№8 Тамыз, 2022

Осыдан біраз бұрын қоғамдық сананы жаңғыртуға бағышталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «100 жаңа оқулық» жобасы бүгінде қызу қолға алынуда. Жаынбиеті» оқулығы міне соның бір айғағы.

Халқымыздың рухани құндылықтарының бір саласы әдебиет әлемге мақтанышпен көрсете алатын мәдениетіміздің айғағы.
Сегізінші сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы төрт бөлімді қамтиды. Бірінші бөлім «Дананың сөзі – ақылдың көзі» деп аталады. Бұл бөлімде Қорқыт ата, Ахмет Иассауи, Ақтамберді, Шалкиіз жыраулардың поэзиясымен танысасыңдлақу арқылы қазақ халқының тарихынан, сөз байлығынан көп мағлұмат алатын болады деуге толық негіз бар.
Ал оқулықтың «Көркем әдебиет және эпикалық сарын» деп аталатын екінші бөлімінде Мұрат Мөңкеұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары оқытылады. Жас ұрпақ оларды оқи отырып, халқымыздың тағдырындағы күрделі кезеңдердің сырларына да қанығарына сөз жоқ.
Оқулықтың үшінші бөлімі «Махаббат және абырой» деп аталады. Бұл бөлімде М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі, Д.Исабековтың «Әпке» драмасымен және М.Мақатаевтың «аққулар ұйықтағанда» поэмасымен танысып, көркемдік қуатын сезінуге болады.
Ал «Қиял мен шындық» атты төртінші бөлімде қазақ әдебиетінде өзіндік орны ерекше қаламгер Т.Ахтановтың «Күй аңызы», Ж.Сахиевтің «айдағы жасырынбақ» «Дабыл», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімелері топтастырылған. Жоғарыда аты аталған шығармалардың қай-қайсысы да тәуелсіз еліміздің жас ұрпағы үшін өте ғибратты. Оларды оқу, түсіну, талдау, ой жинақтау, бағалаулар шәкірттердің ой-пайымдарын, өмірге көзқарасын кеңейтетін өте маңызды дүниелер. Көркем туындыларды қадірлеу арқылы сендердің тұлға ретінде дұрыс қалыптасуларың болашақ үшін маңызды. Өйткені, жаңартылған оқу бағдарламасы жас ұрпақтың ой бөлісе білуіне олардың өз көзқарастарының қалыптасуына ықпал жасайтын болады. Соның арқасында жастардың қоғамға өз үлестерін қоса алатын белсенді де білікті азамат ретінде қалыптасуларына мүмкіндік жасалады. Ең бастысы – ынта қойып оқу. Жаңа оқулық ел игілігіне айналғай дегіміз келеді.


М.Сахиұлы