№9, қыркүйек, 2022
Қазақ ғылымының даму көкжиегі жылдан-жылға кеңейіп келеді. Жаңа бастамалар мен аудармалар ісі жастардың ғылымға құштарлығын арттырмаса, төмендеткен жоқ. Елімізде ғылым саласында жетістікке жетіп жүрген ғаллаі – математик Асқар Жұмаділдаев.
Әл-Фараби мен Әл-Хорезми бабамыз қазақ жерінде туғанын ескерсек, ұлылыар туған топырақтан өзге де алып ғалымдар шығуы ұрпақ сабақтастығы іспетті. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Асқар Жұмаділдаев есімі бүгінде қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де белгілі. Ғылымда ашқан жаңалықтары, мақалалары, шешкен есептері көзі қарақты оқырмандарға аян. Ғалым Германиядағы Гамбург, Мюнхен, Билефельд университеттерінің профджндағы Ньютон институтында, сондай-ақ, Италиядағы А. Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында, Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында, Канададағы Фильдс атындағы Математика институтында қызмет атқарып, лекциялар оқып, еліміздің атын шығарды. Ғалым, ҰҒА академигі Тынысбек Қалменов академик жайлы мақаласында, өмір жолы мен игі істерін баян етеді. «2012 жылы Иран Ислам Республикасының президенті М.Ахмадинижад оны халықаралық Әл-Хорезми сыйлығымен марапаттады. Асқар Жұмаділдаев үлкен ғылыми-ағартушылық қызмет те атқарып келеді. Оның теледидардан сөйлеген сөздері мен баспасөз беттеріндегі мақалалары көрермендер мен оқырмандардың қызығушылығын тудырады. «Қарыз бен парыз», «Күлтөбе», «Біз айтсақ» – оның қатысқан телебағдарламаларының бір бөлігі ғана. Өз сөздерінде ол ғылым туралы айтпай кетпейді. Оның ғылымға берілгендігі, ғылымды көпшілікке тарату тәсілдері тамсандырады. Жастар ғылымға келмейтін заман болған. Ол болса студенттерді барынша белсенді әрекеттерге тартудың, ғылым шыңына шығудың байырғы жолдарын қайта жандандырды. Кім есепті шешсе, жүз доллар алады, егер оны ешкім шешпесе, онда есеп келер жылға қалады және сыйлық тағы жүз долларға өседі. Әзірге ұтқан студенттердің рекорды үш жүз долларды құрайды» дейді Тынысбек мырза. Иә, кез-келген өнер адамының өзіне тән мінезі, қызықты қыры болады. Асқар Жұмаділдаевтың жылдам, желдірте сөйлеп, оқыс сөздер мен тіркестерді оңды-солды қолдануы жастар арасында қызығушылық тудырып келеді. Сонымен бірге ізгілікке, гуманистік идеяларға шақырған сөздері қоғам арасында әртүрлі талқыға түсуде. Мәселен академик бір сөзінде «Қазақтың өзге халықтан асып кетіп бара жатқан ештеңесі жоқ, бірақ кеміп бара жатқан да ештеңесі жоқ. Бұл ара¬дағы әңгіме бапта. Біз «қазақ көшпенді бол¬ған, ат құлағында ойнаған, батырмыз, өрміз» деп көп мақтанамыз. Бұл – жай бөспелік. Әйтпесе қазір әлемдік ат жарыстан неге қазақ баласы чемпион атанбайды?» десе, енді бірде: «Қазіргі дамыған заманда қазаққа технократ керек. Өйткені біз ертең сөз ұйқастығы, әдемілігімен алға шығып кете алмаймыз. Оны сіз мойындайсыз, мен мойындаймын. Балаңыз мойындамайды. «Ой, атамыз болтун екен», – дейді. «Айта береді»,– дейді. Болды. Біз немен мақтанамыз?! Қазір сұрасаң: «Ойбай, Шыңғысхан қазақ екен, ойбай, Адам ата қазақ екен, ойбай, Иса пайғамбар қазақ екен» дейді. Бұл нені білдіреді?! Бұл біздің ұлттың әлі дамып жетіспегендігін білдіреді» дейді.
Расында, айтылып отырған мәселелердің әрқайсының маңызы бар. Өткенімен мақтану осалдың ісі, қазақ халқы дарынды ұлдарын тудыру арқылы бүгіннің жетістіктерімен мақтанып, мәреге жетер күн алыс емес. Тек өнеге болар тұғырлы тұлғаларымыз арта берсін дейміз.
Асқар Жұмаділдаев – көптеген ғылыми кітаптардың авторы. «Төрткен» және «Төртқара» алгебрасын ойлап шығарған қазақтың тұңғыш математигі. Бұл – әлемдегі алғашқы қазақша атауы бар алгебра болып есептеледі. Академиктің еңбекке толы өмірі әлі бәсеңсіген жоқ. Болашақта тың жаңалықтар мен пайымды шәкірттерді тәрбиелеп шығарып, қазақ атын әлемге таныта береріне сеніміміз мол.
Үсен Тортай