№10 Қазан, 2022

Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан көп уақыт өтпей-ақ ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланғаны белгілі. Әрине, бұл жетістікке қол жеткізу оңайға түскен жоқ, оған қарсы болғандар да болды. Алайда, ел басшылығының, сол сияқты парламенттің де тіл саясатын өте бір сергектікпен ұтымды жүргізе білуінің нәтижесінде қазір қазақ тілі мемлекеттік мекемелерде де, жеке және қоғамдық мекемелер мен бірлестіктереде де кеңінен жоғары деңгейде дерлік жүргізіліп келеді. Бұл ел басшылығына да оңайға түскен жоқ. Өйткені, Қазақстан демократия және зайырлы мемлекет болып халықаралық қауымдастықта да мойындалған ел болғандықтан мұнда тұратын басқа да ұлттардың тіліне, ұлттық үрдістері мен ғұрыптарына ақау түсірмей, бәрін тең дәрежеде дамыта отырып қолдануы керек екені белгташысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жақында ғана өзінің ұлағатқа толы Жолдауында қос тілді қатар қолдана білудің де маңызды екенін атап көрсетті.

Сондықтанда біздің үкіметіміз бүгінде еліміздің талай ғасырлық тарихымен тығыз байланыста өмір сүріп келе жатқан орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерін ашып, олардың өз ана тілін, өз ұлтының тарихын, салт-дәстүрін білумен қатар сол ұлттық киелілерін дамытуына да зор мүмкіндік жасап отыр. Орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде шығатын баспа өнімдері оқулықтар мен әдеби шығармалар газет-журналдар да жеткілікті.
Иә, Президентіміз айтқандай екі тілді қатар білу еліміздегі ұлтаралық татуластықтың, ұлттық бірліктің бастауы екені өмірде дәлелденген. Елімізде өмір сүріп жатқан алуан ұлттардың мемлекеттік тілді тез меңгеруіне өз басым іс-қағаздарының екі тілде жүргізілуінің көп септігі тиеді деп ойлаймын. Оны былай түсіндіруге де болады. Мысалы, осы уақытқа шейін, яғни, тәуелсіздік алғанға шейін елімізде бір ғана тіл – орыс тілі үстем тіл болып келгені баршаға аян. Халықтың басым бөлігі орыс тілін жақсы біледі. Сондықтан іс-қағаздарында, тіпті, тұрғындардың пәтеріндегі коммуналдық қызметтерге байланысты келетін түбіртектерде әуелі қазақ тілі, яғни, мемлекеттік тілде жазылған қызмет түрлерінің дәл жанында орыс тіліндегі аудармасы тұрады. Бұл да тіл үйренудің тәп-тәуір тәсілі десек еш қателеспейміз. Міне, Президентіміз Қ-Ж.Тоқаев осыны қысқа да нұсқа екі-ақ ауыз сөзбен дәлелдеп берді.
Осы орайда, яғни, мемлекеттік тілмен екінші ұлтаралық тілді қатар қолдану яғни, сөйлеу және жазу кезінде қай тілдің де өз ерекшелігін сақтап отырудың маңызы зор. Әсіресе бір тілдің екінші тілдің тікелей аудармасына айналып кетпей, өзінің шырайы мен шұрайын сақтап қолданылуына баса көңіл бөлген абзал. Бұл мәселеде әсіресе, телеарнбіі. Ол өз алдына бөлек тақырып.
Сөз соңында айтарымыз, қазір мемлекеттік тіл туралы бұған шейін айтылған, жазылған ескертулер мен түзетулер оң нәтиже беріп, ол өзінің тәуелсіз Отанынынң төл тіліне айналып келеді деп батыл айта аламыз. Бұған Ел басшылығының тіл саясатын бір сәтке де назардан тыс қалдырмауы орасан зор септігін тигізуде.

М.Сахиұлы