№10 қазан, 2022
“Тарихсыз — ел жоқ” демекші, қазақ халқының тәуелсіз ел болып орнығып, нығайып күшейгенге дейінгі, ата-бабаларымыздың түрлі елеңсіз жағдайларға тап болып отырғаны сөзсіз. Соның бірі Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ халқының көрген зорлық-зомбылықтың нәтижесінен туған түрлі көтерілістердің бірі – Сырым Датұлының қолбасшылығымен өткен Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783-1797 жж.). Академик Ə.Марғұлан бұл көтерыңа қарсы бағытталаған көтерілістердің ішіндегі ең ірісі жəне белгілісі” деп баға берді.
Сырым Датұлы (1742-1802) — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақінаты шыққан «Бала би» атанды.
XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушырые оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.
Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі — патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды.
Жеке өз басының ерлігі мен қайыспас қайсар батырлығы, ерекше ерік күшімен, өз замандастарының арасында ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен ерекшеленетін. Д.Ч.Бульжер былай деп жазды: «…Сырым батыр — жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады».
Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын.
Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу болды.
Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.
1783 жылдың тамыз айында Жайық казактары
Сырым мен Нұралы хан ауылдарын тонау жорықтарын
бастады. Нұралы хан Сырымның ел арасында бегеың түрмесінен босатып алады. Сырым темір тордан шыққан соң халық
көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден
қорыққан Нұралы Сырымға қарсы шығып, Ресейді көмек беруге шақырады. Осы
кезден бастап Сырым батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді. 1784 жылы
Сырым Сағыз өзенінің бойында Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак
бекіністеріне қашып құтылды.
1785 жылы Сырымның үзеңгілестері орналасқан аудандарда — Орал бекінісінің төменгі жағында ірі шайқастар болды. 1783-1785
жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдық жерлерін
казактар басып алған соң, қиян-кескі ұрыстар болып өтті. Бұл кезеңде Кіші
жүздің батыс аудандарында көтерілістер басталды, олар Жайық пен Ембі өзендері
арасында көшіпда жағдайды пайдалана
отырып, патша өкіметі тікелей ру старшындары мен келіссөздер жүргізе бастады.
Бір жағынан, бұл саясат қазақ даласындағы хандықты жою мақсатында
жүргізілді. 1786 жылы 13 шілдеде Екатерина II Нұралы
ханды қызметінен босатты.
1792 жылы хандық билік қайта күшіне енген соң, Сырым Датұлы бастаған халықтық жаппай бас көтеру кезеңі басталды. Бұл кезеңде көтеріліске қатаран әрі жүргізуден бас тартқан соң, Сырым батыр партизандық соғысқа көшті. Сонымен бірге, ел ішінде орын алған келеңсіз жағдайлар да көтерілістің жалғаса беруіне себепкер болды. 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім көтерілісшілер қолынан қаза тапты. 1797 жылы 28 тамызда Сырым Датұлы көтерілісті тоқтату тұралы шешім қабылдады. Ол хандық кеңестің құрамына енген болатын, алайда оны сұлтандар қу hedia.org/wiki/%D0%A5%D0%B8%D1%83%D0%B0″>Хиуаға қашуға мәжбүр болды.
Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқыныпды. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында былай деп жазады:
Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі.
Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады.
1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады.
Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады.
Міне, осы кезден, яғни 1784 жылы бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұтеады.
1785 жылы күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады.
Хан тағынан Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партиғакіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады.
1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады.
Есімнің орнына Айшуақ хан сайланғаннан кейін, ол Есімнің кегін алмақ болып, арнайы әскер жасақтап, Сырымға қарсы ае атша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетеді.
Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық аузында түрлі әңгімелер айтылgrgraph —>
Атырау облыстық тарихи өлкетану мұражайының ғылыми қор бөлімінде Сырым Датұлының Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Б.Телеубаевтың «Сырым батыр» атты картинасы және газет бетіне шыққан түрлі мақалалар жинағы жинақталған.
&nbsbsХХ ғғ. өлке тарихы экспозициялық залында Сырым Датұлының тұрақты экспозициясы орналасқан.
Биыл Сырым Датұлының 280 жылдығына орай мектеп оқушыларына мұражайымызда тарихи-танымдық сабақ өтті. Сабақ қазақ даласындағы патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шыққан ғұмыры ұлт-азаттық жолында күреспен өткен батыр-Сырым Датұлының өмірі мен қоғамдық қызметі туралы тарихта алатын орнын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында өткізілді.
Сондықтан да өлкеміздің болашақ тарихын сол күйінде сақтау, тарихи деректерді зерттеп, жинақтап, болашақ ұрпаққа насихаттау барысында жалықпай еңбек ету мұражай мамандарының міндеті деп білемін.
АЙГҮЛ ТҮСІПҚАЛИЕВА, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету (қазіргі заман тарихы) секторының маманы