№9, қыркүйек, 2022
Елімізде қазір жаңартылған білім жүйесі-құзіреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістшысты екені даусыз.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оның өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек»,- деп А.Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай тынымсыз еңбек етіп, шәкірттеріне терең білімнің нәрін себелеп жүрген ұлағатты ұстаздар баршылық.
Соның ішінде өзіндік «шеберлік қолтаңбасы» бар Нұрымбетова АйнапеАйна Итемгенқызы «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ –де 2004 жылдан бастап тарих пәнінен дәріс беріп келеді.
Осы уақыт аралығында мұғалім өзінің нағыз кәсіби шеберлігін аудандық, облыстық, республикалық білім сайыстарында көрсете білсе, шәкірттері республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанды.
Атап айтар болсақ, 2020 жылы Daryn online білім беру платформасындағы республикалық пәндік олимпиададан Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІ орын, «Туған жер өз батырын есте сақтайды» тақырыбындағы онлайн –презентацияға белсене қатысқаны үшін облыстық Алғыс хат, І республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында ІІ орын, «Ұлы Жеңіс» Республикалық бала мен жасөспірімдерді патриоттық өнер байқауында білімді шәкірт тәрбиелегені үшін «Үздік ұстаз» дипломы, ІІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасында І орын, облыстық пәндік олимпиадасында ІІ орын иеленсе, 2021 жылы Е.Бекмаханұлы атындағы ІІІ Республикалық қашықтық олипмиадасынан ІІ орын, облыстық пәндік олимпиадасында І орын иелнді. Осы жылы Қ.Р Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
2022 жылы пәндік олимпиада да облыстан І орын, республикадан ІІ орын алған шәкірті Балмағамбетов Исламбек мектеп абыройын асқақтатып, ұстаз еңбегінің нәтижелі жемісін көрсетті.
Жаңашыл, ұйымдастырушылық қабілетін өте жоғары, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын шебер ұстаз отбасында сүйікті жар, аяулы ана, екі перзенті де Шалқардағы Ә.Жангелдин атындағы мектебінің мақтан етер үлгілі де өнегелі түлектері.
Ұлы Бекарыс спорт саласының саңлағы болса, қызы Аружан талай білім додаларының жеңімпазы атанған болатын.
Айна Итемгенқызы кез келген ортада өзінің білікті «көшбасшылық» қасиетін көрсете білетін, ұлтжанды, көпшілікпен тез тіл табыса білетін, қиындықта тез шешім қабылдай алатын білікті маман, ұлағатты ұстаз, адамгершілігі жоғары асыл жан.
Шебер ұстаздың әр сабағы жаңа әдіс технологияларға бай, жан-жақты жаңалықтарға толы, оқушылардың жаңа қабілеттерінің ашылуына түрткі болатындай мазмұнға ие болып өтеді.
Шәкірттерінің ұстазға деген сүйіспеншілігінің өзі ерекше сезіліп тұрады. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін, ең әуелі сапалы білім қажет болса, сол білімнің дәнін сеуіп, нұрландырушы, әрине, мұғалім».
Мұғалім жан-жақты болса, шәкірттері де ұстазына қарап бой түзері анық. Айна Итемгенқызы спорт саласында да ұзақ жылдар өз шеберлігін сынға салды. Мектептің волейболшы қыздарымен бірге талай облыстық, аудандық жарыстарда жүлдегер атанды.
Мектеп өмірінің талай қоғамдық істтеріне белсене араласып, өз шығармашылығымен шеберлігін шыңдай білді.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — дегендей, ізденімпаз, шебер ұстаздың алар асуы, бағындырар жеңісі әлі алда екеніне сеніміміз мол.
Айгерім Өтемамбетова