№10 Қазан, 2022
Ұстаз мәртебесінің өсуі – ұстаздар қауымына ғана емес, еліміздің руханият саласына жасалған елеулі игілік. Шәкірт тәрбиелеу ісі тұтас ұлттың тағдырына әсер ететін бірегей еңбек. Қазақ халқы «Ұстазы мықтының – ұстамы мықты», «Шәкірті зейінді келеді, ұстазы бейілді болса», «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» сынды түбірлі мақал-мәтелдер қалдыруы тегін емес. Аузымен құс тістеп, шешендігімен, рухани байлығымен көпке танылған білімді бабаларымыздың соңында айбынды ұстаздың тұрғаны талассыз аалі орын мұғалімдікі» деп төрелік айтқан Мағжан Жұмабаевтың сөзінің астары терең болса керек.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тілегін тірілтіп, 2019 жылғы 30 желтоқсан күні «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойып, педагог мәртебесін заңмен бекіткен болатын. Заң жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева: «Бұл заң – ұстаз атаулының қоғамдағы беделін көтере отырып, елдегі дәстүрлі білім культін одан сайын жетілдіре түседі. 2021 жылдан бастап педагогтің нормативтік оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа төмендейді. Бұдан басқа мұғалімдер үшін кешенді әлеуметтік лифт қарастырылған. Бірте-бірте мұғалім мамандығы мәртебелі және берекелі мамандыққа айналады» – деген маңызды пікір айтқан болатын. «Педагог мәртебесі туралы» заңда педагогтерді қызметіне жатпайтын жұмысқа тарту, шамадан тыс есептілік, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салу арқылы олардың жүктемесін азайту өзекті мәселе. Осыған байланысты нақты санкциялар көзделген. Атап айтқанда Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыруы кезінде:
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен бүрҚазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге; тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндеттер жүктеуге; мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол берілмейді.
Қай кезеңде де ұстаздарға деген құрмет жоғары тұрған. «Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (Әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету». Көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденов «Ұстаз» атты өлеңінде:
Сен бір үлкен өзен едің мол сулы,
толқыныңның жалы жатыр Ай қағып,
Мен — жас бұлақ, үйретіп ең толқуды,
келем әлі белгісіздеу сайда ағып,–дейді. Шынында, жас бұлақтың көзін ашып, өмір жолына қанат қақатырар ұстаздар қауымы қай құрметке де лайық. Алматы қалалық Алатау ауданы 184 ЖББМ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тілекберді Құмарбек бүгінгі ұстаздардың жай-күйі жайлы: «Болашақ ұрпақты тәрбиелейтін, оларға жоғарғы білім беретін бірден-бір адам – ұстаз». Ұстазға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Педагог туралы заң қабылданғаннан кейін ұстаздар өзінің қоғамдағы рөлінің мән-маңызын айрықша сезіне бастады. Мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдауға педагогтар қауымы ризашылығын білдіріп келе жатыр. Педагог мәртебесі заң қабылдаумен қатар мұғалімдердің айлық-жалақысын едәуір көтеріп отыр. Әрине, мұның түпкі мақсаты білімді жандандыру, білім сапасына арттыру екені даусыз. Сондықтан мұғалімдеп жауапкершілік жүгін сезініп, сапалы білім беруге ұмтылып жатыр» деп ойымен бөліскен болатын.
Қорыта айтқанда, ұстаз мәртебесі – болашаққа мәртебесі, болашаққа ұмтылған айбынды шәкірттер мәртебесі. Алдағы кезеңдерде ұстаздар мерейі шарықтай берері сөзсіз.
Тортай Үсен