№9, қыркүйек, 2022
5 тамыз Аңыз Атамыз Кеңестер Одағының екі мәрте Батыры атағын иеленген Талғат Бигелдиновтің туған күні! Көзі тірі болғанда бір ғасырға толатын еді. Бұл біздің қазақ халқы үшінніегенді бабаларымыз тегін айтпаса керек-ті.
…Ұлы Отан сқғысы басталған сәттен ұшқыш болуды армандаған бала Талғат жиырма жасында майданға аттанды. Соғысқа қатысқан екі жылдан аса уақытта жау шебіне 130 мәрте шабуылға шығыпты, 2 «М-109», 2 бомба тастаушы ұшақты құлатыпты. Осы бір ерлігі бағаланып, СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылдың 26 қазанындағы Жарлығымен Совет Одағының Батыры атағы берілгенін сапта тұрып естігендылсы сәт өзінің бала көңілін жасыра алмады. Небәрі 22 жасар бала Талғатқа қараған генерал «әлі бала екенсің ғой» деп арқасынан қағып, жеңіс тіледі.
Тағы бірде Львов Сандомир бағытындағы шайқаста Талғат Бигелдинов басқаратын эскадрилиясы жаудың 27 танкісін, 42 автокөлігін,, 12 артиллерия қаруын, 9 батереясын жойғаны туралы ақпар тарады. Осы ерлігі үшін соғыстың соңында бала Талғат екінші жұлдызын генерал полковник Красовскийдің қолымен кеудесіне тақты.
Міне ерлік! Бар болғаны 23 жастағы бала Талғат екі мәрте Совет Одағының Батыры атанып, қазақ халқының абыройын асқақтатты.
Шыны керек көп жылғы қызметтің арқасында атақ-даңқынан ат үркетін аңыз адам Талғат Бигелдинов атамен бірнеше жыл қасында жүргенімді, дастархандас болғанымды мақтан тұтамын.
Осындай аңыз адамның, Т.Бигелдиновтың жүз жылдық мерейтойына ел болып қолдау көрсетсек деген оймен бөліскім келді.
Болашақ ұрпақ білу үшін мұндай аңыз адамдарымызды ұмытпау мақсатында елордадағы әуежайдың атын Т.Бигелдиновтың есімімен атасақ деген ұсыныс.
Қолдайсыздар ма?
Өз тілшіміз