№8 Тамыз, 2022
Тәуелсіздік – алып ұғым, қастерлі есім. Әр желтоқсан айында тәуелсіздік күнін тойлап, сарғайып атып сәскеде сөнген боздақтарды еске алып, еркіндіктің құнын сезінеміз. Әлдебір сюреализм бағытындағы суретшінің картинасында тау мен оның астында сол тауды көтеріп тұрған көптеген адамның бейнесі бар-тын. Иә, көзге көріносегіміз арқылы сезіліп, жүрегіміз арқылы жаңаша көрініс алмақ.
Қазақ халқының тарихы басқа халықтарға ұқсай бермейді, бұл – терең тарих, қатпарлы тарих. Керей мен Жәнібек туын көтеріп, бір шаңырақ астына жиналған қазақ хандығы ержүректігімен, қайсарлығымен, әділеттлігімен туған отанын қорғап, менменсіген дұшпанды өз қанына тұншықтырды. Қазақ шекарасы кеңейіп, рухы жоғарылады. Сонау аласапыран кезеңдерде Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама атты қанды-қырғын қасап жылдар да басымыздан өтті. Ай астында қаңтарылған шаңырақ, жылаған бала, аштықтан қырылған қалың қазақ бейнесі – көзі қарақты, тарихи санасы қалыптасқан ұрпақтың жадында тұр.
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
ұңа жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Жұбан Молдағалиевтың толғалмалы, қасіретті, пафосқа құрылған өлеңін оқып отырып бой шымырлап, қанымыз тасиды. Өткен тарихқа кеткен есемізді көкірегі сезімді, жүрегі отты болашақ қайта түгендердей үміт оты оянып, жаңғырып қалатынымыз бар. Иә, қазақ халқы текті халық, азаттық сүйгіш халық. Жүз томға жуық бабалар сөзінің өзі неге тұрады? Мұндай бай фольклоры бар ұлт саусақпен санарлық қана. Бабалар қалаған мығым, берік іргетас арқылы жас ұрпақ тәуелсіздік таңында оянды. Еркіндіктің алтын арайын сезініп, бұла болып өсті. Сондықтан да болар жаңа ғасыр ақындары паңдана жырлайды, кеудесінде мақтаныш сәулесі жылтырайды.
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғаул Б бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің! (Қалқаман Сарин)
Иә, жаңаның қадірін білу үшін ескіге ой жүгірту ләзім. Әл Фараби бабамыз «Тарихты білмей – болашақты болжау қиын» демеп пе еді? Бабалардан аманат болып қалған тәуелсіздік шырағың бүгінде еңсесін түзеп, дамыған мемлекеттермен қатар аталып жүр. Сарыарқаның кіндігінде қоныстанған ақжайнақ елордамыздың бейнесі алыстан көздің жауын алып, мақтаныш сезімін ұялатады. Елорда – асу-асу тарихтың, айбынды ғасырлардың қасиетті нүктесі іспетті. Иә, таріндық. Қазақ халқы аңғал, албырт ниетімен, досқа адал, дұшпанға қатал батыр болмысымен бүгінгі арайлы таңға жетті. Аппақ таңның көз қарықтыратын әсемдігін көргісі келген жан бас қала, бағаналы ордамызға назар салсын. Елорда аз жыл ішінде зәулім сарайлар мен биік тұғырларға толы шаһарға айналды. Еуразияның төрі мен Сарыарқаның жүрегі Алаш баласының бас қосатын ақбоз шатырына ұласты. Төрткүл дүниенің көзі бізге тіктеліп, қадау-қадау тұлға қазақ ордасында бас қосты, лебізін білдірді. Ұлы далада Сығанақ, Сауран, Сарайшық, Отырар, Түркістан, Тараз, Орынбор, Ақмешіт, Алматы сынды алып халыққа астана болған қалалардың күмбезі тік шаншылғаны белгілі. Алайда тәуелсіздік таңында жарық шашқан бас қаламыздың орны бөлек.
Тәуелсіздік – қаншама халықтардың қолы жете алмаған бағаналы арманы. Қазақ елі сол арманға жетіп, әлемде тоғызыншы орын алатын жазира жерді иеленуі – аңғарған адамға бақыт пен мақтаныш. Ендеше, мұраға қалған байтақ жеріміздің қадірін сезініп, тәуелсіздік атын асқақтату біздің азаматтық міндетіміз.
Тортай Үсен