабайды. Арашаға түскен Тоқсанбайды қағып жібереді. Мұның бәрі оқып отырған адамның көзіне жас үйіреді. Әсіресе қарттың немересі үшін жата қалып жалынғаны… Жылатады. Ана қара ниет сонда да қоймай, ақыры екеуін құлдыққа жеккендей пайдаланады. Мұның бәрін автор бір жасандылықсыз, оқиға болып жатқандай диалогтермен аса шебер өрбітеді. Тіпті бойында иненің жасуындай ізгілік қалмаған Омаштың психологиясынан хабар береді: атасы «Омашжан, жұдырықтай балада нең бар?» десе, ол «көрсін бұл да, көріп өссін өмірдің ауыртпалығын» деп өршеленеді. Демек Омаштың жүрегіне мейірім жетпей, қарайып кеткен. Немесе Абай айтпақшы, «Қаны бұзық өзі ойлар, қу менен сұм болар-ды». Бұл жерде автор бірнеше детальға түрлі психологиялық оспадарлықтарды жасырады. Мәселен, дермене арасындағы ұядан торғай жұмыртқаларын алып, қуырып жеуі. Біреуінің ішінен балапан шықса да, лақтырып жіберіп, қалғанын қуыра беруі. Ергешбайды ұрып-соғып жатқанда «әлгі балапандай басыңды жұлып алам» дегені.
Ақыр соңында екеуін қинап ұрлыққа жеккен Омаш ақшаны ала тұра, «ойбай, ақсақал, төрт жігіт буындырып, ақшамды тартып алып кетті. Милицияға бердім, нанбасаңыз бөлімшеге барайық» деп өтірік аяғына бас ұрады ғой. Сонда Тоқсанбай қарт «жас жігіт біреудің аяғына жығылғаны жаман ырым» деп тұрғызып алады. Кезінде немересін сабап жатқанда ара түскен шалды Омаш қағып жіберген… «Ештеңе етпес, араммен келген араммен кетеді» деп немересін ертіп кете барған қартты көрген Омаш өзінің тірі өлікке айналғанын түсінеді. Ал оның мойнында бұла болып, мейірімге қанып өсіп келе жатқан Ергешбайдың бір-ақ күнде ержетіп кеткені, сөйтіп өміріне түскен сызаттың обалы қалды. Атасының назасы мен немересі екеуінің түсіне кірген Ергешбайдың өлген әкесінің күңіренген аруағының оғы қалды.
Омашқа алданып ақша алады екем деп, немересінің алғашқы жігіт болған жолына құрбан шалған атасының кесек мінезі туралы әңгіме тіптен бөлек. «Дерменені» оқып ішкі дерттен арылайық онда!
Ж.Әлиман