№10 қазан, 2022
Биыл халықты сүйікті ұлы, Дінмұхаммед қонаевтың туғанына 110 жыл толып отыр. Қонаев есімі қазақ халқының жадында қарапайымдылық пен имандылықтың, адамгершіліктің үлгісіндей болып сақталды. Өнегелі тұлғаның ел үшін істеген еңбегі ересен. Бекң әртүрлі адамдық қасиеттеріне тоқталмақпыз.
«Жүрегі бәрі үшін соғатындар шынымен де ұлы» депті Ромен Роллан. Қонаев тұлғасының бір қыры – халықшылдық, елшілдік болатын. Атақты Мұхтар Әуезов: «Димаш, бұйырса, иісі қазаққа ортақ ұл болғалы тұр, тіл-көзден сақтасын» – деп ілтипатын білдіріпті. Бұл ілтипат дегдар тұлғаның ісімен өтеліп, ұлтының сүйікті ұлына айналды. Ал АҚШ-тың 34 – президенті Дуайт Эйзенхауэр: «Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым, ол терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам. Ол КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы» – деп бағасын беріолн мақалын санасына терең сіңірген атпал Қонаев үлкенге де, кішіге де теңдей құрмет көрсете білді. Халықтың қамын ойлап, қабырғасына батқан әр мұңын өз жанынан өткізді.
Даналықпен серік қылып пәк арды,
Заманының қайсар өжет адамы.
Қызыл тұман құрсауында адаспай,
Жасай білдің болашаққа қадамды.
Әділдіксіз қай мекенге құт қонбақ,
Шашылмадың жалған сөйлеп көпті алдап.
Қиналғанға қолдың ұшын бердің сен,
Жығылғанды сүйей білдің қос қолдап.
Міне, ақындар жырлағандай ұлы тұлғаның адамдық болмысы биік болатын. Оның ғылым-білімнің дамуына жасаған еңбегі орасан зор. Өйткені өзі де ғылым мен өнерді терең түсініп, ғылым жолында еңбектенген білімпаз еді. Қаламгер Ораз Қауғабай: «Қонаев ғылым саласында жаңалық ашқан және болжам жобалары нақты іске асып, өндіріске енген инженер-ғалым еді. Техника ғылымдарының докторы Қонаевтың бұл саладағы еңбегі өз алдына. Қаныш Сәтбаевтан кейінгі Академия президенті Димекеңнің ғылым әлемінде өзіндік ізденіс жолы болды. Академияға Димекең басшылық еткен жылдары «қазақ ғылымында» даму болды. Димекең елуінші жылдары Қытайға барған сапарында Қазақстандағы геология ғылымы туралы баяндама жасайды. Қапшағай теңізінің өмірге келуі Қонаевтың ғылым жетістіктерін пайдаланып, ғылыми болжамдар мен жоба зерттеулерді еске алуының нәтижесі еді. Өзі ғалым Димекең ғалымдар үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Ал, өнер мен мәдениетке дәл Димекеңдей жанашыр басшы болған жоқ. Димекең дәуірін өнер адамдары мен жазушылар қазір «алтын ғасыр» деп атап жүр. Димекең театрға жиі барды, ақын-жазушылардың жаңа шығармаларын оқып, авторларға өз пікірін айтып, олармен етене жақын араласты. Ғылым мен өнер саласын дамытудағы Димекең еңбегі ұшан-теңіз» – дейді өз естелігінде.
Димаш Ахметұлы – қарапайымдылықтың кемел үлгісін көрсеткені жайлы замандастары жарыса қалам тербеді. Қайраткердің бойында Әл-Фараби тұжырымдаған кемеңгер патшаға тән 12 асыл қасиет тоғысқан еді. Ол – ар-намысын сақтап, баласын күннен қорғаған анадай ұят-ожданын қорғай білген тұлға. «Сондықтан көзінің тірісінде «әлемге әйгілі әулие» атанды. «Оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары, игі істерге ынтызар болуға тиіс» деп оныншы қағидада айтылғандай Қонаев игі істердің ұйтқысы, жасампаздықтың жолбасшысы атанды».
Қорыта айтқанда, Дінмұхамед Қонаев тағылымы – болашаққа барар биік қазына, асыл құндылық. Қазақ халқы барда, Қонаев тағылмы да өшпек емес.
Тортай Үсен