№9, қыркүйек, 2022
Халықтың ұлттық дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, тарихының жарқын айғағы. Мемлекетіміз білім ордаларының алдына жаңа да жарқын міндеттер қойып отыр . Өмірге қадам басқан мектептер мен балабақшалардағы қол өнер шеберлері балалардың жаңа заман талабына сай қолынан іс келетін, әсіресе, ұлттық дәстүрлі қолөнер түрлерін бүгінгі және болашаққа сай дамытуна өз үлестерін қосып отыр. Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өмірдің қайтіотырған «Білімді Қазақстан» идеясы ағарту саласында да, басқа салаларда да қолдау тауып отыр.
Біз қай қоғамда өмір сүрсек те өткеніміз бен бүгінімізді ұштастырып, қастерлеу қоғамның басты парызымыздың бірі деп білуіміз керек.
Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі білімді елдің иесі десек қателеспейміз. Сол білімді қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендетіп жатыр. Тәуелсіз мемлекетімізде ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту керек.. Бүгініміз бен келешегімізді білімді еліміздің нәрлі қайнарына айналдыру әр мектептің, әр балабақшаның міндеті, парызы. .Қазір балабақшаларда балалардың ұлттық қолөнерден, ұлттық әдебиеттен және басқа да ұлттық мәдениет салаларынан хабардар болу үшін түрлі жарыстар, бәйгелерөткізу қызу жүргізілуде. Бұл орайда біздің 178 бөбек өеткізген табыстары да баршылық. Осы жарыстарда біздің балабақшадағы қай топты алып қарасақ та өнерге құштар шебер балалардың көп екеніне көз жеткіздік. Осыған мысал ретінде 178 бөбекжай-балабақшасының тәрбиленушілерінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын ұстаздар күні мейрамы алдында жұртшылық назарына ұсынуды жөн көрдік.
178 бөбекжай-балабақшасының әдіскері
Бейсебаева Құралай Бәкібекқызы