№9, қыркүйек, 2022
Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы біз, яғни, қазақтар араб қарпінен ажырамауымыз керек, неге десеңіз біздің бүтін тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз, ұлттық салт-дәстүріміздің һәммасы араб қарпімен жазылған деген еді. Ол айдай ақиқат. Бірақ Кеңес үкіметі өз қоластындағы азиялық мұсылман халықтарын сол төл жаратушысынан мүлде айырып, жас ұрпағын бүкіл ұлттық болмысынан бейхабар мәңгүрт ету үшін әуелі араб қарпінде жазу-сызуға тыйым салып, латынға көшірді. Көп ұзамай тікелей орыстандыру саясатының ең әлеуетті құралының бірі ретінде кирилл қарпіне көшірді. Сөйтіп, халқымыз кеңестік 70 жылдық кезеңде үш түрлі жазудан өтіп, жалпақ тілмен айтқанда әр нәрсенің басын шалып, өзінің төл мәдениетінен, төл әдебиетінен, төл тарихынан бейхабар дүбараы.лған социалистік реализм әдебиеті, адамзатқа «Жарқын болашаққа жол ашқан» деп аталатын коммунистік рухтағы және бұрмаланған тарихты оқыдық.
Қазақ Елі тәуелсіздік алғаннан кейін ғана халқымыз ұрпақ санасынан мүлде өшуге айналған ұлттық болмысымызға, өткенімізге көз жүгіртіп, сөніп бара жатқан үміт отын қайта тұтандыра бастады. Гимназия, колледж, университеттерде әркім өзі қалаған тілді оқуға мүмкіндік алып, латын қарпін оқып, жазып үйренуді бастады. Соның арқасында кезінде араб әрпімен жазылған талай-талай тарихымыздың латыншаға көшірмесімен танысып, халқымыздың мол мұрағатты қайнарынан емін-еркін сусындай бастадық.
Бір ғана іркіліс бар екені рас. Ол әлі де болса кейбір ө, ү, і, ұ, ә, ң сияқты дыбыстарымыз толық таңбаланып бір қалыпқа түсе қойған жоқ. Бұл үдеріс Кеңес Одағы құласымен жедел түрде латыншаға көшкен Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан сияқты бауырлас түркітілдес елдердің де басынан өткен. Қазір біздегі бұл жағдай да өз арнасына түсіп, бір жүйеге келтіріліп қалды.
Латын жазуымен оқудың тағы бір пайдасы ағылшын, неміс, француз тілдерінде жазылған жазбаларды түсінуге зор көмегін тигізеді екен. Оны әсіресе, шет елдерге барғанда байқап та жүрміз. Осы орайда өз басым бүгінгі жас ұрпақты бастауыш мектептен бастап-ақ латын қарпімен жазуға көшірудің еш зияны жоқ деп білемін.
С.Нұрпейісқызы, Шалқар қаласы