№8 Тамыз, 2022

Каспий теңізінің жағалауына ықылым заманнан талай-талай тайпалар қоныстанған. Қазіргі заманда кәрі Каспийге иелік етіп отырған ірі мемлекеттер Иран, Әзірбайжан, Рүрсынау құтты өлкені мекендейді.

Біздің заманымызға дейін Каспий теңізі өңіріндегі халықтар Иран мәдениетіндегі, яғни парсы тілінде сөйлесетін халықтар болған. Кейінірек эрамыздың І ғасырында бұл өңірге түркі тілдес тайпалар жетті…
Гректің әйгілі тарихшысы Геродот (біздің эрамызға дейінгі Ү ғасыр) еңбектеріне қарағанда Каспий теңізінің Батыс жағында сармат тайпалары, шығыс жағында Арін өмір сүрді, ал Аралдың оңтүстік шығысында сақтар мекен еткен. Сол Геродоттың мәліметтеріне қарағанда Парсы патшасы Кир – массагеттердің патшайымы Томириске қарсы жорық кезінде қаза болған. Кейінірек І ғасырда римдіктер бұл өңірді Скифияның бір бөлігі деп атады…

Қазақ халқы үшін аса маңызды тарих бұл өңірге хун тайпалары, яғни түркі тілдес жауынгер халықтардың келгенінен басталады. Орталық Азиядағы аса ірі мемлекет Хун империясын қытайлар құлатқан соң оның халқы төртке бөлініп кеткен еді. Бір бөлігі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияда қалса, бір бөлігі Каспий жағалауына келіп сол аймақты мекендеп қалды.
Алғаш рет Каспий жағалапуындағы хундар туралы жазған ІІ ғасырдың І-ші жартысында өмір сүрген Рим тарихшысы Дионисий Перигет болатын. Ол әйгілі Рим императоры Адрианның (117-138) замандасы. Сол Дионисий кітабының Каспий теңізі туралы жазған орысша аудармасына зер салсақ, мынандай мәліметтерді оқи алалыда да кемемен жүзіп шыға алмайсың. Ол солтүстігінде Мұхиттың ағысына барып қосылады». Бұл жерде ол суы мол өзен Еділдің Каспийге құятынын айтып отыр. Ол сонымен бірге «Каспийдің солтүстік-батысынунр, сосын таулы өлкелерде жаугер албандар мен кадусилер, оларға тақау мардтар, иркандар және тапирлер жайлайды деп жазады. Ал, сол кездегі, яғни ІІ ғасырдың І-ші жартысында мекендейтін халықтардың ішінде Ундар, яғни бабаларымыз хундардың болғаны біздің тарихымыздың ең бір жарқын беттері.
Сол Дионисий Перигеттен аз ғана бұрынырақ жасаған, яғни І ғасырда өмір сүрген гректің атақты географы Страбон хундар туралы ештеңе айтпаған еді. Алайда, ол бұл аймақтың халықтарынан гөрі Каспий теңізіне көп көңіл бөлген сияқты. Страбонның Каспий төңірегін мекендейтін халықтар туралы жазғандарына көңіл бөлсек, біздің тарихымызға қажетті материалдар жетерлік. Оның:
«…Наши современники называют Даями кочевников, живущих на побережье Каспийского моря по левую руку для вплывающего в него и называемых также Парнами» -деп жазғанына қарағанда Каспийдің шығыс жағын мекендеген Дайлар мен Батыс жағын мекендеген Албандар біздің халқымыздың этникалық құрамына қатысы бар екенін көруге болады. Тіпті, тікелей қатысы болмаған күнде де әлгі атаулардың этимологиялық қатысы бар екені сөзсіз…
Сондай-ақ Страбон мәліметтеріндегі Витии (Утий) атты халық туралы белгілі тарихшы К.В. Тревер оны жергілікті албан халқының бір руы ғана деп дәлелдеген болатын…
Орта ғасырларда Каспий теңізі әртүрлі аталды. Ол рим тілінде Понт, иран, араб, түркі тілдерінде Иркан, Гуз, Хазар – деп аталғаны рас… Алайда, соңғы ғасырларда Еуропада «Каспий» деп оның грекше аты аталған соң, осы атауы халықаралық болып, яғни Каспий теңізі болып аталып қалды… Ал, Каспий деген сол кездегі бір халықтың аты. Әрине оларды Каспий – деп гректер атаған. Қазір оның қандай халық екені белгісіз. Осынау Каспий атты көшпелі халық біздің эрамызға дейінгі І ғасырда мидиялықтар мен албандар құрамына кіріп кеткен болуы керек.
Алғаш рет Каспий өңіріндегі біздің бабамыз хундар туралы Дионисий жазғандықтан, енді олар мекендеген жерді анықтау үшін соған оралайық…
Дионисий Каспий маңындағы тайпаларды тізіп, жіктеп жазғанда Солтүстік батысынан бастап, Батыс жағалауымен жүріп отырып Оңтүстікке бет алады. Каспий атты тайпалар хундар мен албандардың ортасында орналасқан екен. Осы Каспий тайпалары туралы Страбон былай деп жазыпты:
«В состав Албанской земли входит также Каспиана названная по имени каспийского народа, от которого получило название и море…». Одан ары қарай Страбон: «По словам Эратосфена (б.э.д. 276-194 жылдары өмір сүрген грек ғалымы) туземцы называют Кавказ Каспием, быть может, переимменованный так по имени каспиев…» -деп жазған еді. Сол сияқты Каспий атауы туралы І ғасырда өмір сүрген Плиний Секунд (23-79 ж.), Помпоний (І ғасыр) және басқалар жазып қалдырды.

Бізді қызықтыратын нәрсе осынау жер ұйығы Каспий теңізі өңірін мекендеген хундар туралы деректер. Жоғарыда айтылған авторлардың еңбектерін мұқият сараптаған Петербург ғалымы, археолог И.П.Засецкая ІІ ғасырда хундар мекендеген жерлерді Каспий теңізінің Шығысы емес, Солтүстік батысы деп көрсетеді. Оның дәлелдеуінше Каспийдің Шығысында Волга мен Каспий, Солтүстігі Донға шейін хундардың мекені болған.
Ал белгілі Кеңес ғалымы, Петербург археологы М.И.Артамонов хундардың екінші ғасырдағы мекені Каспийдің шығыс жағы мен Арал теңізіне дейінгі алқап, яғни қазіргі Маңғыстау аймағы дейді.
Қалай болғанда да хундар империясы Шығыста ыдыраған соң оның бір бөлігі Қазақстанның Оңтүстігінде қалған болса және бір бөлігі Арал мен Каспий аралығын біраз уақыт мекендеп Еділ-Жайық арқылы Еуропаға өткені белгілі.
Кәрі Каспий жағалауында ықылым заманнан бері сарматтар, албандар, хундар, акацирлер, хазарлар, оғыздар, селжүктер мемлекеттері өмір сүрді. ХҮІ ғасырдың орта шеніне дейін бұл маңайда орыс деген болған емес. Олар Каспий жағалауына кейін кееле бастады.
Бұл күнде Каспий теңізінің Солтүстік шығыс жағалаулары Қазақстан мемлекетінің меншігінде. Осынау қасиетті мекен Еділ-Жайық пен Маңғыстау аймағы, ежелгі атамекен қазақ еліне аса қымбатқа түскен еді. Осы бір киелі аймақты Ресей басқыншылығынан қорғаған көп жыл соғыста қаншама қазақтың қаны төгіліп, қаншама мыңдаған қазақ қаза болды десеңізші.
1580 жылы Ресейдің «Яицкий (Уральский) казачьи войскасы құрылуы Еділ-Жайық үшін болған, 150 жылға созылған қазақтар мен Ресей арасында қанды соғыстың басы болды. Казачьи воиска баскесерлері 1582 жылы Жайықтың жағалауындағы ескі Сарайшық қаласын талқандап, қаланың бала-шағасына шейін аямай қырды. Осы бір уақиғаны адамзат тарихындағы жауыздық пен зұлымдықтың неше түрін көрген қазақ ұлты ешқашан ұмытпайды. 150 жылға созылған қазақ пен орыс арасындағы қанды қырғын сол күннен басталған еді.
ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап-ақ Еділ-Жайық үшін болған шайқастарды Әбілхайыр сұлтан (1685-1748) басқарды. Сол үшін оны қазақ мемлекеті билер кеңесі 1709 жылдың күзінде Кіші жүз ханы етіп сайлады. Бұрын мұндай басқару қазақ хандығында болған жоқ еді. Еділ-жайықты Ресей сияқты мықты жаудан қорғау үшін Әбілхайыр хан аса қажет болды. Оның басқаруына Орта жүз жерінің Торғай өлкесі де кірді. Ресей Еділ-Жайықты түгелдей алу үшін көп күш шығарды. Қалмақтарды қазаққа қарсы айдап салып «тісіне дейін» қаруландырып, қазақ елін қырып жоюға жұмсады. Ақыры 1730 жылға дейінгі көп жылғы соғыстан соң қазақ елі Еділ-Жайықтан айырылды. Сонда Әбілхайыр хан өз халқына осынау қасиетті жер Еділ-Жайықты қайтару үшін Ресейдің барлық шартына көнуге мәжбүр болды… «Еділ-Жайықтан айырылған қазақ ел бола алмайды» — деген сөз қалды Әбілхайырдың артында. Қазақ билері мен рубасыларының, батырлардың қарсы болғанына қарамай Әбілхайыр 1738 жылы тамыз айында Ресейге бодан болуға ант берді. Сол ант беруге Кіші жүзден 27 адам және Жәнібек бастаған Орта жүзден 27 адам оның 17-сі арғын, 7-еуі найман, 5-еуі қыпшақ барлығы 54 адам ант берген еді. Солардың ішінде бірде бір батыр, әлде рубасы, би, яғни беделді бір жан болмаған еді. Міне Кіші жүз осы 1738 жылдан бастап ресми Ресей құрамына кірді деп жазылып келеді. Ал іс жүзінде басқаша еді.

Екі жылдан кейін, 1740 жылы тамыз айында Орта жүз ханы мен Абылай батыр көп адаммен келіп Ресей патшасына ант берді. Алайда, Ресей патшасы уәдесінде тұрмады, яғни қазаққа Еділ-Жайықты қайтып бермеді, керісінше «Жайыққа бірде-бір қазақ жақындамайтын болсын» деп Жарлық шығарды. Енді Жайық бойындағы көк шалғынға қазақ түгілі оның малы да жақындамайтын болды. 1742 жылдың басында Орынборға келген жаңа губернатор Неплюев келе салысымен Әбілхайыр ханды өлтіру мәселесімен айналысты. Ол үшін қазақ елінен сенімді итаршы тапты. Ол Барақ сұлтан еді. Неплюев 1742 жылдың жазында Барақ пен Күшік сұлтандардың Ресейге бодан болуға ант бқи той-думан қып атап өткізді. Оларға көрсетілген құрмет Әбілхайыр мен Абылайға және Орта жүз ханына көрсетілген құрметтен әлдеқайда асып түсті. Себебі, сол кезде Оңтүстік Қазақстанда найман руының бір бөлігін билеп жүрген Барақ сұлтан Ресейге бодан болу үшін одан жеті жыл бұрын яғни, 1735 жылы өтініш жазған еді. Ресейдің арқасында қазақтың бір жүзіне хан болуды көптен көксеп жүрген Барақ есебін тауып 1748 жылы аз ғана адаммен сапардан келе жатқан Әбілхайырды өлтірді. Қазақ елінің игі жақсылары Бараққа өлім жазасын кескен болатын. Әбілхайыр ханның балалары Барақ пен Күшік сұлтанды және соларға көмектескен Сырымбет батырды түгелдей бала-шағасымен қырып жіберді… Бірақ Ресей Бараққа ешқандай көмек берген жоқ.
Ал Әбілхайырдың Еділ-Жайықты қазаққа қайтарсам деген арманы 1801 жылы, яғни, өзі өлген соң 53 жылдан кейін орындалды. Яғни, Ішкі Орда құрылды. Ресей бұған амалсыздан көнді. Өйткені, Әбілхайыр хан өлгенге шейін Ресеймен соғысқан Кіші жүз рулары одан кейін де соғысты тоқтатпады. Сондай соғыстардың бірі, яғни Сырым Датов бастаған қырғын соғыстан соң 1798 жылы қазақты жуасытып ұстау үшін біраз руларын Жайықтың арғы жағына көшіру, яғни атамекенге қайтаруға Ресей патшасы амалсыз көнді. Ресей Жайықтың бойына орыс гарнизондарын толтырып қазақты қысып ұстауды күшейтті. Сөйтіп, Еділ-Жайық секілді атамекенге ел қайта қоныстанғанда сол жерде Бөкей ордасы (хандығы) құрылды. Бұл кіші жүз хандығы ішіндегі хандық еді. Атмекенге қоныстанып елдің көңілі ұшан-теңіз болып жатқан сол кездері 1804 жылы Махамбет Өтемісұлы, сосын екі жылдан соң (1806) ұлы күйші Құрманғазы дүниеге келді. Бұл кезде де Жайықтың бергі бетіндегі көтеріліс, яғни Сырым көтерілісінің жалғасы жүріп жатты. Оны Әбілхайыр ханның немерелерінің бірі Қаратай сұлтан жалғастырды. Біздің бүгінгі тарихшылар да баяғы Кеңес тарихшыларына ұқсап бұл көтерілістердің бірде-бірін айтпайды. Өйткені, қазақ пен орыс өмір бойы тату-тәтті болып келген деген саясаттың өтірігін айтуға қорқады. Ақиқатында қазақ Ресей басқыншылығына қарсы, яғни тәуелсіздік үшін күресті бір жыл да тоқтатқан емес. Бұл туралы алашорда азаматтарының ең бір білікті тарихшысы Халел Досмұхамедов: «Кіші жүз қазақтарының 150 жылдық тарихы қанмен жазылды. Ол қанды төккен орыстар еді» деп жазған. Жалпы, кіші жүз жерінде Ресейге қарсы көтеріліс болмаған, яғни қантөгіс болмаған бірде-бір жыл болған жоқ. Ресей құрамына 1830-шы жылдары ғана тек сөз жүзінде ғана кірген Маңғыстау аймағын іс жүзінде билеу Ресейге оңай болмады. Маңғыстау елі Ресей Хиуа мен Түркмендерді алған соң ғана бағынды. Алайда, одан кейін де толып жатқан көтерілістер болды. Жалпы Кіші жүз жерінде Ресейге қарсы көтерілістер тек 1890-шы жылдардың ақырында ғана толастады. Бұл жағдай тек қазақ интелигенциясының қыруар еңбегіне байланысты,
Міне, осынау қырғын соғыстардың нәтижесінде қазақ елі атамекені Еділ-Жайықтың біраз бөлігін сақтап қалған еді. Сол ғасырлар бойғы күрестің нәтижесінде Еділ-Жайық өлкесінің осы бөлігі бұл күнде Тәуелсіз Қазақстан құрамында…
Осы Еділ-Жайық үшін Ресей мен қазақ арасындағы қырғын соғыстарда қалмақтар текке қырылы. Өйткені, олар Ресейдің айдап салуына алданды.
Бірінші Петрдің шен-шекпенін киген Аюке хан (1725 ж. өлді) өз халқын Ресей қаруымен қаруландырып, қазақ еліне шабуыл жасады, яғни өз халқын ашық өлімге айдап салды… Ақыры Аюкені кіші жүз жігіттері өлтірді. Ақыры қалмақ халқы түгелдей қырылып кетуден әрең аман қалды. Оларды әуелі қаншама рет Әбілхайыр қырған болса, соңынан Абылай қырды. Қазақ елі өз жері үшін қан төкті, ал қалмақтар Ресейге итаршы болып текке қырылды.
Міне, Каспий жағалауындағы қазақ жерлерінің ащы шындығы осылай…

Осы айтылғандардың бәрі ел мен жердің байлығы әрқашан өз халқына бақыт әкеле бермейтінін дәлелдейді. Біз Қазақстанның байлығын айтып жиі мақтанамыз. Ал Қазақстанның байлығы Латын Америкасы елдерінің байлығымен салыстырса, аспан мен жердей айырмашылық бар. Олардағы мұнай мен басқа байлықтардың қоры Қазақстаннан әлдеқайда көп. Оның үстіне Латын Америкасы климатымен салыстырсақ, біздікі «Ит байласа тұрғысыз» дерлік. Латын Америкасы елдерінде қыс деген болмайды, әрқашан құлпырған көктем мен жайнаған жаз. Міне, осындай байлық пен ауа райының қолайлығына қарамастан жергілікті халқының «аузы әлі аққа тиген жоқ…». Яғни, кедейліктен әлі шыға алған жоқ. Оған себеп – мұнай мен басқа қазба байлықтарының бәрі кезінде сатылып, шетелдік компаниялардың олжасына айналған. Ендеше, Қазақстанның жағдайы да солай емес дей аласыз ба? Ал Каспий өңірінде экономикалық дағдарыспен қоса экологиялық дағдарыс тағы бар. Бес мемлекеттің олжасы болып тұрған кәрі Каспийдің байлығы бүгінде стихиялы түрде жабайылықпен, ашкөздікпен, тойымсыздықпен тоналып жатыр.
Осынау Еуразияның інжу-маржаны кәрі Каспийдің жануарлар дүниесінің байлығығының да әлемде теңдесі жоқ. Бір кезде сол Каспий мен Жайықтың бекіресі мен қара уылдырығы қазақ еліне сонша қасірет алып келген еді, яғни сол байлық үшін Ресей қазақ даласына ұдайы шабуыл ұйымдастырып, ақыры өз иелігіне айналдырды. Енді мұнай…
Әрине бұл өңірде бұрынғыдай саяси күрес, саяси дағдарыс қазір жоқ. Оның есесіне экономикалық дағдарыс пен экологиялық дағдарыс бар. Қысқасын айтқанда, ғалымдар жақын арада кәрі Каспийдің жануарлар дүниесі түгелдей құриды деп отыр. Тек соңғы жылдары, яғни теңіз түбінен мұнай шығарыла бастағанда Ақтау қаласын көріктендіріп жүрген сұлулықтың төресі аққулар үйірімен қырылды. Итбалық және басқаларының қырылып жатқаны ешкімге құпия емес. Теңіз жануарларымен бірге әлемде теңдесі жоқ бекіре тұқымдас балықтар да бұл дүниемен жүздеп, мыңдап қоштасуда.
Атырау аймағының ауданы 112 мың шаршы километр, Маңғыстаудікі 166,6 мың, Орал аймағының ауданы 151,2 мың. Ал Ақтөбе аймағының ауданы 299 мың шаршы километр екен. Осы төрт облыстың халқының жағдайының нашарлығы бірінен бірі өтеді. Бұл аймақты неше түрлі індет пен радиация жайлаған. Маңғыстаудың те ғ жағдайы да басқа облыстармен салыстырғанда әлдеқайда ауыр. Біріншіден, бұл жерде Арал экологиясы болса, екіншіден Ақтаудағы, яғни Каспий жағасындағы Уран руднигі мен Маңғыстау атом-энерго комбинаты (МАЭК) зардаптары адам ақылына ешқашан симайды.
Әсіресе Ақтау қаласына жақын жердегі бұрын уран алынған алып шұңқыр тереңдігі бірнеше жүз метр, диаметрі 10 км-ден астам. Ол Маңғыстау еліне радиацияның неше түрін теңізден соққан жел арқылы беріп жатыр. Мысалы, Қошқар ата Ақтаудан 6 км жерде, ондағы радиация кейде 450 микро-рентген -сағатқа дейін жетеді. Адам организміне 14-16 микро-рен) сағаттан артық болмайтынын ескерсек, қазіргі Маңғыстау жері нағыз дозақтың өзі дерлік.
Осынау уран алынған алып шұқырды біздің өкімет көмуге қаражат бөлмей отырғаны бір басқа, керісінше сол жерге басқа жақтан уран қалдықтарын әкеліп төкпекші. Бұл жығылғанға жұдырық, жыласаң тағы сабаймынның кері емес пе? Каспий мен Арал өңірінде індет пен кісі өлімі өте көп. Үйірімен қырылып жататаын теңіз құстары мен аңдарына қарағанда адамдар білінбей біртіндеп өледі. Сондықтан көзге түспейтін сияқты көрінеді. Шынында олай емес. Бүгінгі ұрпағымыздың жағдайы мүшкіл… Келешек ұрпақ қалай болмақ?
Бұл мәселе туралы аз дабыл қағылып жатқан жоқ, республика баспасөзінде талай мақала жарық көрді. Ал оған шара қолданылып жатыр ма? Қазіргі айқай мен ұран негізінен мұнайды көп өндіру керектігі туралы ғана болып тұр.
Каспий мен Аралды салыстырсақ, Аралдың зардабын алдымен қазақ халқы көруде.
Жалпы айтсақ, тарихта Арал теңізіне талай мемлекеттер иелік еткені рас. Мысалы, Оғыз, қыпшақ, Қазақ, Хиуа, Ресей мемлекеттері әркезде иелік етсе де соңғы 4-5 ғасырда Арал теңізі айналасында тек қазақ рулары ғана мекендеді. (қараңыз: Т.Сұлтанов. Приаральские племена. Ленинград, 1981).
Арал теңізі өңірі әуелі түгелдей Қазақ ССР құрамында болып, 1936 жылдан соң Оңтүстік жағы Қарақалпақ АССР-іне берілген себепті Өзбекстан құрамына енді. Алайда, Арал айналасындағы халықтың құрамы өзгерген жоқ, яғни қазақтар сол күйі қала берді. Тіпті, Қарақалпақстан Автоном Республикасы Мойнақ қаласын құрғанда және сонда үлкен Балық комбинатын ашқанда да халық құрамы бірыңғай қазақтар болып қалды. Сондықтан Кеңес өкіметі кезінде Арал айналасында бактериологиялық және ядролық сынақ басталғанда Қазақстан өкіметі жағынан оған араша түсетін ешкім болмады. Егер сол Аралға жақын жерде өзбектер тұратын елді мекен болса, сол кезде Рашидов бастаған Өзбекстан басшылары Жаслық станциясы жанында жерасты ядролық сынағын жасатпаған болар еді. Себебі, станция Жаслық, станция Каракалпакия сияқты кейінірек темір жол арқылы салынған қалаларда да өңшең қазақтар тұратын еді. Ал қазақ байғұсқа ол заманда өз басшылары тарапынан мұндай жанашырлық болған емес.
Сонымен өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап Арал өңірінің Қазақстан жағында және Қарақалпақстан жағындағы Жаслық станциясына жақын жерде ядролық сынақтар басталды. Әр сынақ болған сайын жер қабаты жарылып, Аралдың суы жер астына кете бастады. Қысқасы, Аралдың кішірейуіне себеп оған Аму мен Сырдарияның аз су бергені ғана емес, әрбір ядролық сынақтардың әсерінен Арал суы алыстап кетті. Яғни, әрбір сынақтан соң Арал суы жағалаудан ондаған километрге кетіп отырған. Міне Арал апаты, Арал катастрофасы осылай басталған болатын. Қысқасы, егер Арал айналасында қазақ емес орыстар тұрған болса, Мәскеу өкіметі осынау жер шарындағы інжу-маржан Арал теңізін құрдымға жіберуге қимас еді.
Міне, осы Арал экологиясы тек Қызылорда емес, Маңғыстау мен Ақтөбенің оңтүстік жағына да көп залал келтірді. Ал Каспийді күтіп тұрған апат басқа. Бұл жердің табиғатын әлі де осылай тонай берсек, жануарлар дүниесі түгелдей құрдымға кетеді.
Демек, жеріміздің байлығы халқымызға бақыт емес неше түрлі тауқымет әкелетініне ешкім дау айта қоймас. Осынау өлке үшін бабаларымыз ғасырлар бойы қан төгіп, кеудесін оққа төсеп қорғап, батырлық пен ерліктің неше түрін көрсеткен еді. Бұл күндері сол жерлердің байлығы дүние жүзін қызықтырып отырса да қазақ деп аталатын жергілікті халық кедейлік пен мүсәпірліктен және неше түрлі экологиялық, радиациялық опаттар мен апаттардан зардап шегіп отыр. Ең жаманы бұрын қазақ халқы отарлық жағдайда азап көрсе, қазір тәуелсіздік жағдайында осынша тауқымет көруіне жол болсын…
Қорыта айтқанда, бүгінгі ұрпағымыздың халі осындай, ал келер ұрпағымыз не болмақ? Жер мен судың жағдайы осындай болса, қазақтың жағдайы жан ауыртарлық болса, ұшан теңіз, ерен байлық мұнайдан не пайда!?

С.ӨТЕНИЯЗОВ, тарих ғылымының кандидаты, Мадрид университетінің профессоры