№8 Тамыз, 2022
Латын әліпбиіне көшу – ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадамның бірі. Жуырда ұжымменаттын тұстарымызды саралап көрдік.
Әрине, бүгінгі ақпарат заманында ғаламтор жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Латынға көшуді қолдау аясындағы басқосуда әсіресе, қазақ тілі мен әдебиет және тарих пәнінің мұғалімдері ат салысты. Яғни, біріншіден, тіл тазалығы мәселесі.Расында, ұрпақ келешегін ойласақ, ұлттығымыздың негізгі белгісінің бірі тілімізді сақтап қаламыз десек, біртыкешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек?
Біріншіден, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді.
Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.
Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолн асты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Иә, әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіретін ескі әәлықпай алмастыра салуға мүмкіндік туды. Ертең латыншаға өткен кезде Ахмет Байтұрсынов ұстанған қағидаларды басшылыққа аламыз. Ал неге төте жазу емес, латын әліпбиі дегенге келсек, халық өз еркімен таңдауға мүмкіндігі болып тұрғанда әлемнің озық елдері игілігін көріп, көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне біздің де көшкеніміз дұрыс болар еді. Демек, ұрпақ келешегін ойласақ, ұлттығымыздың негізгі белгісінің бірі тілімізді сақтап қаламыз десек, бірден-бір дұрыс жол – латынға көшу. Бүгінгі күні біз өмір сүріп жатқан ел қуатты мемлекетке айналды. Сондықтан «латын әліпбиіне көшсек, жағдайымыз қалай болады?» деген сұрақ туындамауы тиіс. Әрине, осы мақсатқа жету үшін бағыт беру, үлкен ізденіс, мол еңбек қажет. Осының бәріне күш-жігеріміздің жететініне сеніміміз мол. Ал, осы орайда латын әліпбиіне көшудің тиімділігін дәріптеу біздің еншімізде. Қазіргі таңда сол үкілі үміт сәулесінің куәсі болып отырсақ, келешекте бұл жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш деп білемін.
А. Қойшыбайқызы